Басы » Бастауыш сыныптар » Сұғанақшы – табиғат жауы

Сұғанақшы – табиғат жауы

Оңтүстік Қазақстан облысы

Түлкібас ауданы

Жиынбай жалпы орта мектебінің биология пән мұғалімі Жарилкасынова Забира Ержановна.

«Барлық мүмкіндік балалардың бойында»
(Л.Н.Толстой)

Сабақтың тақырыбы:  «Сұғанақшы – табиғат жауы».

Сабақтың мақсаты: Туған өлкеміздің табиғатын сақтау, болашақ ұрпаққа

                       табиғатты өз қалпында жекткізу міндетіміз екенін ұғындыру.

Тәрбиелілік:Оқушыларға жердің қадірін, байлықты бағалай білуге,

             табиғатты сүйюге және қамқор болуға, жанашырлық сезімге баулу.

Сабақтың нәтижесі: Табиғатты қорғау үшін үлес қоса алатынын

                                              түсінеді.

Сабақтың түрі:ашық  тәрбие сағат.

Сабақтың көрнекілігі: слайд, экран,

Пәнаралық байланыс: биология, тарих, география.

Мұғалім сөзі: Құрметті ұстаздар, оқушылар мен ата – аналар

                       «Табиғатта сезім бар, құлақ та бар,
Ренжітсең, күрсініп, жылып та алар.
Аяласаң, жаныңа шуақ тамар,
Қажығанда бойыңа қуат болар»,- деп ақындарымыз айтып кеткен өлеңді оқи отырып, бүгінгі тәрбие сағатымызды бастаймыз

Жүргізуші: армысыздар ұстазадар, ата  — аналар мен оқушылар. Бүгінгі«Сұғанақшы – табиғат жауы» тақырыбындағы тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

                       Табиғаттың тарылтпайық мөлдір кәусар тынысын,
Пәк табиғат – жүрегімнің тамылжыған  жырысың.
Ей, адамдар, қалай ғана қатігездік  жасайсың,
Ол, анаң ғой, ал сен – кенже ұлысың!
Ей, адамдар!Күн мен гүлден жаралған,
От сезім мен мейірім содан таралған.
Тіршілік иесі – Жер анаға қараңдар!
Зор қайғыдан күрсінгенде,Ах, ұрады дүние
Жаратылыс заңдылығы бұзылса  сонда болар, кім ие?
– депМ.Мақатаев атамыз жырлағандай,ендігі кезекті оқушылардың мәнерлеп оқуына берсек. 

Оқушы:   Жасыл желек көмкерген,аққан өзен, бақша –бау,
Көз тартады мұнарланып, шыңы биік, қарлы тау.
Гүлің жайнап жеріңде, күнің көкте ойнаған,
Ар алдында парызымыз  табиғатты аялау.
Ұмтылыңдар, адамзат, табиғатты қорғауға,
Ядролық қаруды, жарылысты қолданба.
Тіршіліктің тынысын тарылтатын, бұзатын,
Ластанған ауаны жасау оңай қолдан да.

Оқушы:   О,Жер – ана киелісің таусылмайтын дастаны,
Бағындырған тіршілікті,күллі әлемді баршаны.
Өсімдік,құс,жан–жануар,тау мен тастың бәрін де.
Жер – ананың ажырамас бір бөлігі табиғат.
Табиғатсыз адамдардың күні жоғы ақиқат
Химияның  құдіреті дамыған мынау ғасырда
Табиғатты жан- тәніңмен қорғап өтші, Адамзат.

Оқушы: Табиғат тал бесігім, ақ арманым,
Көрдік біз дүниенің жаңарғанын.
Алайда қорғаныссыз қалған саған,
Үміттің ақ желкенін таға алмадым.
Саясыз қалды бүгін табиғатым,
Көмегі керек, сірә, жамиғаттың.
Ластаумен көзсіз мына кең даланы,
Жамылды әлем халқы «зағип» атын.
Ауаны ластап газы көліктердің,
Далаға кей жан қоқыс төгіп келді.
Ағашын отын қылды, гүлін жұлды,
Азайды солай жердің көріктері.
Аралым тартылып кап сорымызға,
Тұрмады жер байлығы қолымызда.
Оң жақтан бірі келіп полигонмен,
Ал бірі мұнайлады солымызда.
Біреуге бұл игі іс боп көрінгенмен,
Мұнай елге байлық боп берілгенмен.
Ақтауда Каспий жатты зарын айтып,
Жапа шегіп біреудің ерлігінен.
Не пайда?
Зиянменен келген соң жақсылығы
Басталар енді байлық тапшылығы.
«Судың да сұрауы бар» демей ме ел.
Өзгеден жастарымыз тапсын үлгі.
Қайтеміз бөтен жердің мінін іздеп,
Алдыменен алайық сынды түзеп.
Мына жатқан Қаратөбе жерімде де,
Көп – ау сірә жүргендер үкім іздеп.
Қалдығайты ластанды.Жанарда мұң
Көз ашпады қоқыстан далам бүгін.
Адал ниет халқымның ақ көңілін,
Таба алмай жүрмін іздеп ғаламнан сыз.
Халайық қолда, міне жастық жалын,
Қорғайық, табиғатқа қас қылмағын.
Сіз бен біз қолға алайық үлкен істі,
Алауды кеудедегі бастырмағын.
Өмірдің табиғаттан алары көп,
Жүрейік кешегінің жанары боп.
Туған жердің тылсымын сақтап қалсақ,
Бізден де келер жастың табары көп.

Жүргізуші: Қыздар бишілер тобының биін тамашалаңыздар.

Жүргізуші: Жер ана мен өз анаң егіз екен,

                     Мейірімдері мейлінше теңіз екен.

                     Анам туды, Жер Ана жетілдірді,

                      Осыны өзім өмірге негіз етем. Шынымен де, адам мен табиғат әрқашанда егіз. Табиғатты қорғаушың, асыраушың деуге болады. Ата- бабамыз «Жер — қазына, су — алтын, мал — байлық»- деп, өсиет айтып келгені тегін емес.

Жүргізуші:Табиғат, Жер Ана, Отан, Туған Жер, Атамекен деген киелі киелі сөздер құлаққа жылы естіліп, жүрекке шаттық  сезім ұялататын ұлы да қасиетті ұғымдар. Жер- Ананы сүйе білу, оны аялау адамзаттың азаматтық борышы. Бұл туралы Елбасымыз өз жолдауында: «Жаһандандыру және күрделене түскен әлемдік бәсекелестік жағдайда Қазақстандықтар адам дамуының басты салаларындағы таза ауыз су және табиғатты қорғау мәселелерін шешу адамдық және азаматтық борышы екендігін адамгершілік қасиетпен сезінуі тиіс» деген болатын.

Оқушы:         Табиғаттың тынысы кең, тілі бай,

                       Ауасының шәрбатын-ай, тұнығы- ай.

                       Бұлбұл болып сайрап кетсе, ал бірде,

                       Адамдарша сөйлейді екен, күнім-ай.

Оқушы:        Табиғаттың құшағы кең шуақты,

                       Көргенім жоқ оған теңдес қуатты.

                       Күйіп-пісіп табиғатта кейде бір,

                       Адамдарша күңіренетін сияқты.

Оқушы:       Табиғат әсемдіктің төркінісің,

                      Ән саламын бір сенің көркің үшін.

                      Бүкіл адам табынып бір өзіңе

                      Сенен алып тұрғандай бар тынысын- дегендей, ендігі кезекті әнге береміз

Жүргізуші : Сұлу дала! Менің сүйген еркемсің,

Жаны жайсаң, жаратылған өлкемсің.

Қандай жақсы қазақ болып  туғанымыз,

           О, туған жер, тамашасың, көркемсің – дей келе Азимбай Тоғжанның «Күзгі дауыл» әніне кезек береміз.

 

Көрініс: «Табиғат және адам»

Айнала мұнар, ақ тұман басқан бір күні,
Естілді тыстан әлдененіңаз күркірі.
Далаға шықты адамда мұны түсінбей,
Аңшыдан қашқан азулы аңдай үркиді.
Не болды? Бұл не? Адастым ба екен есімнен?
Деп тыста тұрды әлгі адам ойы ескірген,
Сол сәтте тағы алыстан шықты бір дыбыс,
«Бүлдірдің,» — деген», сендерді енді кешірмен.
Адам:-Кімсің сен?Кімсің көрінші бермен көзіме,
Сенейін қалай мына бір айтқан сөзіңе.
Бүлдірдім нені?Кінәлі екем не үшін?
Бетпе – бет келсең түсінер едім өзімде.
Табиғат:-Мен «Табиғат» деген, аялы сенің анаңмын,
Алғыс айтам деп келіп ем бүгін саған мың.
Алайда оның ауылы алыс секілді
Көргенде мұны тек қана кінә таға алдым.
Осы ма еді маған берген мың уәдең?
Кінәңә мына болады далам куәгер,
Ластанған жерім, тартылған суым, дүние…
Бұзылған болар, қасіретіңнен құр уәде.
Демей ме еді «Табиғат»деген бір тылсым,
Алдыма енді кінәлі боп кеп тұрсың.
Байлығы елдің жатыр ғой әне, омалып,
Қоқыстарыңа бүгінде болған бір құз шың.
Азаяр десем адамның осы зияны,
Таусылар емес тағыда арман – қиялы.
Кенімді алып, ал өзенімді ластаған,
Мына дүние қашанғы байлық жияды.
Таза ауам қалды түтінін жұтып көліктің,
Далама кетті зауыттан төгіп қоқыс мың.
Туған анадай табиғатты сыйламас,
Адамзат үшін мен баяғыда өліппін.
Адам:-иә… Екен ғой осы зияным,
Мен сені қалай өлімге әсте қиямын.
Жо – жоқ мен мұны түзеймін, бәрін түзеймін,
Бүгіннен бастап есімді менде жиярмын.
Демеймін әсте емеспін мен кінәсіз,
«Табиғат ана» қалыпсың күйде тым әлсіз.
Бәріде мұны түсінер білем түсінер,
Сенші енді, бізге сенгенің жөн ғой күмәнсіз.
О,Табиғат деген иесі жердің киелі,
Сен үшін бүгін менің де жаным күйеді
.

Жүргізуші:Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,

               Жер бетінің ажары ол – сәніміз.

               Туған өлке табиғатын аялап,

               Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз. Дей келе Жолбасбек Ерденнің орындауындағы келесі әніміз «Жауды жаңбыр».

Жүргізуші: биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жылдығын атап өткелі отыр. Тәуелсіздік – қасиетті ұғым. Осы қасиетті ұғымды мемлекеттік рәміздер тілімен сөлетер болсақ, ол сол елдің өзіндік өмір салтын, арманын, ерекшелігін білдіреді.

Оқушы:Тәуелсіз боп артты халқым сенімі,

              Мұз боп қатқан қайғы – мұңым еріді.

              Ақ шыңдары тауларымның биіктеп,

               Кең тыныстап, ұлы далам кеңіді.

               Жер бетіне қайта шықты алтыны,

                Көлдерімде жүзді аққу, қалқыды.

               Толқын атып дарияларым тасыды,

                Тау өзені, ақбұлақтар шалқыды.

               Тіршілікке бас көтерді жан – жағым,

               Тәуелсіз ел! Басталды енді арманым,

               Тұлпар мініп, ел бастады Азамат,

                Күллі әлемдік жүк көтерді,

                              Нарларым!!!

                    Тәуелсіздік жетті бізге бесінде,

                   Айым туды,

                   Жұлдыз жанған көшімде.

                    Алматыда атқа қонды Абылай,

                              Кенесары атқа қонды Есілде!

                     Мен – Ақынмын! Үлесім бар менің де,

                     Тәуелсіздік орнағалы Есімде,

                     Төле би мен

                          Қазыбек би,

                            Әйтеке,

                             Үш би отыр Астанамның төрінде!

                           Өлеңімен айтып өткен арманын,

                            Халқым үшін тартса – дағы сан зарын,

                          Сан қаламгер – тәуелсіздік құрбаны,

                         Қайта оянып тірілгендей Мағжаным!

                Тартса тағдыр тауқыметті азабын,

               Сонда – дағы көрдік өмір ғажабын,

               Бәріне де Тәубе бүгін, шүкір деп,

                    Майдан салар елдігі үшін Қазағым!

              Халқым айтқан: жер көтерер ер даңқын,

               Елім айтқан: ер көтерер жер даңқын,

                Президентім –

                Аман болғай Елбасы,

                 Мәңгі жаса!

                 Мәңгі жаса өр халқым!!!

                Тауымыз бар,

              Таңырқатқан шыңымен,

               Ұл – қызындай даламыз бар  —  ұлы, кең.

                Алдарыңда басымды иіп өр халқым,

                Құттықтаймын  Тәуелсіздік күнімен!!!

Оқушы:Бар дауыспен жар салдым еркін заман,

              Мен қоғамның асқынған дертін жазам.

             Тәуелсіздік ту тікті тұғырында,

            Ай да оңына жарқырап туды білем,

            Неше ғасыр тылсымда булығып ең,

           Кең жазықта көсілтер кезең келді,

           Сан жыл баптап жаратқан жүйрігіңмен.

            Ата заңың, өзіндік бағытың бар,

          Бұла күшті бойдағы ағытыңдар.

          Қазақстан тәуелсіз ел екенін

         Төрткүл әлем жүзіне танытыңдар.

        Өмір көшін кері ешкім қайтара алмас,

         Ел тағдырын ойлаған жай таба алмас.

          Әнұраның, Елтаңбаң, Көкбайрағың –

          Бостаңдығың – бақытың қайталаңбас!

Жүргізуші: Балалар, өткенге шолу жасайықшы?   Өткен жылдар  қандай ерекшеліктерімен есімізде қалды?  Сол туралы ойымызды ортаға  салсақ.

Оқушы :1991 жылы 1- желтоқсанда  Республика жұртшылығы  тұңғыш рет  Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаевты  республикамыздың президенті етіп сайлады.

Оқушы : 1991 жылы 16 желтоқсанда  Қазақстан республикасының жоғарғы  сесиясы « Тәуелсіз демократиялық және құқылы»  мемлекет деп жарияланды.

 Оқушы :  1992 жылы 4 маусымда Президент Қазақстан республикасының мемлекеттік жалауы, елтаңбасы,  әнұраны туралы.   Қазақстан республикасының заңдарына қол қойды.

 Оқушы: 1992 жылы 28 қаңтарда  Тәуелсіз Қазақстан республикасының тұңғыш Ата  заңы  қабылданды

Оқушы: 1993 жылы 12 қарашада төл теңгеміз дүниеге келді.

Мұғалімнің қорытынды сөзі:

                      Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,

                     Жер бетінің ажары – ол  сәніміз.

                     Туған өлке табиғатын аялап,

                      Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз.

       Табиғат – біздің байлығымыз, мақтанышымыз. Өзен – көлдің суының  сылдырын, құстардың қалай әндеткенін естімеген, гүлдердің сұлулығын тамашаламаған,  арайлы алтын күннің  шапағатын қызыға қарамаған адамының ой — өрісі кең болмайды, қиялы қанатсыз болады.

                    Бір ата, бір ананың түлегіміз

                   Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз

                  « Бірлік барда  тірлік бар »  деген бабам

                  Бірлік деп бірге соқсын  жүрегіміз! — дей отырып, «Сұғанақты – табиғат жауы» тақырыбындағы ашық тәрбие сағатымызды қорытындылаймыз!Билибек Алисламның орындауындағы «Алға, Қазақстан» әні.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *