Басы » Cыныптан тыс » «Ал, қанекей, қыздар!» атты сайыс

«Ал, қанекей, қыздар!» атты сайыс

Ақтөбе облысы
Мұғалжар ауданы
Ембі қаласы
№4 орта мектеп
Ажаргуль Тугузбаева

«Ал, қанекей, қыздар!» атты сайыс

5-7 класс қыз балалары

Мақсаты: Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту. Өнерді тануға, қызығуылыққа баулу, әдептілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу.

Міндеттері: Ойын тәсілі арқылы оқушылардың ойын дамытып, пәнге деген қызығушылығын ояту; Өнерді түсініп, бағалап, меңгеруге бағыт-бағдар беру; Өнер үйренуде өз беттерінше ізденудің қажеттілігін сезіндіру.

Пәнаралық байланыс: Тарих, әдебиет, математика, бейнелеу өнері, биология,

Сайыс барысы:

Жүргізуші:

— Армысыздар қадірменді көрермен қауым! «Өнер, технология және дене тәрбиесі» пәндерінің апталығы аясында ұйымдатырылып отырған «Ал, қанекей, қыздар!» атты сайысымызға қош келдіңіздер.

Сайысқа қатысушы топтары ортаға шақырамыз.

Сонымен қадірменді көрермен қауым, ақылына көркі сай қыздарымыздың өнері мен өнегесін, білімі мен парасатын тамашалауға шақырамыз.

Ендігі сәтте бүгінгі сайысымыздың шартарымен таныстырып өтейін.

1-шарт. «Сәлем – сөздің атасы» – деп аталады, әр топ атымен, ұранымен эмблемасымен таныстырады.

2-шарт. «Бәйге» әр топқа 5 сұрақтан беріледі.

3-шарт. «Қонақ күтеміз» рольдік ойыны

4-шарт. «Тіл өнері» Жұмбақтардан  жасырылған сөздердің жауабын табу. Мақал-мәтелдер айту.

5-шарт. «Ас – адамның арқауы»  үй тапсырмасы.

Барысы:

Қазылар алқасымен таныстыру.

«Салем – сөздің атасы» Сайыстың 1 шарты бойынша топтардың атымен, ұранымен, эмблемасымен таныстыру.

«Кім жылдам?» Бағалау: турау дұрыстығы, шапшаңдық, ұқыптылық.

 

І айналым                                                     ІІ айналым

1-оқушы –        картоты аршиды;                                      — картопты турайды;

2-оқушы –        жұмыртқаны аршиды;                              — жұмыртқаны турайды;

3-оқушы –         сәбізді аршиды;                                         — сәбізді турайды;

4-оқушы –         қиярды дайындайды;                               — қиярды турайды.

«Бәйге»

Әр топқа 5 сұрақ беріледі, тез әрі нақты жауап беру керек.

1-топ

  1. Ұлттық бас киімді ата. (сәукеле, тақия, бөрік т.б.)
  2. Малдың сүтінен дайындалатын ұзақ уақыт сақталатын тағам (құрт)
  3. Үш арсызды ата. (ұйқы, күлкі, тамақ)
  4. Қалыңдыққа арналған бас киім (сәукеле)
  5. Төрт маусым: көктем, жаз, күз, қыс

2 – топ

  1. Қамырдың негізгі шикізаты (ұн)
  2. Көкөністен дайындалған салқын тағам. (салат)
  3. Шыт, атлас, жібек (мата)
  4. Бағалы металл (алтын)
  5. Үш жүз: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз

3 – топ

  1. Тамақтан соң ауыз сүртуге арналған орамал. (салфетка)
  2. Сумоншақтың орысша атауы (бисер)
  3. Жаңа туған сиырдың алғашқы сүті. /уыз/
  4. Дәмді ас пісіретін маман. /Аспаз/
  5. Жеті күн: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.

4 – топ

  1. Шашқа тағатын әшекей (шашбау)
  2. Үйдегі машина, бірақ онымен ешқайда бара алмайсың. (кір жуатын машина, тігін машинасы)
  3. Ұзатылған қыз киетін аса қымбат бағалы, кәделі, әсем баскиім. /сәукеле/
  4. Жіп иіру құралы. /Ұршық/
  5. Төрт құбыла: Шығыс, батыс, оңтүстік, солтүстік

5-топ

  1. Құрамында міндетті түрде қызылша болатын салат. /Винегрет/
  2. Сүттің ұйытылған түрі. /Айран/
  3. Іс тіккен кезде саусаққа киетін темір қалпақ. /Оймақ/
  4. Қазақ қыздары тақияның төбесіне не таққан (үкі)
  5. Үш арсызды ата. (ұйқы, күлкі, тамақ)

«Қонақ күтеміз»

Үйге қонақ келеді. Дүкенге барып керек тағамдарды алуымыз керек.

Әр оқушы дүкенге барып, өзі дайындайтын тағамына қажетті көкөністерді алады.

Содан соң әр оқушы осы тағамдардан жасайтын тағам түрімен таныстырып өтеді, технологиялық картасын түсіндіреді.

 «Тіл өнері»

Ал, қанеки, қыздар, ойнайық,

Ойнайық та, ойлайық

Қандай жұмбақ болса да,

Шешпей оны қоймайық – дегендей жұмбақ шешіп көрейік.

1-топ

  1. Бар екен дүниеде жалғыз көзді,

Сол көзбен дүниенің бәрін кезді.

Әлемді он сегіз мың киіндіріп,

Дүниеден жап-жалаңаш өзі безді.   (Ине)                Оқу инемен құдық қазғандай.

 

  1. Құрғақ жерде сақтайсың

Онсыз тамақ татпайсың.    (Тұз)                             Доссыз адам – тұссыз ас.

 

3.Екі семсер айқасқан,                                                   Асыл қайшы пішуге сән,

Оқта-текте шайқасқан.   (Қайшы)                           Күміс қасық – ішуге сән.

2-топ.

  1.  Арық ат қарны қабысқан

Бір көлді ішіп тауысқан.   (Қасық)                             Құрғақ қасық ауыз жыртар.

  1.  Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды,                                   Қоныс көркі – там,

Қонақтарды көңілдене сыйлайды.   (Дастархан)           Дастархан көркі – нан.

  1.  Бір сусын бар жұртымда,

Ішсең уыз ұртыңда.

Бәрі содан шығады,                                                       Жылқыда өт жоқ,

Ірімшік май құртыңда.  (Сүт)                                     Құста сүт жоқ.

3-топ 

  1.  Дастарханға шуылдап,

Күніне үш жиылар,

Жарты сағат қимылдап,                                       Шешесін көріп, қызын ал

Жарты сағат жуынар. (ыдыс-аяқ)                     Ыдысын көріп, асын іш.

 

  1.  Қимылдаса қос шебер,

Қыруар-қыруар іс өнер  (Қол)                             Көз қорқақ, қол батыр.

 

  1. Сүңгіп батып бұл мықты,

Бүтіндейді жыртықты.     (Ине)            Болат біз қап түбінде жатпас.

4-топ

 

  1.  Инеден өзі бір елі де қалмайды,

Бөлшектерді тігіспен ол жалғайды.   (Жіп)

  1.  Киім деуге жатпайды,

Киімді кірден сақтайды.   (Алжапқыш)

  1.  Тұмсығы мықты ,

Қыр мен ойды тегістеп шықты. (Үтік)            Ісмердің бүлдіргенін үтік жөндейді.

5-топ.

  1. Біреуге киін дейді,

Ал өзі киінбейді. (Тігін машинасы)

  1. Аузынан ішкені мұрнынан шығады.     (Шәйнек)
  2. Суда туады, суда өледі.        (Тұз)                Қыз ауыр ма, тұз ауыр ма?

 

 «Ас адамның арқауы»

Ендеше іске сәт сайыскерлер!

Ас көңілдің ажары деген ырым

Жақсы ғой тағамның да білген сырын,

Көрсетсін келесі сәт сайыскерлер

Дайындаған жаңашыл тағам түрін.

 

Өнер-білім тұңғиығынан нәр алған сайыскерлеріміздің тағам дайындау жағынан сыналар уақыты да жетті. Әр топ үй тапсырмасында дайынап келген тағам түрімен таныстырып, жасалу жолын түсіндіреді.

Осымен бүгінгі сайысымыз мәресіне жетті. Ал қазір кімнің ұпайы көп екенін білу үшін әділқазылар алқасына сөз кезегін береміз. Жеңген топ мараппатау қағазымен мараппаталады.

Қыздар, бүгін сендер өз білімдеріңді ортағас салып тамаша өнер көрсеттіңдер. Сайысқа қатысқан қыздарымзға және көрермендерімізге үлкен алғысымызды айтамыз.

 

Қорытынды: Салт-дәстүр, әдет-ғұрып ұрпақтан ұрпаққа үзілмей жалғасып келе жатқан халқымыздың асыл мұрасы. Салт-дәстүрлер қоғамдық әлеуметтік дүние, ол халықтың мінез-құлқы мен іс-әрекетінің рухани негізі. Халқымыздың осындай баға жетпес құнды қазынасын бүгінгі ұрпақтың санасына сіңіріп, әрі қарай жалғастыруына мүмкіндік жасау басты мақсатымыз.

 

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *