ШҚО
Абай ауданы
М.Әуезов атындағы орта мектеп
Физика пәнінің мұғалімі: Мусатай Гүлшат Мейрамбекқызы
Сыныбы: 7
Пәні:физика
Сабақтың аты | § 25 Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері |
Сілтеме | Жоспар |
Жалпы мақсаты | Ø Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері жайлы мағлұмат беру
Ø Жылдамдық. Жылдамдық бірліктерін күнделікті өмірде, есеп шығаруда қолдана білуге үйрету Ø Бірін-бірі бағалауға баулу |
Күтілетін нәтиже | Ø Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері жайлы мағлұмат алады
Ø Жылдамдық. Жылдамдық бірліктерін күнделікті өмірде, есеп шығаруда қолдануға үйренеді Ø Бірін-бірі бағалай алатын болады |
Негізгі идеялар | Дене тең уақыт аралығында әр түрлі жол жүріп өтсе, ондай қозғалысты бірқалыпты емес қозғалыс деп атайды.
Бірқалыпты қозғалатын дененің жылдамдығын анықтау үшін оның берілген уақыт ішіндегі орын ауыстыруын сол уақыт аралыған бөлу керек. υ=ℓ/t Бірліктердің халықаралық жүйесінде жылдамдықтың бірлігіне секундына метр м/с алынады. Бұл жылдамдық бір қалыпты түзусызықты қозғалатын нүктенің 1с ішінде 1 метрге орын ауыстыратынын білдіреді. S=υt t= s/υ
|
Тапсырмалар | Топтық жұмыс |
Жеке жұмыс | |
Жеке жұмыс «Блум таксономиясы» |
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)
І.Ұйымдастыру (2 минут)
- Сәлемдесу
- Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
- Түгелдеу
1.2. Топқа бөлу (1,2,3 сандары арқылы 3 топқа бөлінеді)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (4 минут)
- Бір қалыпты және қалыпсыз қозғалыс жайында не білеміз?
- Қозғалыс түрлеріне қандай мысал келтіруге болады?
ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (3 минут)
- Жүрілген жолды қалай өрнектеуге болады?
- Қозғалыс уақытын қалай анықтауға болады?
- Жылдамдық өлшем бірлігі қандай?
ІҮ. Топтық жұмыс (15 минут)
Сіздің тобыңызда 5 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:
Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.
Бақылаушының бағалау парағы
№ | Бағалау өлшемдері | Көш
басшы |
Хатшы | Баяндамашы | Уақыт сақшысы |
1 | Тақырыптың ашылуына үлес қосу | ||||
2 | Міндетін атқару | ||||
3 | Топтық жұмысқа атсалысуы |
Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.
Топ пікірлерін тыңдау.
Ү. Жеке жұмыс (5 минут)
Автомобиль 180 км жолды 1 сағат 40 минутта жүріп өтті. Осы уақыт ішінде ол қандай жылдамдықпен жүрген?
VІ.Жеке жұмыс «Блум таксономиясы» (13 минут)
1 | Білу | Жылдамдық дегеніміз не? |
|
2 | Түсіну | Жылдамдық формуласын және бірліктерін жаз? |
|
3 | Қолдану | Велосипедші 5000 метр жердегі елдімекенге 0,5 сағатта жетіп барды. Осы уақытта қанша жылдамдықпен жүрген? |
|
4 | Талдау | Велосипед және автомобиль жылдамдығын салыстыр? |
|
5 | Жинақтау | Жылдамдыққа мысал келтір? | |
6 | Бағалау | Жылдамдықты білу біздің өміріміз үшін маңызы неде? |
|
Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.
ҮІ. Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3 минут)
Кейінгі тапсырмалар | Эссе жазу |
Кейінгі оқу | § 25 Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері |