Мұғалім: | Б.Б.Бекенова. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәні:дүниетану | Сыныбы:1 «ә» Ашық сабақ | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | ІІІ тоқсан 12.02.16. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тақырыбы: | Сүтқоректілер | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Мақсаты: | Оқушыларға жануарлардың ерекше тобы сүтқоректілер туралы түсінік беру. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күтілетін нәтиже: | А: сүтқоректілердің адамдармен қандай байланысы бар екенін түсінеді.
В: сүтқоректілердің ерекшеліктерін біледі. С: жаңа тақырыпты тапсырмаларды орындауда жүйелі қолданады, тіл мәдениетімен байланыстырады |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Керекті жабдықтар: | Дүниетану оқулығы К.А.Аймағамбетова, Т.С.Идилова,
Алматыкітап баспасы, проектор,видеоподкаст,постер,маркер,энциклопедиялар,Кызыл кітап |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тапсырмалар: | Кеңейтілген: А,Б,С деңгейлік тапсырмалар.Әзірге кедергісі бар балаларға: топшамалар,кестелер,дидактикалық материал. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Модульдер: | 1.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. | 5.Таланты және дарынды балаларды оқыту. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
2.Сыни ойлауға үйрету. | 6.Оқушылардың жас ерекшеліктері. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
3.ОүБ және ОБ | 7.Оқытудағы басқару және көшбасшылық | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
4.АКТ | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Әдістер: | Сұрақ- жауап, диалогтік оқыту, сыни ойлау стратегиялары, жеке, жұптық, топтық жұмыс. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау | Қолпаштау, мадақтау, басбармақ,смайлик,екі жұлдыз бір ұсыныс. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың барысы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың кезеңдері | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Кіріспе
3мин |
Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін
психологиялық дайындық Күн шуағын жинаймыз, Бағалаушы әр жауапқа жұлдызша беріп отырады. Топқа бөлу: І топ – жәндіктер ІІ топ – балықтар ІІІ топ – қосмекенділер ІV топ – жорғалаушылар Топ ережісін құрау |
Бағалаушыны сайлау
Көшбасшыны сайлау.
Топ ережесін құрады, айтады
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тұсау кесер
12мин |
Үй тапсырмасын сұрау Топтық жұмыс
Өсімдіктердің көбеюі тақырыбын «Детальдарын қосу »әдісімен тексеру 1-топ:Топыраққа түскен тұқымнан жаңа ……. өсіп шығады.Олар өседі, гүлдейді,…. және … береді. (өсімдік,жеміс,тұқым) 2-топ: Бір өсімдікте … немесе … тұқым болады. Қияр,қызанақ,қарбыз,орамжапырақ,сәбіз,астық …. арқылы өсіріледі. (бір,бірнеше,тұқым) 3-топ:Картоп …. өсіріледі. Пияз,сарымсақ …. өсіріледі. (түйнегінен,жуашығынан) 4-топ:Таңқурай ….бөлігінен өсіріледі.Қарақат сбағының бір …. өсіріледі. (тамыр,бөлігінен) Фишка арқылы бағалау Ой қозғау -Берілген дыбыстарды ажыратып,ретімен қойып оқыңдар -Қандай сөз шықты?
Шешуі: «Сүтқоректілер» -Бүгінгі жаңа тақырыбымыз Сүтқоректілер деп аталады. |
Топпен жұмыстанады
Детальдарын толықтырады,оқиды,тақтаға іледі. Топтық бағалау,фишка жинау.
Ой қозғауға кестедегі әріптерді ажыратып,қосып оқып,тақырыпты ашады |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Негізгі бөлім
24мин |
-Жануарларға нелер жатады?
— Олар немен қоректенеді? — Балаларын немен қоректендіреді? -Ауылда,үйде сүтқоректілерді кездестіресіздер ме? а) Танымдық видеоподкаст « Қазақстан жануарлары» ә) Дәптермен жұмыс Күннің жадын жазып,ауа-райын белгілеу,тақырыпты жазу. б) Оқулықпен жұмыс — өзіндік білім алу(іштей оқу) — тізбектеп оқу — бөлікке бөліп әр топтан бір оқушыға оқыту. Сүтқоректі жануарлар туралы біз не білеміз? (қосымша мәлімет) Ойын:«Жануарлар қалай аталады және дыбыстайды?» қимылмен көрсетіп,ағылшынша-қазақша атауын айту. Сәйкестендіру тесті «Жұбын тап» в) Сергіту сәті.Бейнеролик Сен білесің бе?(өз өлкесімен байланыстыру) «Табиғат және экология »мұражайы1990 жылда ашылды.Орал қаласында Достық жаңғылы 151/2 мекен жайында орналасқан.Мұнда 3 үлкен залы бар.1-ші бөлмеде жер астында ертеде табылған жануарлардың бас сүйектері мен БҚО-ның пайдалы қазбалары туралы экспонаттар ,2-ші бөлмеде бунақденелілер мен дала жануарларының экспонаттары,3-ші бөлмеде орман-тоғайда мекендейтін ,кезедесетін аң-құстар,балықтар бар.Соңында ҚР-ның Қызыл кітабына енгізілген жануралармен аяқталады. г) Топпен жұмыс 1-топ: Берілген суреттерді екі топқа бөліп топтау,анықтау. 2-топ: Жануарлардың төлдерін сәйкестендіру. 3-топ: « Қар үйіндісі» әдісі бойынша сұрақ қойыңдар. 4-топ: Ой толғау.Өздерің жақсы көретін сүтқоректіге ой толғау жазыңдар. Талантты және дарындыға тапсырма Дарындыға:5 жол өлең құрастыру « 5 жолды өлең » Талантты 4 оқушыларға:пазлы Керік,піл,елік,арыстанды құрастыру,атын атап көрсету.
