Атырау облысы Құрманғазы ауданы Сафон ауылы Ф.Энгельс мектебі Бастауыш сынып мұғалімі Муханбетова Алтынай
Сабақтың тақырыбы: Сөйлем туралы берілген ұғымды еске түсіру
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Сөйлем туралы ұғымды еске түсіру,түсініктерін нығайту. Сөйлемнің сөзден құралатыны, тиянақты ойды білдіретіні, сөйлемнің алғашқы сөзінің бас әріппен жазылатыны, сөйлем соңына тыныс белгі қойылатынын меңгерту.
Дамытушылық: Сөздік қорларын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдыларын жетілдіру, сөйлемді тиісті дауыс ырғағымен оқуға үйрету.
Тәрбиелік: Әдемі, көркем, сауатты жазуға, өз ана тілін қастерлеуге, өз елін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, ой қозғау, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: Кесте, мультимедиа, тірек сызбалар.
Сабақтың түрі:Саяхат сабақ
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық.
Қайырлы таң достым,
Қайырлы күн болсын!
Күніміздің бәрі,
Сәттілікке толсын!
Біздің алар бағамыз
Кілең «бестік» болсын!
Кіріспе сөз: Мұғалім:Қазір қай сабақ, балалар? Балалар:Қазақ тілі.
Мұғалім: Қазақ тілі қандай тіл?
Балалар: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі – қазақ тілі.
Мұғалім: Қазақ тілім-өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім,
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым, дара тілім!- деп жырлаған ақындар тілі.
Өз ана тіліміздің қадір-қасиетін, Отанымызды сүюге үйрететін сүйікті пәніміз қазақ тілі сабағын бастаймыз.
Балалар, бүгін ерекше сабақ.
Ерте заманда «Қазақ тілі» елінде әріптер барлығы бірге өмір сүріпті. Олардың түстері де бірдей болыпты, тату-тәтті өмір сүріпті. Бір күні дауыл соғып, оларды ұшырып жіберіпті.
а, ә, е, ё, и, о, ө, ү, ұ, ы, і, ғ, ю, я – күнге күйіп қып-қызыл болыпты.
б, в, г, ғ, д, ж, з – ағашқа қонып, ұяң болыпты.
қ, к, п, с, т, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ – ағаш діңіне қонып қатаң
л, м, н, ң, р, й, (у) – бұлтқа қонып үнді болыпты. Олар қайғырыпты. Не істейміз? – деп кеңеседі. Ең жоғарыда тұрған дауысты дыбыс бәрін көріпті, ортақ шешімге келеді.
Бұларды біз біріктірейік! – деп келіседі. Содан кейін олар дыбыс, әріптерденбуын,сөз құрайды.
Ал, сөзден кейін не құрайды?
II.Жұмбақ шешу
Өзім сөзден тұрамын,
Аяқталған ойды құрамын.(сөйлем)
III.Жаңа сабақ
Олай болса, бүгінгі жаңа сабақ тақырыбы «Сөйлем» деп аталады.
— Балалар, бүгін сол «Қазақ тілі» еліндегі Сөйлем ата ауылында бір үлкен той болады. Жан — жақтан қонақтар жиналады. Біз де сендермен Сөйлем ата ауылына қонаққа барайық. Сөйлем атаның үйіне жеткенше,»Сөйлем»деген не, еске алайық.
Ойын «Аспаннан сөздер жауғанда»
Сөздерден сөйлем құрастыру
Қане, кім сөйлем ережесің айтып береді?
Сөйлем туралы ережені оқушылардың өздеріне шығарту
Сөйлем ережесі
— Дұрыс. Міне, сөйлесе келе жатып, Сөйлем атаның киіз үйіне жеттік. Сөйлем ата сендерге мынандай тапсырма дайындап қойыпты.
IY.Ауызша жаттығу
1-тапсырма
164-жаттығу
Сөздерді салыстырып оқы.
Қайсысы сөйлем?Неліктен?
Шекара,шекарашы,ел,қорғайды , Шекарашылар күзетте тұрады.
олар,тұрады Олареліміздің шекарасын қорғайды.
Ү. Ойын:»Адасқан сөйлемдер»
2-тапсырма
Сөйлем атаның 3 баласы бар екен. Қане, түрлеріне қарап, аттарын атайық. (Сұраулы, Лепті, Хабарлы)
— Сұраулы сөйлем деген қандай сөйлем?
— Хабарлы сөйлем деген қандай сөйлем?
— Лепті сөйлемнің ережесін айтыңдар?
Ал, енді мен сендерге осы үш ағайындының тапсырмаларын таратамын. Әр қайсыңа бір сөйлем беріледі. Бұл сөйлемдердің соңына тиісті тыныс белгісін
қойып,үйлеріне орналастыру керек
YI.Тақтамен жұмыс
3-тапсырма
Қазақ халқының дәстүрі бойынша той болғанда, әр түрлі ойындар өткізіледі. Сол ұлттық ойындарының бір түрі — ат жарыс.
Ат жарыс ойын бірнеше түрде болады. Ол қандай екен, қане, айтайық (бәйге, көкпар, қыз қуу) тақпақ айту.
— Дұрыс, біз де енді сол ойындарға қатысайық.
Бірінші -«Асық ату» ойыны.
165-жаттығу
Жақшадағы сөздерді сөйлемнің мазмұнына қарай өзгертіп жаз.
Ажар (кітапхана) барды.(Кітапхана) адам көп. Ол (кітапхана)кітап алды.
YII.Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз дем алып алайық.
YIII. Ойын»Жылдам құрастыр»
4-тапсырма
Келесі ойын «Көкпар» ойыны
Бұл ойынға қатысу үшін берілген сөздерден сөйлем құрап жазу керек.
166-жаттығу
Сырғанақ,бірнеше,бала,теуіп жүр.
Ақан,сырғанады,шанамен.
Ол,айырылып,қалды,шанадан,абайсызда.
Төмен,шана,қарай,сырғанай,жөнелді.
IХ.Шығармашылық ой
Аламан бәйге
Суретпен жұмыс
5-тапсырма
Ал, енді бәріміз бәйгеге қатысайық. Кімнің аты жүйрік екенін анықтайық.
Еркін жазу стратегиясы
Сурет бойынша әңгіме құрап жазу.
Х.Ауызша жаттығу
6-тапсырма
Ойын ойнап, шаршадық.
Сөйлем атаның тағы бір тапсырмасын орындайық.
(167-жаттығу)
Сөйлемнің соңына қойылған тыныс белгісіне сай ырғақпен оқы.Бұл сөйлемдердің айтылу мақсаты әр түрліекенін дәлелде.
ХI.»Кім жылдам?»
7-тапсырма
Ал, тойда болдық, ойынға қатыстық, қымыз іштік. Сөйлем атаға алғыс айтайық. Сөйлем атаның батасымен бірге, тағы бір тапсырма айтар жолға алдық. (хабарлы сөйлемдерді сұраулы және лепті сөйлемдерге айналдыр)
Ауа райы жақсы екен.
ХII. Үйге тапсырма: 168-жаттығу
ХIII. Бағалау
ХIҮ.Сабақты қорыту.
Сонымен, балалар, сөйлем дегеніміз не?
«Бір айналым сөйлесу» стратегиясы
Аяқталған ойды білдіреді;
Сөзден құралады;
Сөздер бөлек жазылады;
Бірінші сөз бас әріппен жазылады;
Соңына тыныс белгі қойылады
Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен байладанысты
Оқитын әрі жазатын,
Білімге қол созатын
Азамат бол, қарағым,
Білімнің кілтін ашатын – дегендей бүгінгі сабаққа бәріміз жақсы қатыстық.