«Жалпы білім беретін №25 орта мектебі»КММ
КГУ«Средняя общеобразовательная школа №25»
«Шебер қолдар»
Түсінік хат
«Шебер қолдар» үйірмесі балалардың белсенділігін, дербестігін,
ұқыптылығын, қойған мақсатынан таймауға төселдіріледі. Балаларға қосымша білім беруде баланың білімін, шеберлігін көрсету. Балаларды шығармашылық жұмысқа тарту арқылы танымдық қабілеттерін, қызығушылығын арттыру жетістіктерін бағалап көрсету, белсенділігін қалыптастыру, өздігінен еңбек етуге дайындау, іскерлігін дамыту. Саусақтарымен үнемі қимылдар жасауы, баланың жүйке жүйесінің жұмысын ретке келтіріп тыныштандырады, зейіні тұрақтанып, кез- келген қозғалыстарға икемді және болашақтағы жазуының әдемі болуына да ықпал етеді. Сол сияқты қағазбен жұмыс істей отырып, геометриялық пішіндермен (ұшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек), оның түрлі жақтарымен,айырмашылығы мен ұқсастығын айыра алу.Қағазбен жұмыс істеу орта топтарда балалардың бос уақытындағы қызықты әрекеті ғана емес, қалай орналастыру тәсілін есте сақтау қабілетін және зейінін дамыту, бұрынғы есте сақтаған білім, біліктілігін қайта жаңғырту құралы. Жапсыруға үйрету бұл 4-5 жастағы тәрбиенушілерге қиылған жолақ, шаршы, дөңгелек пішіндерді кеңістікте жай орналастырып үйренеді.Содан соң дайын пішіндерді қағаз бетіне орналастырады, іскерлік дағдыларын меңгерген соң жапсыру ережесімен танысады, жапсыруды үйренеді.
[bws_related_posts]