Павлодар облысы
Екібастұз қаласы
Баянгүл Асайынқызы Жұмәділова,
№24 «Айналайын» бөбектер бақшасының әдіскері
Дербес шығармашылық және танымдық қызмет
Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қызметі белгілі бір білімдерді, машықтарды игеруге бағытталған. Аталған үдеріс түрлі жолдармен іске асырылуы және тиісінше білімді саналы түрде немесе санадан тыс қабылдауға әкелуі, яғни білім ақырында жатталған не шығармашылық сипатта, тәжірибемен байланысты немесе одан бөлінген болуы мүмкін.
Таным репродуктивті немесе шығармашылық үдеріс болуы мүмкін. Айырмашылығы балалардың танымдық қабілеттерін, шығармашылық әлеуетін және еркін дербес қызметін белсендіруде.
Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық танымдық қызметін ұйымдастыру кезінде, педагогикалық тәжірибеде мынадай тапсырмалар жүйелі түрде қолданылады. Мысалы, балалардың тілін дамыту, көркем әдебиет, сауаттылыққа үйрету бойынша ұйымдастырылған қызметінде этнопедагогиканың элементтерін балалар коммуникациясын ұйымдастыру арқылы енгізуге болады, бұл ретте олардың дербес қызметі негізге алынады. Бұндай сабақтар тәрбиеленушілердің ой – өрісін кеңейту мақсатында қолданылады. Сондай – ақ ӨМШТ элементтерін, түрлі сызбаларды пайдалану арқылы әрбір баланың өз бетінше ойлануына ықпал етуге болады.
А.А.Нестеронконың жұмбақтар құрау әдісін қолдану тиімді болып табылады. Бұл жұмыс кезеңмен, жүйелі түрде – сызбалардың көмегімен жүргізіледі. Бастапқыда балаларға нақты зат пен құбылысқа тән бірнеше қасиеттерді анықтау және атау тапсырылады.
Бұдан әрі берілген заттың немесе құбылыстың қасиеттерін ұқсас заттармен және құбылыстармен салыстыру негізінде анықтау көзделеді. Мысалы, «Қолшатыр»» саңырауқұлақтармен салыстырылады.
Балалардың дербес шығармашылық танымдық қызметіне ықпал ететін келесі тиімді әдіс, өтіріктер шығару. Мысалға, «Тазша бала» атты қазақтың халық ертегісінің кейіпкерімен таныстыра отырып, балаларды өз бетінше шағын төрт жолды өлең шығаруға тартамыз.
Бұндай жұмыс не дайын берілген суреттер, не өзіндік бейнелеу қызметінің қорытындысы бойынша жүзеге асырылады. Этнопедагогиканың тағы бір элементіне мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында тиімді қолдануға болатын мақалдар мен мәтелдер жатады. Мысалы, балалар суреттерге мағынасы жағынан сай келетін өздеріне белгілі мақалдар мен мәтелдерді естеріне түсіреді.
Оқытудың қызметтік түрдегі технологиясының неғұрлым тиімді әдісінің бірі – модельдеу әдісі болып табылады, ол ойын арқылы балаларды жан-жақты дамытуға мүмкіндік береді. Мысалы: «Әңгімені аяқта», «Жанданған сурет», «Сызба бойынша әңгіме құру».
Халық әдебиетін зерттеуші В.Я.Пропп ойлап тапқан карталар, мектеп жасына дейінгі балалардың жан-жақты дамуына, олардың байланысты тілінің, қызметтік негізде тілдік қабілеттерінің дамуына ықпал етеді. Бұл карталар «Пропп-карталар» атауына ие болды, карталардың жалпы саны – 31. Карточкада бейнеленген әрекеттер ертегі сюжеттерінде үнемі кездесе бермейді, олардың түрлерін өзгертуі мүмкін. Ертегінің мазмұнына сәйкес келетін карталарды таңдай отырып, балалар тілдік өзара әрекеттесуге кіріседі. Нәтижесінде құрдастарымен субъект – субъектілік өзара қарым-қатынастар, байланысты сөз, қиял дамиды. Мектепке дейінгі ересек жаста көрнекі – бейнелік ойлау басым бола бастайытыны белгілі. Сондықтан, балалар қандай да бір затты елестете отырып, салыстырудың және талдаудың негізінде берілген проблеманы шешуді үйренеді. Сондықтан, шығармашылық тұрғыдан ойлауды дамыту мақсатында, жүйеде дивергенттік сипаттағы тапсырмаларды қолданамыз. Мысалы, өткен дыбыстарды бекіту бойынша «Рутто және Рутта» суреті бойынша жұмыс жүргізіледі, онда балалар бірдей сұрақтарға көптеген түрлі, қызықты, дұрыс жауаптарды табуға үйренеді.
Тапсырма
- Рутто және Рутта есімді екі қоян балық аулауға жиналды. Олар «К» және «Ш» әріптерінен басталатын барлық қажетті заттарды алды. Бұлар қандай заттар болуы мүмкін?
- Балалар жауап береді және суреттен сол заттарды табады.
- Жолда келе жатып, олар атаулары «К» және «Ш» әріптерінен басталатын көптеген жануарларды, жәндіктерді кездестіреді. Осы жануарлар мен жәндіктерді атаңдар.
- Балалар елестету арқылы осы жануарлар мен жәндіктердің атауларын табады.
- Балықты көп аулап алған қояндар үйлеріне қайтты. Аналары қуанып, олар жақсы көретін тағам әзірледі және атаулары «К», «Ш» және «С» әріптерінен басталатын ойыншықтар сыйлады.
- Балалар жауап береді.
Бұндай шығармашылық тапсырмалар балалардың өздігінен іздену белсенділігіне ықпал етеді және дивергентті тұрғыдан ойлауын дамытады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың дербес шығармашылық танымдық қызметін ұйымдастыру, әрбір педагогтың міндеті болып табылады, оны іске асыру кезінде ол
- шығармашылықты;
- іздену қызметін пайдалануы;
- балалардың оң эмоциялық ахуалын арттырудың жолдарын дұрыс таңдауы;
- балалардың өз танымдық құзыреттілігін өздігінен арттыру мақсатында түрлі деңгейлі тапсырмаларды қолдануы тиіс.