Басы » Кембридж бағдарламасы » Сайын Мұратбеков «Жусан иісі»

Сайын Мұратбеков «Жусан иісі»

%d0%b6%d1%81Хасенова Гульнар Жуматовна

Көкпекті орта мектебі

Көкпекті ауылы Шығыс Қазақстан облысы

Пән аты, сынып, күні  

Қазақ әдебиеті 7 — сынып

Мұғалімнің аты-жөні Хасенова Гульнар Жуматовна
Тақырыбы Сайын Мұратбеков «Жусан иісі»
Жалпы мақсаты Шығарманың  идеясын, тақырыбын ашқыза отырып, шығарманы   құрылысына қарай талдату, тақырыпты меңгерту арқылы ақыл – ойларын, ой — өрістерін, тіл  байлықтарын дамыту, адамгершілікке, бауырмалдыққа, достыққа, мейірімділікке   тәрбиелеу
Ресурстар Күнтізбелік жоспар, оқулық, тірек сызба, аудиокітап.
Әдіс-тәсілдер түсіндіру, тірек білімді белсендіру, талдау, салыстыру.
Күтілетін нәтиже Шығарманың идеясын, тақырыбын ашады, ой-өрісі дамиды.
Модульдер «Оқыту  мен оқудағы жаңа тәсілдер» , «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау»«АКТ»,«Талантты және дарынды балаларды оқыту», «Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту», «Диалогтік оқыту». Қ.Бітібаева «Ой тастау, Ойланту. Ойлау.»
Сабақтың түрі Жаңа білімді меңгеру сабағы
Сабақтың барысы Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Бағалау
Кіріспе Сәлемдесу

Поэзия минуты

Сәлемдеседі

Өздеріне ұнайтын өлеңді жатқа айтады.

Ой шақыру. Жусан, оны туған жер символы есептеу мәселесі аясында ойланту.

—          Балалар, осы жусан деген не?

—          Ол қандай өсімдік?

—          Оны неге туған жер символы санаймыз?

—          Жусанға байланысты қандай аңыздарды білесіңдер?

Оқушылар осы тақырып аясында ойланып, ой бөліседі. Формативті бағалау.

Тамаша!

Дұрыс айтасың! Т.с.с.

Жаңа тақырып:

«Жусан иісі» (озық тапсырма бойынша повесті оқып келген)

Жетондар арқылы топқа бөлемін. «ашық» және «жабық» сұрақтар қоя отырып, өткен тақырып бойынша сұхбаттасуға жетелеу.

Ыстық орындық:Сайын Мұратбековтың өмірі мен шығармашылығы (әр топтан оқушы шығып, үш сұраққа жауап беруі тиіс.

1) Сайын Мұратбеков қай жылы, қай жерде дүниеге келді? (1936 жылы Талдықорған өңірі Қапал ауданы, Қоңыр ауылында дүниеге келген)

2) Қай жылы қай оқу орнын бітірді? ( 1971 жылы Мәскеудегі  М. Горький атындағы Әдебиет институтын)

3) «…Сайын өзіне ғана тән тапқырыптық, жанрлық, стильдік даралығы, ерекше сөз нақышы, ашық үні, өзіндік бояуы бар шығармаларымен танылды» деп пікір айтқан кім? (Мырзатай Серғалиев)

4) Қай салада қызмет етті  (Мұғалім)

5) Жазушының  ең алғаш  шығармалары қай жылы  жарияланды? (1954жылы)

6) Ел арасына тараған қандай шығармаларын білесіңдер?

Сахналау.

Топқа бөлінеді. Берілген сұрақтар аясында ойланып, жауап береді, диалогқа түседі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар Аянды алғаш кездестірген сәтті сахналайды.

Формативті бағалау: Жарайсың! Бәрекелді!

Дұрыс айтасың!

Кім? Қашан? Қайда? Аудиокітаптан шығармалардан үзінді тыңдатамын. Оқушылар қай кейіпкерлердің қашан, қай жерде айтқанын табады.

1 – топқа. 1) — Әй, анау кім ,ей? (Садықтың Аянды  ең алғаш атыспақ ойнап жүргенде көрген кезі)

2) – Барлық әріптерді неге тезірек үйретпейді екен? (Аянның мектепке барып жүргендегі сөзі)

2 – топқа:  1)  — Үйбай, бетім –ай, бұ дүбірлеген не десем, мыналар екен ғой (Бапайдың кемпірінің  ертегі тыңдап отырған балаларға айтқан сөзі)

2) – Тұра ғ ой. Мына  жарты күрешкідегі сүтті Аянға апарып берейін (Есікбайдың анасы, Аянды Тұражан сабап тастағанда сүт апарып беретін кезі   )

3 – топқа: 1) – Иә, неге келдіңдер , балалар? (Аян аяғын салдыруға барған дағы Асылдбек шалдың айтқан сөзі)

2) — Әй, жетпегірлер , тұрыңдар! (Тұражанның жер жырту науқанындағы балаларға көрсеткен қорлығы)

Пікірлесу. Ойланту. 1.Автор повесті неге «Жусан иісі» деп атады?

2.Аян ертегісінің «Бір жетім бала болыпты » деп басталуының себебі неде?

3.Аян ертегіні көп айтады, бірақ неге мазмұны толық берілмейді?

Ойланады, ой түйеді. Өзін-өзі  бағалау
«Автор қаламы» Өздерің автор болғанда шығарманы қалай аяқтар едіңдер? Оқушылар шығарманың өз қалаулары бойынша аяқтап жазады. Формативті бағалау. Жарайсы! Бәрекелді! Тамаша!
Рефлексия Сұрақтар қою арқылы түсінгендерін  бақылаймын. Мұғалімнің жетелеуші сұрақтарына жауап береді. Формативті бағалау.
Бағалау  «Жетім көрсең жебей жүр» тақырыбына 3 минуттық эссе жазу

 

Жиынтық баға
Үйге тапсырма  «Баяғыда бір жетім бала болыпты…» деп басталатын Аян ертегісін жалғастыру.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *