ШҚО. Абай ауданы
Ш.Абенов атындағы орта мектептің
Физика,информатика пәні мұғалімі
Байбекова Венера Заманбековна
Сабақтың тақырыбы: Булану және конденсация
Сілтеме: | Білім беру стандарты, жоспар |
Жалпы мақсаты: | ü Булану және оның түрлерін, конденсация жайлы мағлұмат алады. |
Күтілетін нақты нәтиже: | ü Сұйықтардың булануын, булану кезіндегі салқындауын заттың молекулалық құрылымы тұрғысынан түсіндіре алады.
ü Тақырыптың негізгі ұғымдарын тұжырымдай алады ü алған білімдерін практикада, өмірде қолдана алады. |
Сабақтың тақырыбы |
Оқытудің негізгі мақсаттары
|
Белсенді оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер | Сабақта кездесетін кедергілерді жеңу | Оқу нәтижелері | Бағалау, соның ішінде оқыту
үшін бағалау |
Барлығын қосқанда | Негізгі дереккөздер |
Булану және конденсация.
|
Оқушылар булану және конденсациялану құбылысы туралы мағлұмат алады.
Сұйықтардың булануын, булану кезіндегі салқындауын заттың молекулалық құрылымы тұрғысынан түсіндіре алады |
Топтық жұмыс.
Сұрақ-жауап Топтық жұмыс, көзбен көретін айғақтар негізінде сын тұрғысынан ойлану «Булану, кебу жылдамдығы». «Миға шабуыл» талдау
|
Сөйлеу кезінде қолданылатын тірек сөздер мен кестелер пайдалану.
Оқушыға топтағы, сыныптағы пікірталастарда өз пікірін айтуға көмектесу.
|
1. Теориялық білімін оқу үдерісінде қолданады, тақырыпқа байланысты есептер шығара алады.Теориялық білімін практикамен ұштастыра алады.2. Тәжірибе жүргізе отырып булану жылдамдығы қандай факторларға байланысты екенін талдайды.
3 Тақырыпқа байланысты сапалық есептер орындайды. 4.Құбылыстың табиғаттағы маңызын зерделейді, салыстыра алады, пайымдайды.. 5 Негізгі ұғымдарға түсініктеме бере алады, сыныптасына «сыншыл дос» болу арқылы бағалайды, саралап, талдау жасау қабілетін дамыта алады. 6. Тақырыпқа байланысты өмірден мысалдар келтіре алады. |
Кері байланыс, бағалау парақшалары арқылы бағаланды
ОүБ Шаршы Жақсы сұрақ негіздері Мен… таныстым … маған оңай болған жоқ Мен жетістікке жеттім …. … болса ғой … менің есімде қалды Мен байқап көремін …
Смайликтер
|
Дарынды оқушыларға тереңдетілген есептер беру | Оқулық, дидактикалық материалдар, жаттығулар
Ресурс көздері |
Ұйымдастыру
кезеңі
Оқушылар білімдерін айқындау.
Миға шабуыл
Сабақтың тақырыбы ашу.
Жаңа сабақ түсіндіру.Топтық жұмыс
Зерттеушілік әңгіме
Жалғасын тап:
Рефлексия |
.Сәлемдесу 2.Түгендеу 3.Топқа бөлу Оқушыларды изопроцестер бойынша (изохора,изобара,изотерма,адиабата) топқа бөлу. Сабақ мақсатымен, жоспарымен таныстыру, бағалау критерийімен таныстыру, бағалау парағын үлестіру. Үй тапсырмасын әр топ өз аттарына байланысты постер құру арқылы айтып,түсіндіреді.
«Ойланып көрейік-жауабын берейік» Сыныпқа төмендегі сұрақтарды қоямын. · Шық қайдан пайда болады? (Ауадағы су буынан) · Шық түске шөп желді күні ме,әлде желсіз күні тез кебеме? · Бірдей жағдайдағы майлы сорпа ма әлде шәй тез суый ма? · Неліктен жылы одеклонды бетке жаққан соң мұздай ауа сезінеміз? · Жинап қойған жуылған кірден жіпке жайылған кір тез кебеді,Неліктен? · Жаңбырдан қалған шалшық су қашан тез кебеді? (Ыстық,жел күндері)
Мәтінмен жұмысты 4 топқа бөліп беріп, постер қорғау керектігін айтамын Сабақтағы негізгі ұғымдар: тақырыпты өздігінен меңгерту,Оқулықпен жұмыс §15 Булану және конденсация 1-топ «Булану» Булану қарқындылығы жоғары егер: 1. сұйық температурасы жоғары болғанда артады. 2. Ыдыс бетінің ауданы үлкен болғанда 3. Сүйықтың тегіне байланысты 4. Ж ел соғу кебуді жылдамдатады. 2-топ «Булану кезіндегі кинетикалық энергияның өзгерісі» 3-топ «Конденсация.Кебу» 4-топ Оқушылар эксперимент жүргізеді. Спирт,су,май қайсысы тез буланады?
Слайд көрсету Топтарға бекіту тапсырмалары беріледі. 1-топ Есеп 2-топ Ертегі 3-топ тест 4-топ Сұрақтар
1. Ыстық су құйылған ыдыстың біреуі ашық,екіншісі жабық тұр.Қандай процесс байқалып тұр? Жауап:Біреуі буланып кетіп жатыр,екіншісі буланып,конденсацияланып жатыр. 2. Неліктен ыстық шай үрлегенде тез суиды? Жауап:Себебі,сұйық бетіндегі буланып жатқан молекулаларды жел ұшырып кетеді. 3. Бір ыдыста қайнаған су бар,екінші ыдыста сондай мөлшерде салқын су бар.Олар булана ма? Жауап: Иә,бірақ ысты су тез буланады,салқын судың температурасына байланысты. 4.Бірдей ыдыста теңдей мөлшерде бензин,су,май құйылған.Бірнеше күннен кейін бензиннің қалмағаныны,судың жартылай буланғанын,майдың айтарлықтай өзгермегенін көреміз.Неліктен? Жауап:Заттың түріне,тегіне байланысты болады.
Кері байланыс орнату үшін оқушыларға смайликтер беремін. Мен… таныстым … маған оңай болған жоқ Мен жетістікке жеттім …. … болса ғой … менің есімде қалды Мен байқап көремін … |
Мұғаліммен амандасады, кезекші жоқ оқушыларды айтады, топқа бөлінеді, оқу құралдарын дайындайды. Сабақ мақсатымен, жоспарымен, бағалау критерийлерімен танысады.
Топ спикері тақтада қорғайды
Жылу құбылыстары, заттың агрегаттық күйінің өзгеруі туралы тақырыптарды естеріне түсіреді. .
Тапсырма барысында олар рольдерді бөлуі тиіс ( 2 -баяндамашы, төраға, таймкипер, хатшы ) Постер қорғау. Топ бірін бірі бағалайды
Әр топ бір тәжірбие жасайды.Оқушыларғы тапсырма беріледі, соған керек құралдарды өздері тауып тәжірибе жүргізеді. Критерийлер: 1.Булану, қайнау, бу түзіліс,конденсация ұғымдарын дұрыс пайдалану. 5балл 2.Булану жылдамдығы, буланудың қандай факторларына байланыстылығын, оның табиғатын толық түсіндіреді 5балл 3.Тақырып бойынша тұжырым жасайды 5 б 4. Уақытты сапалы пайдаланды. 5б
« ОүБ» Шаршылар Жұмысты аяқтағаннан кейін оқушы дәптерге шаршының суретін салады. Егер жаңа тақырып түсініксіз болса, шаршыны қызыл түске бояйды, егер аздап түсінсе – сарымен, тақырыпты жүз пайызға түсінгеніне сенімді болса жасылмен бояйды.
Кері байланыс, ыммен,шаршы,смайликтер арқылы бағаланды |
Үйге тапсырма | §6-1, 14-жаттығу 2,4 Шығармашылық жұмыс «Арал теңізі» Эссе жазу | |
Қосымша оқу: | Нұсқаулық (Сабақ соңында қолданылатын құралдар» таныстырылымы, Физика 10 сынып. |