Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы,
Әйтеке би кенті,
№234 Ж.Жабаев «Таңшолпан» шағын орталығы
Абжалелова Мейрамкүл
Тақырыбы: Қонжыққа арналған жидектер
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Мүсіндеу.
Тақырыбы: «Қонжыққа арналған жидектер»
Мақсаты: 1. Жемістерді ермексаздың кесегін домалақтау арқылы мүсіндеуге үйрету.
- Қолдың ұсақ қимылдарын дамыту.
- Ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар:
Сөздік жұмысы: жидек
Билингвальды компонент: жидек –ягода, қонжық –медвежонок.
Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеттері | Балалардың іс-әрекеттері |
Мотивациялық қозғаушы | Ғажайып сәт
—Балалар,бүгін біздің сүйікті ойыншығымыз- қоңыр қонжық қонаққа келді. Педагог қонжықты көрсетіп тақпақ оқып береді. Ақ қонжыққа не керек? Қоңыр қонжыққа не керек? Сүт пен айран іше ме? Құрт пен майды жей ме? -Балалар, қонжықтың тәтті тағамы жидек екенінбілесіңдер ме? Сөздік жұмысы: жидек. -Құлпынай мен жидек қайда өсетінің білесіңдер ме? Блингвальды компонент: жидек –ягода, қонжық –медвежонок.
|
Балалар қоңыр қонжықты қарсы алады.
Балалар жауап береді. -Сүт пен айран ішпейді. -Құрт пен майды жемейді.
-Білеміз. «Жидек» сөзін қайталайды. — Құлпынай мен жидек орманда өседі. |
Іздену-ұйымдастырушы | Балалар, қонжықтың себетіне сүйікті жидегін салып беруге көмектесеміз бе? Бүгінгі оқу іс –әрекетінде өз қолымызбен ермексаздан құлпынай мүсіндеп, қонағымызға сыйлайық.
-Балалар, бәріміз тақтаға қараймыз.
— Құлпынайдың көлемі қандай? — Түсі қандай? Педагог балалардың назарын өзіне аударып, мүсіндеу ретін түсіндіріп, өзі көрсетеді. — Балалар, бәріміз қолымыздағы мүсінді көрсетейік. Балалармен жеке жұмыс жүргізеді. – Мүсініміз құлпынайға ұқсай ма? –Сонымен, қонжықтардың сүйікті қорегі не екен? Сергіту сәті: Қолды оңға созамыз, Қолды солға созамыз. Бір орында секіріп, Біз демалып аламыз. Педагог дайын болған құлпынай мүсінін қағазға жапсыру амалдарын көрсетеді. |
Бүлдіршіндер қонжықтың себетіне сүйікті жидегін салып беруге деген ынта ықыластарын білдіреді.
Балалардың назары тақтадағы көрнекі құралға және үлестірмелі материалдарға ауады. Балалардың болжам жауаптары: -Кішкене. -Қызыл. Педагогтың нұсқауымен балалар жұмысты ретімен орындайды.
-Ұқсайды. -Тәп-тәтті,қып-қызыл құлпынай! Балалар қолдарын оңға, солға жайып, бір жерде тұрып секіреді.
Мүсіндеген құлпынайды алып, қағаз бетіне себетке мұқият жапсырады. |
Рефлексивті түзетушілік | Балалар, сендерге қонжық рахметін айтуда. Өйткені сендер бүгінгі тапсырманы өте жақсы орындадың дар. Педагог балалардың жасаған «Қонжыққа арналған жидектер» атты жұмыстарын жинап алып, ата аналарға көрсету үшін ұжымдық көрме қйымдастырады.
|
Балалар өзара қуаныштарымен бөліседі. |
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек:аюдың баласы қонжық қоректенетін жидек –құлпынай мүсінін жасайды:
Қандай түсініктерді игерді: мүсіндеуге құштарлығы мен бастаған істі соңына дейін жеткізуге дағдылануды, еңбекті ойынмен ұштастыруды игерді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: ермексазды алақанға салып, ырғақты домалатуды, қосымша заттармен әрлеу және негізгі мүсінге қосымшаны икемдеп жапыстыру әдістерін меңгерді.
[bws_related_posts]