Ақтөбе облысы Хромтау қаласы
№ 1 Хромтау орта мектебі
Марат Г.М.
Тақырыбы: Жазбаша қосу және азайту
Мақсаттары:
Білімділік: Ондықтан аттап жазбаша қосу және азайтуды үйрету және есептеу әдістерін қалыптастыру.
Дамытушылық: Математикалық ұғымдарды меңгерту: оқушылардың ережелерді ұғынып, шығармашылық ойын дамыту.
Тәрбиелік: Өз әрекетіне саналы көзқарасқа ұжымда өз бетінше жұмыс жасай білуге, есептеу әдістерін күнделікті өмірде қолдана білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың түрі: «Танымдық ойын» сабақ.
Сабақтың өтілу әдістері: сұрақ – жауап, түсіндіру, өзіндік жұмыс, ойын, көрнекілік, «Алтын қақпа» ойын элементтері, тест.
Пәнаралық байланыс: ән, ана тілі, дүниетану.
Сабақтың көрнекілігі: тапсырма жазылған слайдтар, тест, қақпа есіктері, бағалау түрлері.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
— Оқушыларды сабаққа бағыттау.
— Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.
-үй тапсырмасын тексеру
Психологиялық дайындық
Амансың ба, күн!
Амансың ба, дос!
Амансың ба, шеңбер әнге қоскан!
Амансың ба, ғасыр!
Амансың ба, әлем!
Баршаға амандық сәлем!
ІІ. Кіріспе
Балалар, бүгін біз «Алтын қақпа» танымдық ойынына қатысамыз. «Алтын қақпа» ойынының шартында бірнеше қақпалар берілген. Әр қақпаның тапсырмалары дұрыс орындалған жағдайда қақпадан математикалық керемет нақыл сөздерді оқитын боламыз. Ендеше, «Алтын қақпа» ойынына қош келдіңдер! Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларға жұлдызша беру . Елбасын жолдауын оқып беру
ІІІ. Жаңа сабақ
Қызығушылығын ояту
Математикалық диктант
3онд. 5бірл. тұратын сан,
4онд. 2бірл. тұратын сан,
7онд. 9бірл. тұратын сан,
20мен8дің қосындысының мәні,
Тексеру: Жеке оқушылардан сұрау.
1. Жаңа сабақты түсіндіру
— Кестедегі сандарды оқы.
Алгоритмге машықтандыру
1. Жазамын…
2. Бірліктерді… қосамын
3. Ондықтарды… қосамын
4. Қосындының мәні…
2. Түсіндірмелі жаттығу
«Артық болмас білгенің» №1-2 есеп ауызша түсіндіре отырып орындау.
26- 2 онд 6 бірл 34- 3онд 4 онд
«Тас қақпа» тапсырмасы
Деңгейлік тапсырманы орындау.
1- деңгей. 1. Торкөзге сан жазу, азайтумен тексеру.
9+5=14 9+7=16
8+6=14 8+8=16
7+7=14
6+8=14
2-деңгей. 1.Өрнек мәндерін табу.
45+5= 45-5= 40-1=
23+7= 30-7= 80-4=
3-деңгей.
- Теңдеуді шешу.
Х+5= 35 35-x =5 x-5=30
- Ойлан, тап. (8 4) =2
Тапсырмалар орындалып, «тас қақпа» ашылады.
Қақпадан нақыл сөз шығады.
Білімнің тұңғиығы бойлайтұғын,
Тоқысаң жалықтыра қоймайтұғын.
Ғылымдар патшасы боп дараланып,
Математика қызықты тоймайтұғын.
«Темір қақпа» тапсырмасы
Оқулықпен жұмыс:
№3 есеп. Түсіндіре отырып шығар.
«Темір қақпа» ашылады.
Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына.
Ұқыптылық пен зеректік
Жеткізеді сендерді
Математика сырына.
Сергіту сәті (видео)
«Күміс қақпа» тапсырмасы
Тапсырма-2.Есептер шығару
Түлкіде 25 шабақ және одан 5 — еуі артық сазан бар. Түлкіде барлығы неше балық бар?
— Не белгілі?
– Есептің сұрағы қандай?
Тапсырма-3
А) Ш: Домбыра тартты – 3
Ә) Ән салды —7
Б) Би биледі – 6
Барлығы -?
Ш: 3+7+6==16
Ж: Барлығы – 16 адам
«Күміс қақпа» ашылады.
Есептерге жүйрік болсаң жасыңнан
Математикаға орын берсең басыңнан.
Барлық ғылым саған үйір болады
Досың болар табылатын қасыңнан.
«Алтын қақпа» тапсырмасы
№4 есеп. «Ойлан, тап!»
А) 7+6==13 және 2+3==5 теңдіктерін пайдаоанып, қандай екі таңбалы екі санды қосуға болады?
Осындай қосынды жаз. 73 37 36 + + + 26 52 27
«Алтын сандық» тапсырмасы
Шығармашылық есеп.
Азамат, Тоқтар, Қымбат бақылау жұмысынан қандай баға алғанын мұғалімнен сұрағанда, ол: «Ешкім «2» алған жоқ, бірақ бағаларың әр түрлі. Тоқтар «3» алған жоқ, Ержанның бағасы «3» те, «5» те емес-деді. Балалардың қайсысы қандай баға алды?»
«Алтын сандықтан» – «Білім – байлық» деген сөз шығады.
Жалынды жастық желкені,
Егеменді елдің ертеңі –
Біз боламыз!
Бар байлыққа білімнің негізінде қол жеткіземіз.
Ендеше білімді болуға тырысайық!
Жеке карточка;зпр
1 тапсырма: 6,4,2, сандарынан есеп құрастыру
2 тапсырма: амалдарды орында
3 тапсырма:Сөз есеп құрастыру және шығару
4 тапсырма; теңдеу шешу
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту Тест
- 25+18:
а) 43 ә) 41 б) 42
- Ондықтары бірдей сандарды қоршап көрсет.
а) 67,86 ә) 23,53 б)67,68
- 40 та неше ондық бар
а) 3 онд ә)6 онд б) 4 онд
- Бір баланың дене салмағы 36 кг, ал екіншісінің 27 кг. Екінші баланаң дене салмағы біріншісінен неше кг жеңіл?
а) 9 кг ә)11 кг б) 63 кг
Ү. Қорытындылау, оқушыларды бағалау
Ойын ойнайық балалар. «Жапырақ жинайық» Логикалык есеп
1.Төртбұрыштың неше бұрышы бар / 4 /
2.Қосуға кері амал / — /
3.Бір аптада неше күн / 7/
5. Бүгін аптаның нешінші күні / 4/
6. Оқу жылы қай айда басталады ? /қыркүйек/
7. Шеңберде бұрыш бар ма ? / жоқ/
8. 3 алма көп бе, әлде 3 алмұрт көп бе ? /бірдей/
9.Емен ағашында 5 алмұрт, және 4 алма өсіп тұр . Неше жеміс ағашта өсіп тұр?
/ еменде алма мен алмұрт өспейді
Атамның жасы ең үлкен екі тағбалы санға тең. Атамның жасы нешеде?
Немересінің жасы ең үлкен бір таңбалы санға тең. Немересінің жасы нешеде?
Қуыршақ 30 тг тұрады. Осындай 2 қуыршақ қанша тұрады?
1 кг етті пісіру үшін 1 сағат кетеді. Ал 2 кг етті пісіру үшін қанша сағат кетеді?
3 қозыда неше аяқ, неше құлақ бар?
Марат Қайраттан күшті. Кім әлсіз?
Түлкі қасқырдан қулау. Кім аңқау?
Киік бұланнан жүйрік. Кім баяу?
Хасен жолда келе жатып 10 тг тауп алды. Асқар мен Сержан сол жолдан қанша тг тауып алар еді?
Асқар мысығының салмағы қанша екенін білгісі келді. Алдымен өзі өлшенді. Салмағы 35 кг көрсетті. Содан кейін мысығын қолына алып таразыға тұрды. Ол 40 кг болды. Мысығының салмағы қанша?
Жануардың оң жағында 2 аяқ, сол жағында 2 аяқ, артында 2 аяқ, алдында 2 аяқ, барлығы қанша аяқ?
4 лақта неше аяқ, неше құлақ бар?
Шөпте қояндар тығылып отыр,тек 10 құлағы ғана көрініп тұр. Қанша қоян тығылып отыр?
Таразы табақшасына 2 аяғымен тұрғанда тырна 2 кг болды. Бір аяғымен тұрса, онда оның массасы қандай болады?
Ауылда 4 күн 4 түн боран соқты.Неше тәулік боран соқты?
Бір адам қалаға
Нені білемін? Нені білдік? Нені білгім келеді?\
1. Бір таңбалы сандары қосу және азайту
2. 2таңбалы сандарды қосу және азайту. 2 таңбалы сандарды бағандап қосу және азайту.
— Көктемде алғашқы шығатын гүлдерді атаңдар.
— Бәйшешек, жауқазын, сарғалдақ. Ендеше балаларды төмендегіше бағалаймын.
«5» – жауқазын «4» – бәйшешек Бәрекелді, балалар!
Бәріңе бестік баға бар.
Азамат боп өсіңдер
Ел қадірін бағалар.
ҮІ. Үйге тапсырма №4 есеп аяқтау
[bws_related_posts]