Басы » Бастауыш сыныптар » Суық күндер

Суық күндер

Күні: 10.02. 2015 жыл Пәні: Қазақ тілі Сынып: 3 «В»
Сабақтың тақырыбы: Суық күндер
Сабақты мақсаты: Қыс мезгілі туралы түсініктерін, балалардың даму деңгейлерін анықтау.
Сабақтың міндеті: Суық күндер туралы мағлұмат алады.

Ойлау қабілеттері, танымдық әрекеттері, белсенділіктері артады.

Табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдері: «Миға шабуыл», «Адасқан әріптер», «Кір жаятын жіп», «Қай жыл мезгілі?» ойыны, топтастыру
Негізгі дерек көздер: 3-сынып Қазақ тілі Алматы «Атамұра»  2014;
Көрнекіліктер: Интербелсенді тақта, плакат, тірек сызба, сөздік, стикерлер
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдері: Мақсаты Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
 

Ұйымдастыру

кезеңі

 

Ынтымақтақтастық атмосферасын қалыптастыру

Оқушыларды сабаққа дайындау.

Балалар, бүгін біз сабағымызда көп жұмыс түрлерін жүргіземіз. Негізгі мақсат: тереңірек білім алу, үйрену.

— Білім кімдерге керек?                                            — Қандай уәде бересіңдер?                                         «5» болсын алар бағамыз                               Біліммен бақыт табамыз                                     Қазақ тілін білмесек                                                     Бәріміз ұятқа қалармыз.

Кәне, ендеше сабағымыз жақсы өтсін деп, бір бірімізге сәттілік тілейік.

 

Балалар біз өткен сабақта жыл мезгілдері туралы өткен болатынбыз. Сол тақырыпқа байланысты суреттерді таңдап алыңдар.

 

Ендеше ол туылған айларыңа байланысты топқа бөлінеміз. Күз бен қыста туылғандар «Суық түс» тобына, көктем мен жазда туылғандар «Жылы түс» тобына жайғасамыз.

 

Балалар, бүгінгі сабағымызды екі топ бір-бірлеріңді бағдаршам арқылы бағалайсыңдар.

 

Сұраққа толық жауап – жасыл түс

Жартылай жауап  – сары түс

Жауап бере алмаса – сары түс көрсетесіңдер.

 

Сабаққа жақсы қатысса

 «Миға шабуыл» әдісі

 

Ендеше, топты неге «суық түс», «жылы түс» деп алдым?

 

 

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, бір-бірлеріне тілек айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар өздеріне ұнаған суреттерді таңдап алып, не үшін алғандары туралы түсінік береді.

 

 

Өз топтарын тауып отырады.

 

(Бұл әдісте оқушылардың  жыл мезгілдерін, 12 ай атауларын, ауа райын білетінін байқауға болады. Сөздік қорлары артады.)

 

Әр топ өз топтарының мағынасын түсіндіріп өтеді.

 

Білу

 

Кешегі мен бүгінгіні байланыстыру

 

Үйге сендерге Абай атамыздың жыл мезгілдеріне байланысты «Қыс», «Жаз», «Күз» өлеңдерін жаттап келу болатын.

Ал қалған оқушылар жаттаған өлеңдеріңнен бірінші қатардағы сөйлемге талдау асаймыз.

 

«Сұр бұлт түсі суық»,  «Жазың көркі енеді», «Ақ киімді, денелі» сөздеріне математикалық талдау жасайды.

 

Оқушылар өздерінің жаттап келген өлеңдерін мәнерлеп айтады. Орындарына отырып әр оқушы жекелеп параққа математикалық талдау жасайды. Екі оқушы талдауды тақтада орындайды, дәлелдейді.

 

Түсіну

 

Тақырыпты ашу

 

Екі топқа плакат беріледі. «Қыс» сөзін топтастыруы керек. М

Қыс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
Әр топ топтастырып жазады.

 

 

Ал балалар бұл сөздердің ішінде біздің жаңа сөздігіміз бар екен. Жаңа сөздікпен танысайық.

 

қазір-сейчас                                           аяз-мороз                                                     қар-снег                                                             аязды-морозный                                                    қарлы-снежный                                                суық-холодный

 

1-тапсырма

«Адасқан әріптер» әдісі

Осы әдіс бойынша сендерге қорапша беремін сол қораптағы әріптерді біріктіріп, әуен біткенше сөз құрауларың керек. Сол сөздерден сөз тіркесін, сөйлем құраймыз.

 

 

Қыс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
Әр топтан 1 оқушы шығып оқиды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар берілген уақыт ішінде адасқан әріптердің орнын тауып, сол шыққан сөздеріне сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырады.

 

Қолдану

 

Берілген мәтінді топ ішінде талқылау, әңгімелеу.

 

2-тапсырма. Диалогты түсініп оқы

 

Кітабымызда берілген диалогты екеуара оқып, аударамыз.

 

Бүгінгі күнді жазамыз.

Көркем жазуды түсіндідір өту.

 

3-тапсырма.

Балалар біз өткен сабақта болымсыздық етістікті өткен болатынбыз. Ережесін қайталап өтейік.

Ендеше келесі тапсырмада берілген сөз тіркестерін болымсыздық етістікке айналдырып жазу.

 

—          Дәптерді ал!

—          Кітапты жап!

—          Тақтаға жаз!

—          Партаға сыз!

—          Терезені аш!

—          Есікті жап!

—          Қаламды бер!

—          Сызғышпен сыз!

—          Теңізде жүз!

—          Өзенде шомыл!

—          Шай  іш!

—          Шырынды төк!

 

Әр топтан екі оқушыдан оқиды. Қалғандары сурет бойынша ауызша диалог жүргізеді.

 

 

Дәптерлеріне көркем жазуды жазады.

3-тапсырманы өз беттерінше орындайды.

 

Әр оқушы бір-бірден оқып шығады.

 

Сергіту сәті

 

Сабаққа деген белсенділіктерін арттыру.

 Балалар кітапта берілген сергітуді орындайық

Сергіту

Көжегім тұршы

Бетіңді жушы

Шашыңды тарашы,

Айнаға қарашы.

Мектепке баршы,

Орныңа отыршы,

Сабағыңды оқышы.

 

«Жұмыр қылыш» күйіне билейді.

 

 

 

 

Талдау

 

Ойларын ортақтастыру.

 

4-тапсырма

«Кір жаятын жіп» әдісі арқылы орындаймыз. Бұл тапсырмада сөйлем құрап үйрен деген. Мына киімдерде сөздер жазылған сол сөздерден тізбектеу арқылы сөйлем

құрастырамыз.

 

Суық, боран, аязды, қарлы, қазір, қар сөздеріне тізбектеу арқылы сөйлем құрап айтады.

 

Жинақтау

 

Сыни тұрғыда ойлана отырып пікір алмасу

 

Күзде күн суыта бастайды. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Қар жауады. Күн суытады. Балалар қардан аққала жасайды. Жапырақтар сарғайып, жерге түседі. Жаңа жыл мерекесі болады.

 

Көктемде қар ериді. Бәйшешек шығып, жылғалардан су ағады. Наурыз мерекесі болады. Күн ыстық болады. Балалар суға шомылады. Жеміс-жидектер піседі.

 

Оқушылар қиылған сөйлемдерді рет-ретімен қою арқылы мәтін құрастырады. Сол мәтін бойынша сурет шығады.

 

Бағалау

 

Рефлексия. Сабақтан алған әсерлерін білу.

Кері байланыс орнату.

Сабақтың ұнағаны_________________

Сабақтың ұнамағаны_______________

 

Бағалау парағы

 

Оқушының аты-жөні

Үй тапсырмасы «Адасқан әріптер» әдісі

 

Диалогты оқуы Тапрсыманы өз беттеріне орындауы Кір жаятын жіп Баға
             
             
             
             
             
             
Әр оқушы өз пікірлерімен бөліседі. Өз аттарының тұсына іледі. Білім ағашына іледі.

 

 

 

 

 

 

Әр топ басшысы балдық жүйемен бағалайды.

Үйге тапсырма Үйге берілген тапсырманы түсіндіру. «Ыстық күндер» тақырыбына эссе жазу.  
Бағалау Оқыту үшін бағалау Бағалау критерийіне сүйене отырып, суммативті бағаны шығарады. Бағалау критерийіне сүйене отырып бағалайды.
[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *