Басы » Бала бақша » Қоян бізде қонақта

Қоян бізде қонақта

%d0%b1%d0%b0%d0%bb%d0%b0%d1%83%d1%81%d0%b0Ақмола облысы

Қорғалжын ауданы «Балауса» балабақшасының тәрбиешісі:Жумагулова А.Қ.

Тақырыбы:  Қоян бізде қонақта

Мақсаты: білімділік – қоянмен  таныстыра отырып қоян туралы түсініктерін қалыптастыру, сурет арқылы оның дене мүшелерімен таныстыру; дамытушылық – бір, екі сандары туралы қарапайым білімдерін анықтау; тәрбиелік – балалардың зейінін, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру.

  Алдын ала жүргізілетін жұмыс: әңгімелесу.

  Әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, қимылды әуен, тосын сәт, мадақтау, дидактикалық ойын.

  Көрнекілік: қасқыр мен қоян кейіпкерлері, суретті кәртішкелер, слайд.

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық -қозғаушылық     Қане, қане тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Құрсақ енді шеңберді,

Алақанды ұрайық.

-Балалар бүгін бізге қонақ келеді.

Ұзын құлақты, бадырақ көзді.

Ойлы-қырлы жерлермен ытқып-ытқып жүгіретін, ең сүйікті асы сәбізді жейтін, ол не?

 

 

 

 

 

 

-Ол қоян.

 

 

Ұйымдастырушылық-ізденістік 

 

-Дұрыс айтасындар, ол қорқан қоян. Ал бәріміз бірге оны ортаға шақырайық.

-Ұзын құлақты, бадырақ көзді қоян ортаға кел.

-Сәлеметсіндер ме, балалар!

-Балалар, бұл кім?

-Иә, бұл бізге орманнан келген қоян. Қоянды ортамызға алып жақынырақ танысайық.

Слайд арқылы әңгімелеу.

-Суреттегі қоянның түсі қандай?

-Иә, қыста қоянның түсі қардың түсіндей ақ болады. Сонымен қатар балалар қояндар қоныр және сұр түсті болады. Қоян бізге көзіме  қарап тұр. Қане қоянның көзін санайықшы.

-Мұрны қайсы, кім көрсетеді?

-Құлағы қандай?

-Құлағын санайықшы.

-Ал орнымыздан тұрып қоян қалай секіретінін көрсетейікші.

Балалар қоянмен сергіту жаттығуын орындайды.

Сергіту сәті:

   Секірейік, секірейік,

Ұзын құлақ қоянша.

Шаршағанды кетірейік.

Болар сонда тамаша!

Қоян мен ойын ойнайды.

-Мұнда қоян не жасырып қойды екен? Себеттің ішінде не бар екенін көрейік.

«Қоянның сүйікті асын тап!» ойыны.

Қызанақ.

-Қырыққабат.

-Сәбіз.

-Қоян қандай көкіністі ұнатады деп ойлайсыңдар?

-Қоянға арнап сәбіз жасып  берейік.

-Сәбіздің түсі қандай?

-Сабағының түсі қандай?

-Түрлі түсті қағаздан қоянға сәбіз жасайық.

Ұзын құлақты, бадырақ көзді қоян ортаға кел.

 

-Сәлеметсің бе, қоян!

-Бұл қоян.

 

 

 

-Түсі ақ.

 

 

 

-Бір көз, екі көз.

Балалар көрсетеді:

-Құлағы ұзын.

-Бір құлақ, екі құлақ.

 

Балалар қоянша секіреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Сәбіз.

 

 

-Қызғылт-сары.

-Жасыл.

 

  Сергіту сәті.

 

 

 

 

 

 

 

 

Дидактикалық ойын: «Мозаика»

Үстел үстінде сурет жатыр. Сол суретті бүгінгі тақырыбымызға байланысты  құрастырасыңдар. Ол не?

Ұзын құлақ, сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды

Ойлы-қырлы жерлермен

Ытқып-ытқып жүгірді.

Қарап еді артына

Қиығын сап көзінің,

Келе жатқан томпаңдап

Көжегі екен өзінің.

Балалар ойынды қызығушылықпен ойнап, суретте не пайда болғаннын айтады.

-Қоян.

Рефлексиялық түзетушілік -Балалар, бізге қонаққа кім келді?

-Ал қоян қандай көкіністі жақсы көреді?

-Бүгін сабақта сендерге не ұнады?

-Қоян сендерге рахмет айтып сау болындар деп қоштасуда.

-Жасаған сәбіздерді көрмеге қояйық.

-Қоян келді.

-Сәбізді.

-Қоян.

-Сау бол, қоян!

 

 

 

Күтілетін нәтиже:

Білуі: балалар қоянның дене мүшелерін атай біледі.

Меңгеруі: дене мүшелерін санау арқылы көрсетеді, салыстырмалы түрде ажырата біледі.

Жасай алуы: қоянның қимылын көрсетіп жасай алады.

[bws_related_posts]

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *