Басы » Бала бақша » Бала тәрбиесі

Бала тәрбиесі

%d0%b1%d0%b0%d0%bb%d0%b0%d1%83%d1%81%d0%b0Ақмола облысы

Қорғалжын ауданы

«Балауса» балабақшасының тәрбиешісі:Жумагулоа А.Ғ

Баяндама

Тақырыбы:  Бала тәрбиесі

Тәрбие тал бесіктен басталады.

Қазақ халқы әуелден-ақ бала тәрбиесіне айрықша мән беріп, оны ата-ананың борышы санаған, өйткені бала – болашақ иесі. Сол себепті келер ұрпақ алдындағы жауапкершілік әрдайым қатал сын саналған. Баланы өсіру, оны азамат етіп тәрбиелеу – елдік мәселе. «Қазіргі кезде ел болашағы жастардың қолында, Қазақстанның келешегін көркейтетін – білімді  ұрпақ» дейді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. Қай халықтың да болмасын мемлекеттік даму стратегиясында жастарға, жас буынға ортаға сай озық білім игеріп шығуына, олардың тәрбиесіне баса назар аударылады. Шын мәнінде бүгінгі жас – ертеңгі  елдің мызғымас тірегі, келешек келбеті. Қазіргі уақытта бала тәрбиесінің табысты болуы ата-аналардың тәжірибесіне, кәсіби шеберлігіне, ынтымақтастығына , отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасына, көзқарастарының және мақсаттарының бірлігіне байланысты.

Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы – туған ұясы, өз жанұясының  тәрбиесі, тілі. Бақытты отбасында ғана ата-ана мен баланың өзара қатынасы мазмұнды, берген тәрбиесі сенімді болады. Ал бақытты отбасы – сыйластық пен түсіністік, үлкен жауапкершілік сезімдері бар отбасы. Отбасы тәрбиесінде әкенің де, ананың да орны бөлек. Әкенің қанымен әке өсиетін тыңдап, анасының сүтімен мейіріне қанып өссе ғана тәрбиелі болып қалыптасады.

Тектілігі тереңге тамырланған  қазақ халқы бала тәрбиесіне  аса назар аударған.

Баланың ең алдымен денсаулығына көңіл бөлу. Деңсаулық – тәннің ғана емес, жанның да кепілі. Дені сау бала ғана оқу мен тәрбиеге ықыласты болмақ. Балаға кішкентай кезінен денсаулығын күте білуге, денесін шынықтыруға дағдыландыру, денесін шынықтырып қана қоймай, ұқыптылық пен тазалыққа да үйрету. Үйрету дегеніміз тек қана ақыл айту емес, өзіңіздің үлгі болуыңыз.

Екінші – баланы еңбекке баулу. Еңбек ете білмеген және оны жек көрген адамның отбасы берекелі болмайды. Ежелгі Рим философы Гораций айтқан: «Өмір еңбексіз ештеңе бермейді». Сондықтан жастайынан баланы еңбекке баулу қажет.

Баламен жақын сырлас болуға тырысу. Бала үшін ең жақын адам ата-ана болғанымен де, бала ата-анасынан жасқаншақтап, ұялшақтайтын кездері жиі кездеседі. Сондай сәттерде дұрыс қадам жасап, балаңызды бауырыңызға тарта білу өте маңызды. Балаңызға тұлға ретінде қарап, онымен ақылдаса отырып бірлесе жұмыс  істеуіңіз балаңызды жігерлендіреді, оның әр қадамын сенімді ете түседі.

Бала қандай да болсын қате іс жасаса, жекіп ұрсудан гөрі түсіністікпен қарау әлдеқайда пайдалы. Ең бастысы – қателікті бетке басып мойындату емес, жақсысын алдымен айтып, баланы жігерлендіре  отырып кемшілікті жою жолдарын көрсету. Ондай кездерде бала өзі де қуыстанып, ата-анасынан қорқып тұрады.

Балаға жақсы мен жаманды ажырата білуге үйрету.

Бала болған соң өз қатарластарымен бірде дос болып, бірде ренжісіп жатады. Тіпті кейде таяқ жеп келуі де мүмкін. Ондай сәттерде балалардың арасына түспеген абзал. Бала қылығын жақтап, арасына түссеңіз, бала соған әдеттенеді, кез-келген нәрсенің бәрін өзіңізге жеткізіп отыратын болады. Мұндай жағдайда балаңызды сырттай бақылаған дұрыс.

Балаңыздың немен айналысатынын, қандай іске икемді екенін бақылау. Мүмкіндігінше балаға бейімі бар істерді беруге тырысу. Мұндай істер баланы дамытып қана қоймай, басқа зиянды әдеттерден сақтайды. Бос, жұмысы жоқ бала зиянды істерге біртабан  жақын болады. Жасап әкеліп өзіңізге көрсеткен жұмыстарына назар аудармау баланың көңілін қайтарады, қызығушылығын сөндіреді. Сондықтан баланы үнемі ынталандырып отыру керек. баланы әртүрлі істерге бір уақытта тартып, өз жасынан ерте шаршатып алудан сақтанған абзал.

Баланы еркін тәрбиелеу. Бірақ еркіндіктің жөні осы екен деп мүлдем қараусыз жіберуге болмайды. Әр нәрсенің шегі болады. Сол шекті бала біліп өсуі керек. Балаға қарым-қатынасыңыз, көзқарасыңыз жылы болғаны абзал. Балаға қатты сөйлеу оны сізден алыстатады. Сосын үнемі қатты, бұйрық мәнде сөйлеу баланың бойын әдеттендіреді, кейін балаға қатты сөйлемесеңіз сөз ұқпайтын болады.

Бала кішкентай кезінде барлық ақпаратты еш кедергісіз қабылдай береді. Сондықтан балаңызды ақпаратты талдап қабылдауға, өзінің көзқарасын ашық білдіруге, ойланып сөйлеуге үйреткен абзал.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *