Басы » Бастауыш сыныптар » Өз үйімді сипаттаймын. Дыбыс. Сөйлем. Сөйлеу.

Өз үйімді сипаттаймын. Дыбыс. Сөйлем. Сөйлеу.

 

Күні:

Сынып: 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Мұғалім: Багитова Айман Уркишбаевна

Атырау облысы, Мақат ауданы, Мақат поселкесі

М.Баймұханов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Сабақтың тақырыбы Өз үйімді сипаттаймын. Дыбыс. Сөйлем. Сөйлеу.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.3.8.1 жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу
Сабақтың мақсаттары Барлығы:Жаңа білімді меңгереді.

Көбі:Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.

Жетістік критерийлері Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.

Құндылықтарды дарыту Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс Өнер, ана тілі сабағы
АКТ қолдану дағдылары Аудиожазба , таныстырылым.
Тілдік құзыреттілік Дом-үй-house
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

3 минут

Қолдарыңды көтеріңдер – бір дейік.

Көп отырып, қатты шаршап жүрмейік.

Қолды создық, басты бұрдық – екі деп,

Қозғалыспен әрбір адам жетіледі.

Алға, артқа қарадық та – үш дедік.

Тағы жаңа жаттығулар істедік.

Түсірейік қолды төрт пен бесті айтып,

Отырайық көңілді енді марқайтып.

/Б.Бөрiбаев/

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

 

 

 

 

Шаттық шебері

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

6 минут

 

 

№1 Өлеңді мұқият тыңда.

Өлең не туралы?

№2 Өлең мазмұнын жоғарыдағы  суреттердің көмегімен толықтырып көр.

 

Таныстырылым, оқулықпен жұмыс

Сергіту сәті

1 минут

Оңға түзу тұр,

Солға түзу тұр.

Алға бір адым

Артқа бір адым.

Оңға бұрылып,

Солға үңіліп

Жоғары, төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

Сергіту сәтіне арналған жинақ
Қызықты тапсырма

8 минут

№3 Суретке қарап, бала тағы қандай  жағымсыз әрекеттер жасағанын болжа. Түрлі тапсырмалар
Аяқталуы

 

15 минут

 

 

 

Диктофон немесе бейнекамераны пайдаланып мұғалім оқушылардың үйлерін сипаттау сәтінің соңғы нұсқасын жазып алады.

Тапсырманы күрделендіру: оқушылар сипаттау барысында тіл байлығын көрсете отырып үйлерінің сипаттамасын толық айтып  бере алады.

Оқушыларға қолдау көрсету үшін сөз (дыбыстық құрамын) сызбасын  жазуда көмек көрсетемін.

—          дәптер бетіндегі суреттерді бояу;

—          әртүрлі (түзу, қисық, сынық) сызықтар сызу;

—          заттарды үздік сызықтар арқылы қосу.

 

 

 

Оқулық, дәптерлер.

 

Сабақтың соңы

2 минут

 

Рефлексия  

Кеменің суреттері

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?  

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін  тексеру жоспарыңыз?

 

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

 

Оқушылар өздері жасаған  бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)

 

Өнер, ана тілі сабағы

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *