Астана қаласы
№83 Мектеп-гимназия
Орындаған: Сарсенова Назым Ануарбековна
Тақырыбы: «Жүрегім соғар елім деп»
Мақсаты: Қазақстан Республикасының жеткен жетістіктері туралы оқушылардың білгендерін ортаға салу. Оқушыларды туған жерін, елін, Отанын сүюге қорғауға, сақтауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілік: Туған жер туралы қанатты сөздер. Отан туралы оқушылар салған суреттер.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ — жауап, топтық жұмыс
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Әнұран
ә) «Тәуелсіздік күнімен» құттықтау
б) Сабақтың өту барысымен таныстыру.
ІІ. Топқа бөлу.
Мұғалім: Құрметті оқушылар «Жүрегім соғар елім деп» аталатын тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңдер.
ІІІ. Ой толғау.
Біз бұдан бұрын Отан, туған жер туралы тәрбие сағаттарын өткенбіз. Кәне ,еске түсірейікші.
-Біз қай мемлекеттің азаматымыз ?
-Ұлтымыз кім ?
-Тіліміз қандай ?
-Республикамыз басқа елдерден несімен ерекшеленеді ?
-Тәуелсіздік деген не ?
-Қазақстан Республикасының жері туралы не білеміз ?
Қазақстан Республикасының жер көлемі 2417,3 мың шаршы шақырым жерді алып жатыр, яғни республикамыздың териториясына жеті мемлекет сияды. Жер көлемі жағынан БҰҰ 180 мемлекеттің ішінде 9- шы орында, ал ТМД елдері бойынша 2- ші орында тұр. Республикамыз 5 мемлекетпен көршілес, олар Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан. Елімізде 135 ұлт өкілі тұрады.Қазақстан 14 облыс, 85 ірі қалалар бар. Ел ордамыз — Астана қаласы.
Қазақ халқы бұл дүниеде не көрмеді? Сонау “ Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама “ заманынан бастап, қойша қырылған » репрессия » жылдарына дейінгі аралықта халқымыздың осынау кең жаһан далада өмір сүруі, не жойылып кету қаупі тұрған еді.
Бейнесюжет тамашалау.
1986 жылы 16-17 желтоқсанда Алматы қаласы бұрынғы астанамыз, қазіргі бас қаламызда мыңдаған қазақ жастары наразылық білдіріп,шеруге шықты. Олар: «Тәуелсіздік керек!» қазақ елінің өз көсемі сайлансын!-деген тілек білдірді.Сол кездегі Қазақстан Компартиясының орталық комитетінің 18 минутқа созылған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың орнына Кеңестер одағының Комунистік партиясы Разуловскийдің ұсынысы бойынша Генадий Колбинді тағайындаған. Республика жұртшылығы бұл адаммен мүлдем бейтаныс болатын, бұл сылтау ғана, елі киіздің көп жылдар бойы ой санасына қордаланып жатып шыдам – шарқы таусылып барып, бұрқ етіп шыққан арман көрінісі еді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп шеруге шыққан жастарға «Бұзақылар», «Ұятшылдар» , «Нашақорлар» деген кінәлар тағылды. 1986 жылғы 16 желтоқсанда бүкіл жастары тотаритарлық режимге ашық қарсылық көрсетті.Міне,осындай ұмытылмас оқиғадан бері 23 жыл өтті.Өмір-өзен толқындары сол кезден бізді алыстатып бара жатса да жүрегімізде мәңгі ұмытылмас бір нәрсе қалды.Ол үшін дүниені дүр сілкіндірген қазақ қыздары мен ұлдарының рухына,ерлігіне деген тағзым,құрмет. Иә, аңғал сеніммен алаңға шыққан бейкүнә
қыз — жігіттер «контреволюциөнерлер емес» -еді. Тәуелсіз мемлекет болуымызға шырылдап жанын қиған Сабира Мұхамеджанова, Лаззат Асанова,Ербол Спатаев, Қайрат Рысқұлбековтар еді.
Ендеше сол желтоқсанның оқиғаларындағы шыңдаған, боздақтардың рухын еске алайық. (1 минут үнсіздік).
Желтоқсан көтерілісінің арқасында 1991 жылы еліміз өз алдына егемендік алып, тұңғыш Тәуелсіз ел дүниеге келді.
1991 жылы желтоқсанның 1-де Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республиканың Президенті етіп сайлады.
ІV. Ойын. «Кім жүйрік?» Мақал – мәтел сайысы
І. Шығармашылық тапсырма. Топтық жұмыс
Тәуелсіздік деген не? топтастыру
VІІ. Қорытынды.
[bws_related_posts]