д) Семантикалық картамен жұмыс(жаппай)
Жануарлар мен аңдардың төлдерін қалай атайды? Түлкі баласы – жәудір, мырмай, міршәй Жолбарыс баласы – арлан, шөнжік, таутан, сарымақ Есек баласы – құдыға, көдек, қодық
|
Диалогтық әдіс
Видеоподкаст Өзіндік білім алу Мәтінмен жұмыс
Қосымша мәлімет
Танымдық ойын
Ағылшынша-қазақшаға адару
Жеке сәйкестендіру тесті
Сергіту
«Сен білесің бе?»
Топпен жұмыс Қорғау,топтық бағалау,фишка жинау,топ ережесін сақтау
Талантты және дарынды оқушымен жұмыс
Жаппай тапсырма Кесте толтыру
Қосымша мәлімет |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қорытынды
5мин |
«Ұяшықты таңдау»әдісі
Өзі таңдаған ұядан 1-8 сандары бойынша сұраққа жауап береді. 1- Қандай жануарларды жабайы аңдар дейміз? 2- Жануарлар неше топқа бөлінеді? 3-Тосын сый 4- Жануарлардың 6 тобын атап бер. 5- Сүтқоректілерге нелер жатады? 6-Тосын сый 7- Жануарлар не себептен үй жануарлары деп аталады? 8- Сүтқоректілер балаларын қалай асырайды? Топ басшысы фишкаларын санайды,мұғалім оқушыларды жетістігмен формативті бағалайды. Үйге тапсырма:Мәтінді оқу,мазмұны,сүтқоректілерге альбом жасау |
Ұяшықты таңдау әдісімен қорытындылау | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Рефлексия
1мин |
Стикерге атын жазып «Нысанаға» іледі.
-Маған бүгін сабақта бәрі түсінікті болды -Сұрағым бар -Сабақ қатты ұнады — Қиналдым деген төрт тұсы болады. |
Кері байланыс | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Өзіндік талдау
Өзгеріс: |
Кіріспе бөлімінде оқушылар топтасып ,топ ережесін еске түсірді.Тұсау кесер бөлімінде өткенді «Детальдарын қосу» әдісі арқылы топпен жұмыстана отырып бекітті. Топпен жоғалған детальдарды толықтырып жазып,тақатада оқып берді,топтық бағалау болды.Жаңа сабақтың тақырыбын ой қозғау арқылы ана тілі пәнімен байланыстыра отырып ашып алды.Оқушылар дыбыстар туралы білімдерін бекіте отырып,тақырып «Сүтқоректілер» деп жазды. Негізгі бөлімде сыныпта диалогтық әдіс арқылы жаңа тақырыпты қозғап,танымдық видеоподкаст « Қазақстан жануарлары» тақырыбында қосымша ғылыми мағлұмат берілді.Оқулықтан мәтінмен танысуға уақыт беріліп өзіндік білім алу болды.Мәтінмен танысып,дауыстап тізбектеп оқып шықты.Сұрақ-жауап әдісімен талданды. Сүтқоректі жануарлар туралы не білеміз? деп ой тастап,оқушылардың пікірлері тыңдалып,осыдан соң «Жануарлар қалай аталады және дыбыстайды?» ойын жалғасты.АКТ арқылы ойын дыбысталып,қазақша-орысша-ағылшынша сүтқоректілер аталапы жұмбақ шешілді бұл топтық тапсырма болды. Топпен жұмыс
1-топқа: Берілген суреттерді екі топқа бөліп топтау,анықтау. 2-топқа: Жануарлардың төлдерін сәйкестендіру. 3-топқа: « Қар үйіндісі» әдісі бойынша сұрақ қойыңдар. 4-топқа: Ой толғау.Өздерің жақсы көретін сүтқоректіге ой толғау жазыңдар.Талантты және дарындыға жеке тапсырмалар берілді.Дарындыға:5 жол өлең құрастыру,талантты 4 оқушыға:пазлдар құрастыру(Керік,піл,елік,арыстан). Сыныпқа жаппай семантикалық карта берілдіп өз беттерінше орындады,тексерілді. «Жануарлар мен аңдардың төлдерін қалай атайды?» қоысмша ғылыми мағлұматтар берілді.Қорытындылау мақсатында оқушыларға «Ұяшықты таңдау» әдісі жүргізілді.Оқушылар ұя таңдап сол цифрдан жаңа тақырыпқа байланысты сұрақтар шығып жауап берді.Топ басшылары сабақ басында тағайындалып,түсті қалпақшалармен ерекшеленіп отырды олар топты басқарып,әр жауап береген оқушыға топтағы фишка үлестіріп отырды.Сабақ соңында әр оқушы фишкасын санап сол бойынша мұғалім формативті түрде бағалады.Үйге тапсырма беріліп, кері байланыс ретінде стикерге аттарын жазып «Нысанаға» ілді.Сабақ мақсатына жетті. Алдағы уақытта оқушыларды топтық жұмыста ұйымшылдыққа баулу, нақты жауап беруге ,ойын тиянақты жинақтауға үйрету.Топтық ережені сақтауға дағдыландыру.Уақытты үнемді пайдалануға төселдіру.
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
[bws_related_posts]