Ю.А.Гагарин атындағы жалпы орта мектебі
Жаксылыкова Роза Бахтыгалиевна
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жарасып жеңгесімен жайраңдаған.
( арулар мен жеңгелер сайысы )
Мақсаты:, Жеңге мен қайынсіңлі арасындағы өзара сыйластықты, бір-біріне деген сүйіспеншілікті нығайтып, ана мен бала, жеңге мен қыз арасындағы тәрбиені одан әрі дамыту, адамгершілік қасиеттерін ,Отанын, тілін, қазақи салт дәстүрді құрметтей білуге тәрбиелеу.
Тәрбиелігі: Ұлттық салт-дәстүрді қадірлеуге, туыстық қатынас, соның ішінде жеңгесінің алар орны мен рөлін ұғынуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: нақыл сөздер, шар, гүлдер.слайдтар, мультимедиа, мадақтамалар, сыйлықтар.
Барысы:
Көктемнің қанатына ілесе жететін, барша жанның асыға күтетін аналар мерекесі де келіп жетті. Олай болса, асыл аналар, аяулы ұстаздар, сұлу жеңгелер, қымбатты қыздар баршаңызды алда келе жатқан 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен тағы да құттықтаймын. Өмірлеріңізге шапағат, көңілдеріңізге қанағат, жүректеріңізге махаббат тілей отырып, “Мен қазақ қыздарына қайран қалам, жарасып жеңгесімен жайраңдаған” атты сайысымызға қош келдіңіздер дегім келеді
Қыз баланы оң босағаға отырғызып қадірлеген қазақ халқы, үйіне келіп түскен келінді табалдырықтан оң аяғымен аттаттырған. “Қызым саған айтам, келінім сен тыңда” деп келінді өз отбасына ыңғайлап тәрбиелей отырып, бүгінгі қыз ертеңгі бір отбасына келін боларын білген дана халық қыз баласының жеңгесімен жараса жүруін қалаған. Есімдерін тура айтпай, “Ботагөз”, “Сұлуқыз”, “Шырайлым”, “Еркем” деп әдемі ат қоя жүріп, жеңгелері де қайынсіңлілеріне өздерінің бар білгендерін үйрете білген. Осы бір жеңге мен қайынсіңлі арасындағы нәзік те берік байланыстың бүгінгі күнгі көрінісі қандай, бүгінгі қазақ қыздары мен келіндерінің халық дәстүрін қаншалықты білетіндерін аңғару мақсатында осы сайысымызды ұйымдастырдық
жүргізуші: Армысыздар, ақ жүректі ұстаздар
Шәкіртіне білім нұрын шашқандар
Армысыздар, жеңгелері қыздардың
Сахнаға сайысуға келіп қалған
Қайынсіңлі сөзін жерге тастамай
Келіп отыр ортамызға жеңгелер
Бүгінгі күн сіздер бізге қонақсыз
Олай болса, төр сіздікі, өрлеңдер
жүргізуші:
Құрметті сайысқа қатысушылар, сайысты бастамас бұрын сіздерді сайыстың әділ бағасын беретін қазылар алқасымен таныстырып өтейік.
Қазылар алқасының төрайымы:
- _____________________________
- _____________________________
3.______________________________
- _______________________________
Сайысымыз алты бөлімнен тұрады.
І. « Таныстыру » ІІ.«Халқын сүйген – салтын сүйер » ( қыз бен жеңгесі қазақтың салт-дәстүрінен көрініс көрсетеді.)
ІІІ. «Сырымыз бір жеңгелер » ( сұрақ – жауап )
ІV. « Жеңгем әзірлеген мерекелік дастархан »
- « Адам көркі — шүберек » ( сән үлгісі, қайынсіңілісіне тіккен киімдерін қыздар киіп көрсетеді және жеңгесі қыздың талғамы бойынша әңгімелейді.)
VІ. Мерекелік тосын сый
Сайысымызға қатысушылары таныстырып өтейік.
- Ақмарал жеңгесі Айдана 2. Гаухар жеңгесі Тұрсынай 3. Нұргүл жеңгесі Гүлжан 4. Асылай жеңгесі Елена 5. Енілік жеңгесі Ұлболсын 6. Ақмоншақ жеңгесі
І-бөлім. «Таныстыру»
Беташарын сайысымның бастайық
Көрерменді бір серпілтіп тастайық
Қатысушылар таныстырсын өздерін
Біз оларды ду қол соғып қостайық.
Өнер қуып сайыскерлер өтер дейміз,
Бір басына өнері жетер дейміз.
Сайысқа келген әр жұп кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтсе дейміз:
Жеңгелері мен қыздарымыздың таныстыруына кезек береміз.
( әр жұп өздерін таныстырып өтеді )
ІІ- бөлім: «Халқын сүйген – салтын сүйер »
Жаңғырғаны сананың,
Ұмытады мұны кім?
Ата – салтын бабаның
Алып келді осы күн
( Жеңгесі мен қайынсіңілісі қазақтың салт-дәстүрінен көрініс көрсету)
ІІІ. « Сырымыз бір жеңгелер » ( сұрақ – жауап ) Жас ару жас ғұмырдың талғамысың
Қуантқан әрбір үйдің арманысың
Дәл бүгін қанат қамдап сыналарда
Сан сұрақтан сүрінбей самғап ұшқын
Ал, жеңгелер, сайысқа қалайсыңдар
Сендер өтер әлі де талай сындар бар
Тапсырма ал, ұяшық таңда қысылмай
Жауап берсеңдер сұраққа жарайсыздар. Қазақы ұғымдарға байланысты сұрақтар. Әр сұраққа 5 ұпай беріледі.
1.Түндік дегеніміз не? (Шаңырақ үсnінен жабылатын төрбұрышты киіз)
2.Қандай жілік қыз балаға қойылмайды? (кәрі жілік)
- Мал жіліктерін ата. Олардың қандай табаққа салынатынын, қонаққа ет тарту рәсімі туралы айт. (қол жіліктері- кәрі жілік, күң (ортан) жілік, жауырын, сан жіліктері – асықты жілік, тоқпан жілік, жамбас.)
4.Мақалды жалғастыр. Абысын тату болса, ас көп,… (Ағайын тату болса, ат көп)
- Тоқымқағар сөзінің мағынасын түсіндір. (Жас жігіт алғаш жолға шыққанда жасалатын дәстүрлі бас қосу. Мұндайда арнаулы мал сойылып сыйлы мүшелер салынып ет асылып, кең дастархан жайылады. Ойын-сауық, өлең-жыр айтылады.)
6.Адалбақан дегеніміз не? (ертедегі киім ілетін ағаш)
7.Қонақтың түрлерін ата. (Арнайы қонақ, құдайы қонақ, қыдырма қонақ, қылғыма қонақ)
- Сабантой қандай мереке?
(Сабантой ала жаздай еңбектенген бағбандар мен дихандардың құрметіне арналған күз мейрамы)
9.Төс кімге тартылады? (күйеу балаға) 10. Туырлық деген не ? Керегенің іргесінен уықтың ортасына дейінгі жерді, кереге басынан шаңырақ шеңберіне дейінгі аралықты жауып тұратын киіз 11.Ерулік дегеніміз не? (Басқа жерден көшіп келген адамды көршілерінің қонаққа шақырып ас беруі.) 12.Мақалмен түсіндір. Қандай ат қай кезде жанына торсық байлатпайды? (жаман атқа жал бітсе, жанына торсық байлатпас) 13. “Тасбақа дауылы” қай уақытта болады? (Сәуір айында) 14.Таста не жоқ? (Таста тамыр жоқ) 15. Жасау дегеніміз не? (Ұзатылған қызға берілетін дүние мүлік) 16. Сонар сөзі қай кәсіпке байланысты қолданылады? (аңшылық)
- Бәсіре дегеніміз не? (Қыз ұзатылғанда немесе жиен алғаш келгенде меншіктеп аталатын, ен салынған мал.)
- Киіз үйдің қанаты қанша болады? 3 қанаттан бастап 12 қанатқа дейін болады
- Мақалмен түсіндір. Қандай адам өліде жыласпайды? (Тіріде сыйласпаған, өліде жыласпайды)
- Бөстек дегеніміз не?
(Малдың не аңның иленген жұмсақ терісіне киізден астар салып жасалған төсеніш)
ІV. « Жеңгем әзірлеген мерекелік дастархан » Ақ жүзіңдегі ананың
Күндер келді, жалғасты
Жеңгелерді байқайық
Қандай екен дәмді асы
Жеңгелерімен арулардың дайындаған мерекелік дастарханы
- « Адам көркі — шүберек » Біз бүгін сән туралы ойланамыз
Сіздерге сән көрсетіп толғанамыз
Алуан түрлі сән көрсетіп нұрланамыз. (сән үлгісі, қайынсіңілісіне тіккен киімдерін арулар киіп көрсетеді және жеңгесі қыздың талғамы бойынша әңгімелейді.)
VІ. Мерекелік тосын сый
Жеңгелер мен аруларымыздың үйден дайындап әкелген тосын сыйларын тамашалаймыз
Бәрімізге анасыңдар
Бізге шам боп жанасыңдар
Құтты болсын мереке
Құттықтаймыз, жеңгелер !
Сіздерден өскен балалар
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті абзал аналар!
Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда”- демекші, сайыс болған жерде алға озып шығу бар да, кейінде қалу бар. Бүгінгі сайыста сынға түскен аруларымыз бен жеңгелеріміздің бәрі де шетінен көрікті де ақылды, білімді де өнерлі екенін байқадық. Десек те, қайсысының тұлпары оза шапқанын айтар әділқазыларға сөз кезегін береміз.
- жұп – « Сәнгер жұп »
- жұп – « Зерделі жұп »
- жұп – « Ибалы жұп »
- жұп – « Өнерлі жұп »
- жұп – « Асазшы жұп »
- жұп – « Көрермен көзайымы »
Жеңгелер – әрқашан үлкен тірек,
Бұл өмірде бірлескен біздің тілек
Шын көңілден құттықтаймыз мерекемен
«Алғысқа бөлене бер» деп тілейді біздің жүрек.
Мұғалім:
Міне, аналарымыз бен жеңгелерімізден тәрбие алған аруларымыз ибалы, инабатты, әдепті, бір сөзбен айтқанда тәрбиелі болып өсетіні анық. «Гүлден ұрық шашылса, гүл тарайды әлемге»деп Сәбит Мұқанов айтқандай аналар, жеңгелер гүл болып шешек атса, арулармыз гүл болып әлемге шашылары анық.
Бойларыңда от бар екен, байқадым
Жүректерде шоқ бар екен, байқадым
Әрқашанда осы шоқты өшірмей
Жалындатып шарықтаңдар әрдайым.
«Қош» демейміз, әлі талай сайыстар бар
Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар
Ойлы орта кеңейсін күннен күнге
Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар –дей
Осымен “Мен қазақ қыздарына қайран қалам, жарасып жеңгесімен жайраңдаған” атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахмет. Жақсы күндерде жолыққанша.
керемет!