Басы » Tәрбие сағаттары » Қайқаус. Ата-ананы құрметтеу туралы.

Қайқаус. Ата-ананы құрметтеу туралы.

Атырау облысы                                                                                                                                Құрманғазы ауданы                                                                                                                                       Сафон ауылы                                                                                                                                       Ф.Энгельс мектебі                                                                                                                               Бастауыш сынып мұғалімі Муханбетова Алтынай

Сабақтың тақырыбы: Қайқаус. Ата-ананы құрметтеу туралы.

Мақсаты:   Білімділігі: Әңгімені түсініп,сауатты оқуға машықтандыру.Шығармадағы негізгі ойды таба білуге,мазмұнына сын тұрғысынан қарай білуге дағдырландыру.                                                                             Дамытушылығы:Оқушылардың ой-өрісін,тілін дамыту.Өз ойын тез,әрі жүйелі жеткізуге дағдырландыру,пәнге қызығушылығын арттыру.  Тәрбиелігі:Ата-анаға деген сүйіспеншілік сезімін ояту,ата-ананың еңбегін ардақтап,құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  Саяхат

Сабақтың типі:Жаңа білімді игерту                                                                    Әдістері:сұрақ-жауап,іздендіру,өзіндік жұмыс,талдау-жинақтау,пікірлесу,ой толғаныс ,ізденушілік

Пәнаралық байланыс: музыка,өзін-өзі тану

Көрнекілігі:   нақыл сөздер, қима қағаздар,сабақ мазмұнына сай дайындалған слайдтар

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңбері

Амансың ба ,Алтын күн!

Амансыңба,Көк аспан!

Амансың ба ,Достарым!

Сендерді көріп қуанам!

«Бірлік түбі-тірлік»

Ереже

1.Тыныштық сақтау

2.Бір-бірін тыңдау

3.Ойын ашық айту

4.Бірлесіп жұмыс жасау

II.»Ата ауылы»

«Ексең егін-ішерсің тегін»

Үй тапсырмасын сұрау

  1. «Ұшқан ұя».Б.Момышұлы

2.Шығарма  «Әдепті бала-арлы бала»

III.»Әке ауылы»

«Кімнің ойы ұшқыр»

Тақырыпты сұрақ-жауап арқылы ашу

  1. «Балапан ұяда не көрсе ,ұшқанда соны іледі»мақалды қалай түсінесіңдер?

Тыныштық сәті. /баяу ән/

  • Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздерімізді жұмамыз. Терең демалайық. Жарық түсіп тұрғанын елестетіп көріңдерші. Бұл бақыт, қуаныш жарығы. Бұл жарық жүрегімізге тыныштық, сүйіспеншілік әкелді. Жүрегімізден әдемі гүл ашылып келеді.Түрлі түсті жапырақтар құлпырып тұр. Бұл сендердің аталарың, әкелерің, әжелерің, аналарың. Бұл гүлдің ортасындағы к8лшес3 ол сендерсіңдер. Бұл жай гүл емес. Ол – сүйіспеншілік гүлі .

Сендер сол жап-жасыл алқапта аналарыңмен, әкелеріңмен жүрміз деп сезініңдер. Алқапта әдемі гүлдер, өсімдіктер жайқалып тұр. Қандай тамаша!

  • Балалар енді көзімізді ашайық.Сендердің көз алдарыңа не елестеді? Қандай сезімде болдыңдар?

-Ата-аналарың сендерді еркелеткенде қалай атайды?

Жаным,құлыным,балапаным т.б

IҮ. «Бала ауылы»

«Үлкенге құрмет-кішіге міндет»

Жаңа сабақ

Ата –ананы құрметтеу туралы

Кабуснама . Қайқаус

«Қабуснама» — парсы тілінде 1082-1083 жылдар iшiнде жазылған аса бағалы педагогикалық мәнi бар туынды. «Қабуснаманың» авторы — Кайқаус Каспий теңiзiнiң оңтүстiк жағалауында мекендейтiн Гилан ру-тайпасының ұсақ феодал семьясында (1021-1022 жылдарда) дүниеге келедi.Кайқаус 63 жасында «Қабуснаманы» өзiнiң ұлы Гиланшахқа арнап жазады. Өзiнiң қартайғанын баяндай келiп: «Мeнің дүниедегi жиып-терген ең қымбат асыл заттарым — саған арнап жазған осы үгiт-насихат кiтабым», -дейдi.«Қабуснама » сөзсіз әлемдік әдебиеттің асыл қазынасына жатады.Ол талай рет, сан ғасырларда түрік, неміс, татар, француз, неміс, орыс, өзбек тілдеріне аударылды. Осынау аса бағалы тәрбиелік мәні үлкен шығарманы тілші ғалым Тұсынәлі Айнабеков тәржімалап, қазақ тілді оқырмандарға тарту еткеніне де жиырма жылдан асты.

«Біз мұны білеміз бе?»

Сөздік жұмысы

Перзент –бала

Парасат –сана,ақыл-ой

Қаяу –реніш

Ү.»Немере ауылы»

«Оқу инемен құдық қазғандай«

Оқулықпен жұмыс

  1. Мұғалімнің оқуы
  2. Оқушылардың іштей оқуы
  3. Мәтінді тізбектей оқыту 

YI.Cергіту сәті

«Көңілді қадам»

Кіп-кішкентай баламыз

Өсіп-өніп толамыз.

Күнге қарай табынып,

Көкке қолды созамыз.

Қанат қағып ұшамыз,

Қарлығаштай самғаймыз.

Бір отырып,бір тұрып,

Жаттығуды жасаймыз.

YII.»Шөбере ауылы»

«Көп ойла-тез ойла»

Мәтінді төмендегідей бөліктерге бөліп,әр бөліктің шегін тауып оқы

  1. Ата-ананы құрметтеу
  2. Ата-аныңды ешқашан режітуші болма
  3. Сен ата-анаңа не істесең,саған перзентің де соны жасайды

YIII.»Шөпшек ауылы»

Сұрақ-жауап әдісі

  1. Осы мәтіндегі айтылған ойларға сай келетін қандай шығармалармен таныстық?
  2. Сен ата-анаңды қалай құрметтейсің?

IХ.»Немене ауылы»                                                                                                

  «Ұшқыр ойдан -ұтымды жауап»                                                                           

Жағдаятты шешу

Демалыс орнында адамдар көп.Орындықтардың бәрі бос емес.Сәуле болса босаған орынды көріп.тез барып отырып алды.Сәуле мәз,музыка тыңдаулы,тіпті риза болғандығы соншалық қасындыларға да мән бермеді.Оның қасына қолында ауыр жүгі бар өзінің  анасы келіп тоқтады.Сәуле оған да мән бермеді.

Сұрақ-Қыздың орнында сен не істер едің?

-Қалай ойлайсыңдар,қыз өзінің анасын сыйлай ма,жақсы көре ме?

Оқушының  ой-толғаныстары.

X.Үйге тапсырма                                                                             

   1.Мәтінді оқу.                                                                             

  2.Бөліктердің біреуін қалауынша жатта.                                                       

3.Шығарма “Менің отбасым”                                                                               

XI. Бағалау                                                                                                         

ХII. Қорытындылау                                                                                                           Бейнесюжеттер   «Қарттар үйі»  Тұжырымдау

Әр адам өзінің туған-туысқандарын,ата-анасын,отбасын жақсы көру үшін,оны да біреудің сүйіп құрметтеуі маңыз.Әйгілі қазақ ақыны Мағжан Жұмабаев былай деген «Кімде-кім өзін сүйсе,туғандарын,ата-анасын сүйсе,елін сүйсе,әсіресе адам баласын бауырым деп білсе,сол адамды ізгі адал  адам деп  атаймыз «.            Барлығымызда ізгі ниетті адам болуға талпынайық

ХIII.»Жүректен-жүрекке» шеңбері

Бір шаңырақ астында,

Тату-тәтті тұрамыз.

Бірге сайран құрамыз

Ортақ болып ісіміз

Еңбек десе тыңбаймыз

Үлкен сыйлап кішіміз

Ата ақылық тыңдаймыз.

Достықты үлгі санаған

Бір үйде біз тұрамыз

Қалған ата-бабадан

Бірлік асыл мұрамыз.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *