Басы » Cыныптан тыс » Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында

2016 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойын еліміз атап өтпек. Бұл мерейтой — халқымыз үшін аса маңызды және құнды мереке.
Тәуелсіздік – халқымыздың  бақ жұлдызы.

«Қаз тұрып, қадам басқан тәуелсіздік сәбилік тұсауын өміршең уақытқа кестірген кезден бастап, осынау 15 жылдың бедерінде айшылық жерді алты рет аттаған алып секілді, дәуір жалынын мығым ұстап, тізгінін бекем қаға білді» — деп, көшбасшымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, тәуелсіз Қазақстанды бүкіл әлем таныды.

Тәуелсіздіктің қалыптасу жылдарында Қазақстан Республикасы биіктерден көрініп, көптеген жетістіктерге жетті. Халқымыздың тұрақтылық, еркіндік, бірлік сияқты негізгі құндылықтары қалыптасты.
Мерекеге Білім беру мекемелерінде қызу дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеудің негізгі мақсаттары:
тәуелсіздіктің 25 жылы ішіндегі Қазақстанның жетістіктері мен табыстарын паш ету;
қазақстандық қоғамның одан әрі табысты дамуы үшін топтастырудың өзегі болып табылатын «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы мен оның құндылықтарын ілгерілету;
бірегейлік пен бірлікті нығайту;
ел үшін мақтаныш сезімін нығайту;
мемлекеттің басты стратегиялық міндетін іске асыру — әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіруіне еліміздің барлық азаматтарын тарту.

Жастарды бірлікке, ынтымақтастыққа, отансүйгіштікке, адамгершілікке, қазақ тілін құрметтеуге тәрбиелеу.
Осы мақсаттарды жүзеге асыру барысында Әуезов ауданының №116 коммуналдық жалпы білім беретін мектебі  Тәуелсіздіктің 25 жылдығын мерекелеу шеңберінде  БОСТАНДЫҚ,  БІРЛІК, ТҰРАҚТЫЛЫҚ, ЖАСАМПАЗДЫҚ,  ӨРКЕНДЕУ сияқты негізгі «Арқаулы құндылықтарды» қолдана отырып, қараша айынан бастап әртүрлі іс-шаралар өткізіп келеді.

Мысалы: «Ядролық қарусыз әлем», «Ұлттық валюта –теңге», «Мемлекеттік тіл», «Мемлекеттік рәміздер» т.б.

«Тәрбиелі адам — тағалы атпен тең» демекші, біздің ұстаздар осындай мерекелік шаралар өткізе отырып, отансүйгіштік, елжандылық, патриоттық сезімді ұрпақ жадына сіңіруде. Өйткені, әрбір ұстаздың міндеті – шәкірттерді патриоттық рухта, ұлтаралық ынтымақтастықты сақтауға, өз ана тілін сүйіп, өзге тілді құрметтеуге  тәрбиелеу. Сонымен қатар, оқушылардың қызығушылығын арттырып, білім деңгейін дамытады.  Біздің іскер, тәжірибелі  ұстаздар: Гвоздева Н.В., Пасечникова Н.Ю., Біркелемова А.Т., Тойбагарова К.С., Чудабаева Н.Т., Кулдибаева А.А., Берік Т.К., Айдарбекова Ф.Ж., Нурдунова Ш.М., Жумабаева А.Ж., Бейсекеева Г.Т., Габрильян Т.Н., Куприянович Л.Ф., Нурбаева Ж.Н., Цыганкова Н.А., Сайфулина С.А. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына байланысты өткізген мерекелік іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастыра білді.

«Еліңнің ұлы болсаң, Еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып — көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!» деп Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтпақшы, жердің де, елдің де иесі өзіміз екенімізді ұмытпай, тәуелсіз мемлекетіміздің одан әрі дамып, нығаюы жолында барлық күш-жігерімізді салайық!

Тәуелсіздігіміз мәңгілік болғай!

Айманайым Жумабаева

 Әуезов ауданы                                                                                                 №116 жалпы білім беретін мектеп

директорының тәрбие ісі жөніндегі

 орынбасары

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *