Басы » Тарих » «Қазақ -Қытай сауда қатынасы»

«Қазақ -Қытай сауда қатынасы»

Алматы қаласы Алатау ауданы
«185жалпы білім беретін мектеп»КММ тарих пəнінің ұстазы
Танбетова Айман Жаиаладиновна

Сабақтың тақырыбы: ХІХғ ІІ жартсындағы қазақ-қытай сауда қатынасы
Білімділік: Тақырыптың негізгі мағынасы мен мазмұның талдау. Білім-білік дағдыларын бағыт бере отырып, логикалық оймен іске асыра білу;

Дамытушылық: Оқушылардың өзіндік ізденісі арқылы ойлау қабілеттерін дамыту,топпен, ұжыммен жұмыс жасай отырып оқу материалын ұзақ есте сақтай білу дағдысын қалыптастыру;

Тәрбиелілік: Оқушының  пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, өз мүмкіндігіне сенуге, үлкен жетістікке ұмтылуға, топпен жұмыс жасауға, сыныптастарын сыйлауға, көмек көрсетуге тәрбиелеу;

Күтілетін нәтиже: Оқушылар уақытты тиімді пайдалануға, топпен жұмыс жасауға, өз ойларын еркін, ашық жеткізуге дағдылануы.

Сабақтың әдісі: ойын, сұрақ-жауап

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың  көрнекілігі: интерактивті тақтада көрсететін слайд, оқулық, үлестірмелік қима қағаздар,карта, постер.

Пәнаралық байланыс: география, математика

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

-Оқушыларды және сабақ құралдарын түгендеу;
— «Бір шапалақ» әдісімен оқушылардың зейінін сабаққа аудару:
психологиялық тренинг: «Көтеріңкі көңіл күй» атты тренинг.

Әр оқушы парталас жолдасының қолын ұстап «Бүгінгі күн сәтті өтсін!»-деп тілек білдіреді.
Оқушылар партада жатқан сары, жасыл және қызыл түсті геометриялық фигураларды таңдап, түсіне байланысты үш топқа бөлінеді.
Топтар:

І топ- Кеше

ІІ топ- Бүгін

ІІІ топ –Болашақ

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Дода» Үй тапсырмасын тексеру ұяшықтарды таңдау арқылы ұйымдастырылады. Әр ұяшықта өткен тақырыптар бойынша сұрақтар жасырылған.

Үй тапсырмасын «Аквариум» (диалог) әдісі арқылы қорытындылап, бекітеміз, яғни әр топ үй тапсырмасы бойынша нақты деректер  айтады.

ІІІ Жаңа сабақ: Жаңа сабақты бастамас бұрын сабақтын тақырыбы мен мақсатын оқушыларға айқындау ұсынылады. Ол цифтограмма шешу арқылы жүзеге асырылады.

Жаңа сабақтың тақырыбын ашып алғаннан кейін, тақырып бойынша шағын түсінік беріліп, бағыт беріледі.

Топтық жұмыс:

 

ІҮ.Сергіту сәті: бейне ролик көрсету арқылы ұйымдастырылады.

Ү. Сабақты бекіту. Сабақты «Футбол» ойыны арқылы және сандық анаграмма арқылы қорытындылап, бекітеміз.

 

Үйге тапсырма беру.
Қазақ-қытай саудасының қазіргі жағдайын және ХІХғ ІІ жартсындағы жағдайын салыстырып келу.

Түйінді цифтограмма жасап келу
Бағалау
Жинаған ұпайлары бойынша жеке оқушыны бағалау, топты бағалау.
Өз мүмкіндіктерін бағалап үйренеді. Бармақ арқылы бағалауды да қолдану. Оқушылармен бірігіп жиынтық баға қою.

.                      Рефлексия

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *