Басы » Баяндамалар » Ұстаздың сабақ өткізуге дайындығы

Ұстаздың сабақ өткізуге дайындығы

Жаңаарқа ауданы

Атасу кенті,

Орынбекова Нұргүл Мұқатқызы

Балалар музыка мектебі

 Ұстаздың сабақ өткізуге дайындығы

        Музыкалық оқытуда белгілі психикалық қасиеттерді ашу, дамыту бағыттары бойынша  жұмысты алдымен ерте сәбилік жастан бастау керек.

Оның қалыптасуына қажетті төмендегі жеке қасиеттерді бірінші сабақтан үйретуге кірісу керек. Олар: ерік күші, зейін, дербестік және ойлау сыншылдығы, берілген тапсырманы орындау дәлдігі, жұмыстағы жүйелілік. Бұл қасиеттер музыкалық және техникалық дағдыны жоспарлы және ырғақты дамытуға ынталандырады. Осының өзі музыкалық аспапта оқытудың негізгі мақсаты болып саналады.

Орындаудағы ширақтық та музыкалық бейнелерді айқын іске асыруға қабілеттілік сияқты орындаушының жалпы дене қимылы мен рухани дамуы тығыз байланыста болады, алайда ешнәрсе жүйелік еңбекті алмастыра алмайды. Психикалық жай күйінің сенімсіздік себебі көбінесе тұрақсыз сипатта болатын пән сабақтарының жеткіліксіздігі салдарымен негізделуі мүмкін. Бұл кездейсоқ сәтсіздіктерге қарсы тұра алмаудан жұмыста табысқа жету сенімінің болмауынан көрінеді. Осыдан сабақтың тұрақты және дұрыс құрылуы орындаушылық дағдыға ие болуға, орнықты жетістік үмітін қамтамасыз ететін маңызды шарт болып табылатыны туралы қортынды жасауға болады.

Сабақ өткізу кезінде  мұғалімде әлдебір қиыншылықтар туып қалуы мүмкін, оған төтеп беруге алдын ала дайындық керек. Мамандыққа баулу сабағында мұғалім оқушыға білім берумен қатар ізденіске жетелейді. Сабақ пен ізденіс сәттерінде  оқушы мүмкіндіктерін дамытып, музыканы сүюге тәрбиелейді. Әрбір жаңа сабақ өткен сабақпен тығыз байланысты. Ұстаз әр сабаққа жоспар құрмайды, оған жартыжылдық жеке жоспарда жарайды, осының негізінде жеке білім дамиды. Бұл әрине ұстаздың сабаққа дайындалмай келуі керек деген сөз емес. Ол әрбір сабақты байланыстырып, оқушыға  сабақты кеңінен, жан-жақты түсіндіріп, қызықты өткізе білуі тиіс.

Ұстаздың мақсаты оқушымен бірлесе жұмыс жасап, оқушыны да, ұстазды да жетістікке жеткізу. Сабаққа дайындық барысында нота дәптерін, одан кейін аппликатурасын қарап, ең жеңіл, ыңғайлы жолын іздестіру керек. Автор туралы түсініктер беріп, атақты домбырашының орындауындағы таспаға жазылған музыканы тыңдаймыз. Бұл арқылы оқушының осы шығармаға деген көзқарасын қалыптастырамыз. Жас ұстазға алдын-ала қиындық келтіретін тұстарын қарап алған жөн. Себебі, соған қатысты тұғырлық жаттығулар беріп, жоспарға белгілеу керек. Сабақ барысында өзгерістер жоспарға бекітіледі, мұндай жағдай ұстаз тарапынан да өзгерістерінің болуын талап етеді. Бұл ұстаздың кәсіби бағытының дұрыс қалыптасуына бағдар береді. Музыка пәнінің мұғалімі музыка саласы бойынша елімізде болып жатқан жаңалықтардан, соңғы жарық көрген кітаптардан, әдістемелік құралдардан хабардар болуы тиіс. Осының бәрі — ұстаздың дайындық жұмысына қажетті элементтер. Сабақ өту көлемі әртүрлі. Көбіне, сабақ өтуіне қарап, ұстаздың жеке жұмыс жасауына, дайындығына, талғамына мінездеме беруге болады. Қандай көлемдегі сабақ болмасын, ұстаз бекітілген оқу жоспарынан ауытқымауы тиіс. Берілген шығармамен жұмыс жасап, оның техникалық дамуына көмектесу оның негізгі жұмысы. Сонымен бірге, түрлі шығармаларды оқытып жаттығулар жасатып, өз бетімен шығарған шығармаларын талдап, басқа да белгілі орындаушының таспаға жазған шығармаларын тыңдату қажет. Сабақты бір ғана бағытта жүргізуге болмайды. Жаңа сабақты жоспарлауда барлық жағдайды назарда ұстау қажет. Музыкант үшін нотаны бірден оқудың үлкен көмегі бар. Ол музыканттың шеберлігін одан әрі дамытып, сауатты ойнауына да септігін тигізеді. Сабақ өткізу кезінде мұғалімде әлдебір қиыншылықтар туып қалуы мүмкін, оған төтеп беруге алдын-ала дайындық керек. Бәрінен бұрып оқушының жеке репертуарын түгелдей қарастырып, жан-жақты ойластыру қажет. Яғни саусақ кестесі, позициясы, редакциясы, көлемі, оқушының қабілеті, талабына қарай бағдарламасының сай болуы. Сабақта жоспардан тыс біраз өзгерістер болуы мүмкін. Бұл өзгерістер жоспарға еш зиянын тигізбейді, бірақ осыны ұстаз білім тәжірибесінде қолдана отырып, ептілік шеберлігімен жұмыс жағдайына енгізуге болады. Ұстаздың әрбір сабағынан шәкірт қанаттанып шықса, мақсаттың жүзеге асқаны. Сабаққа кіріспес бұрын, үйге берілген тапсырманы тексереміз. Музыкантты тәрбиелеу үлкен күш. Сондықтан, үйге берілген тапсырма мен жаңа сабақты байланыстырудың маңызы өте зор. Кей жағдайда оқушы сабақтың басында дұрыс ойнамай (қағысы, қолдары дұрыс емес немесе текстен қате жіберу) ұстаз көңілінен шықпауы мүмкін. Мұғалімнің қабылдауы да түрліше болады, кейде оқушыны бірден тоқтатып тастайды, кейде қате жерлерін тоқтатып түсіндіреді. Бұлай етуге болмайды. Себебі, оқушы шығарманы түгел ойнай алмайтын ауруға ұшырауы мүмкін. Ал басынан аяғына дейін тоқтамай ойнау оқушыға ғана емес, ұстазға да жақсы. Ұстаз ойында бұл шығармамен қанша уақыт дайындалдық, қандай дәрежеге жеттік, жеке бөлімдермен байланыстыру сезімдері пайда болды ма, яғни түсінді ме, шығарма қаншалықты түсінікті болды деген сауал туындайды. Оқушы үшін шығарманы ұстаз алдында түгел орындау өз еңбегін көрсетуді ғана емес, тыңдаушы алдында өзін сынауға дағдыландырады. Үй жұмысын орындауда оқушы ноталарды бөліп-бөліп жаттайды, қате тұстарын қайта-қайта ойнап үйренеді, ал сыныпта түгел ойнағаны тиімді. Шығарманы тоқтамастан, толық ойнату арқылы оқушының мүмкіндігін дамытамыз. Бар күшін салып ойнау барысында шығарманың сапасы жақсарып, оқушының өзіндік еркі пайда болады. Ал керісінше, тоқтап, бөліп-бөліп ойнауды оқушы өзін сенімсіз сезінеді.

Оқушы орындаған шығарманы түгел тыңдап болған соң, ұстаз үйге берілген тапсырмадан қандай қортынды шығарғандарын айту керек. Содан соң шығарма мәтініндегі қате жіберген жерлерін қалпына келтіріп, түзету қажет. Бұдан әрі осы шығармамен жұмыс жасаймыз: оқушыға ыңғайлы орындау жолын қарастырып, штрихын, аппликатурасын, дұрыс түсінбеген тұстарын түсіндіреміз. Оқушы қатесін түземей сол күйінде орындай берсе, оны басынан аяғына дейін тыңдаудың қажеті жоқ. Бұл жағдайда орындаушыны тоқтатып, оған қайта түсіндіріп, тағы да орындатамыз. Егер оқушы үйге берілген тапсырмадан қортынды шығарар болса, онда шығарманың қалай орындау керектігін түсіндіреміз. Яғни сабақта шығарманы  тыңдамай, тек қалай дайындалу керектігін үйретеміз.

Көптеген жағдайда айтылған қателіктер оқушының ойында сақталмай, іс жүзінде оларды түзей алмай қалуы мүмкін.Ұстазының айтқанын істеймін деп, орындау мәнерін жойып та алады. Сондықтан оқушының назарын бөлмей аяғына дейін ойнауына мүмкіндік берген жөн, тіпті бөлгің келген жағдайда да шыдап тыңдау абзал. Шығарманы ұстаздың ойнап көрсетуі оқушыға көп көмегін тигізеді. Ұстазға шығарманы түгел ойнау міндетті емес, тек қиындық келтіретін, түсініксіз жерлерін көрсету жеткілікті. Шығарма вариациясының аппликатурасын, әдемі орындау фразаларын ойнап көрсетудің көмегі өте зор. Ұстаздың шығарманы орындауы, кәсіби деңгейде болуы тиіс. Оқушыны домбырада ойнауға үйрете отырып, оны музыкалық түсінігін тереңдетіп, терминологиямен таныстыу қажет. Оқушы сольфеджио, музыка әдебиеті, теория сабақтарынан алған білімдерін мамандыққа байланысты сабақтарда пайдалана білуі керек. Білімді музыкантты тәрбиелеудегі мақсат мамандыққа баулу сабақтарының мазмұнын ұғындырып, музыкалық сабақтарды жақсы өткізу. Шығарма туралы түсінік беруде музыкалық теориялар мен терминдерді көбірек қолданған дұрыс. Сабақтың жақсы өтуі көбіне ұстаз шығармашылығына байланысты. Әрине, шығармашылық әрбір адамда бола бермейтін табиғи дарын. Өз өмірін ұстаздыққа арнаған жас ұстаздар мен музыканттар, орыстың атақты композиторы П.И.Чайковскийдің шығармашылыққа байланысты мына сөзін білгені абзал: «Шабыт-ол сондай бөлім, яғни жалқаулықты ұнатпайды. Ол өзіне талап қойған адамда болады». Сондықтан, жетістіктің талант пен еңбектің арқасында келетінін ескеріп, бойға берілген дарынды шыңдап, жетілдіріп отыру қажет. Бұл оң нәтижеге жетелейді.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *