Пән мұғалімі: А.Ш.Айтуова
Сабақтың тақырыбы: Малды пайдаға жарату. Ыбырай Алтынсарин
Сабақтың мақсаты: Мәтіндегі негізгі ойды табу
Міндеті:
- Мәтіндегі басты кейіпкерге талдау жасай отырып, мәтіннің тақырыбын, мазмұнын ашуға жағдай туғызу;
- Топтық жұмыс арқылы ойын сауатты, әдеби тілмен жеткізу дағдысын дамыту.
- Еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа, қамқорлыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, топтық жұмыс, жеке жұмыс, жұптық жұмыс, сұрақ – жауап,талдау.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі:Ы.Алтынсариннің суреті, төрт түлік малдың суреттері, қима қағаздар, постер, көрме.
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі: 1) Қонақтармен сәлемдесу.
2) Топтың атын анықтау.
I топ: «Ақылдылық»
II топ: «Еңбекқорлық»
III топ: «Қамқорлық»
ІV топ: «Мейірімділік»
- Үй тапсырмасын сұрау.
«Зерделі» аңыз (Сахналау). Оқушылар мәтін мазмұны бойынша сахналық қойылым көрсетеді.
Ой шақыру.
- Төрт түлікке нелер жатады?
- Төрт түліктің пірлері қалай аталады?
- Төрт түліктің қандай пайдасы бар?
- Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз не туралы болмақ?
- Ендеше, осы төрт түлік малдың пайдасы, оны қалай пайдаға жаратуға болады? Сол туралы оқып білеміз.
III. Жаңа сабақ.
- Қызығушылығын ояту.
— Ыбырай Алтынсарин кім?
— (оқушылардың жауабы тыңдалады)
- Оқулықпен жұмыс
А) іштей оқу
Ә) дауыстап оқу
Б) сөздік жұмыс (дәптермен жұмыс)
Г) жұптық жұмыс
Ғ) топтық жұмыс
1- топ. «Қарыз» топтастыру жасайды.
2- топ. Анықтама – сөздік жаз.
3- топ. Үйші қандай адам? Үйші бейнесінің сипатын тап.
4- топ. Мал туралы тыйым сөздер жаз.
ІV. Сергіту сәті. Ы.Алтынсарин «Кел балалар оқылық»
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Оқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ жағылар,
Тілегенің алдыңнан
Іздемей – ақ табылар.
- Қорытынды. Сұрақ-жауап әдісі.
— Үйші өз борышын қалай өтеді?
— Үйшінің «өсімге жіберемін» дегені не екен?
— Балалар, біз қандай атаулармен топқа бөліндік?
— Бұл адам бойындағы қандай қасиеттер? Жақсы ма, жаман ба?
— Осы қасиеттер мәтінде көрініс тапты ма?
— Мысалы еңбекқорлықты қай жерден байқауға болады? Т.б
- Үйге тапсырма.
- Ыбырай Алтынсарин туралы мәлімет жинақтап келу.
VII. Бағалау. Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мақтап- мадақтау арқылы бағалау.
VІІІ. Кері байланыс.