Маңғыстау облысы
Қарақия ауданы
Мұнайшы селосы
№5 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Уттибаева Адемхан Найзабековна
Сабақтың тақырыбы: 7 – ге көбейту және бөлу кестесі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: 7 – ге көбейту және бөлу тәсілімен оқушыларды таныстыру және пысықтау есептер шығару.
Дамытушылық: логикалық ойлау қабілетін дамыту, дұрыс есептеу, күнделікті пайдалана білуге үйрету, пәнге деген қызығушылығын арттыру;
Тәрбиелік: зейінін, жадын, математикалық тілін дамыту, ұқыптылыққа, өздігінен жұмыс істеуге баулу.
Түрі: аралас сабақ
Әдісі: түсіндіру, есеп шығару, ойын, сұрақ — жауап
Көрнекілігі: сызба, суреттер, көбейту кестесі, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сендерге табыс тілеймін,
Жарық пен жылу, денсаулық!
Бір – біріңе сендер де, тілеңдер біраз жақсылық.
ІІ. Психологиялық дайындық:
Біліммен бақыт табамыз
Өнерменен өрістер
Өсе берсін санамыз
Мақсатымыз – еңбектену
Еңбектену арқылы
«5» — ке қолды жеткізу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Қалдықпен бөлу дұрыс орындалғанын тексеру
61 : 6 = 10 (қалдық 1) 62 : 6 = 10 (қалдық 2)
63 : 6 = 10 (қалдық 3) 64 : 6 = 10 (қалдық 4)
65 : 6 = 10 (қалдық 5) 66 : 6 = 11
610 : 6 = 101 (қалдық 4) 620 : 6 = 103 (қалдық 2)
Қандай қалдықтар болды: 1, 3, 5, 4, 2, 4, 2 себебі қалдық бөлінгіштен кіші болуы керек.
Тапсырма:
Ала шапан киініп
Қарбыз жатыр үйіліп.
Қарбыздарды шетінен
Санап шықтым екіден
Үшеу болды жұп саны
Қалды тағы бір саны
Неше болды түп саны (жеті)
Қазақта 3, 5, 7, 9 сандары қасиетті деп есептеледі. Ата – бабаларымыз бұл сандарды қасиеттеп келген. Ендеше, осы 7 саны туралы не білеміз.
Жеті ата. Бұл – қазақ халқының дәстүрлі салт-санасында адамның ата жағынан тегін таратудың нақты жүйесі. Әрбір қазақ баласы өзінен бастап жеті атасының аты-жөнін білуге міндетті. Мұны әке-шешесі, ата-әжесі үйретіп, жаттатуға тиіс. «Жеті атасын білмеген жетесіз» деген аталы сөзді өзіңіз де білетін боларсыз.
Өйткені қазақта жеті атаға дейін қыз алыспайды, оған дейінгі ұрпақ бір атаның баласы – туыс саналады. Қазақтар негізінен жеті атаны былайша таратады: 1. Бала. 2. Әке. 3. Ата. 4. Үлкен ата. 5. Баба. 6. Түп ата. 7. Тек ата.
Жеті жұт. 1. Құрғақшылық. 2. Жұт (мал қырылу). 3. Өрт. 4. Оба (ауру). 5. Соғыс. 6. Топан су. 7. Зілзала (жер сілкіну).
Жеті жоқ. 1. Жерде өлшеу жоқ. 2. Аспанда тіреуіш жоқ. 3. Таста тамыр жоқ. 4. Тасбақада талақ жоқ. 5. Аллаһта бауыр жоқ. 6. Аққуда сүт жоқ. 7. Жылқыда өт жоқ.
Жеті қазына. Ол жөнінде пікір талас көп. Алайда қазақтар ертеде жеті қазынаға мыналарды жатқызған: 1. Ер жігіт. 2. Сұлу әйел. 3. Ілім-білім. 4. Жүйрік ат. 5. Құмай тазы. 6. Қыран бүркіт. 7. Берен мылтық.
ІҮ. Жаңа материалды түсіндіру:
Математикалық диктант:
2 . 7 = 14 : 7 =
3 . 7 = 21 : 7 =
4 . 7 = 28 : 7 =
15 + 17 = 35 – 17 =
26 + 37 = 43 – 35 =
Нәтижесін оқып, балалар өздері тексереді.
- Сонымен, біз балалар 7 санын көбейту мен бөлу кестесімен танысамыз:
7 . 6 = 7+7+7+7+7+7
7 . 7 = 7+7+7+7+7+7 + 7
7 . 7 = 49 49 : 7 = 7
7 . 8 = 56 56 : 7 = 7
7 . 9 = 63 63 : 7 = 7
Ертегілер еліне саяхат «7 лақ пен қасқыр»
Балалар, біз қазір ертегілер еліне саяхатқа барамыз. Барлығымыз «7 лақ пен қасқыр» ертегісін білеміз. Ол ертегідегі лақтардың жағдайы қандай екенін кім айтып береді? Оларға көмек керек. Біз оларға көмек береміз бе? Ол үшін біз қасқырдың тапсырмаларын орындауымыз керек. Егер берілген тапсырмаларына дұрыс жауап берсек, онда қасқыр лақтарды босатады. Ал, балалар алға!
Ал достарым келіңдер.
Біріңе – бірің еніңдер,
Біліміңді тексеріп
Амалды орындап көріңдер.
№ 1 -белет. 7- ні көбейтуді қарастыр. Бұл – 7- ні көбейту кестесі
|
|
Теңдіктердің оң және сол жақтарын салыстыр.
Неліктен алдыңғы өрнектің мәніне қарағанда келесі өрнектің мәні 7 – ге артық?
№ 2-белет. Ауызша түсіндіру қалай құрылған.
8 ∙ 7 7 ∙ 8
9 ∙ 7 7 ∙ 9
№ 3-белет. 7-ін көбейту кестесінің орын ауыстырымдылық қасиеті орында.
|
|
7-ні бөлу кестесін құру. Неліктен 7- ге бөлу кестесін құрғанда 7-ге көбейту кестесін пайдалануға болады. (кестемен жұмыс істеу)
49:7 -7 56:7-8 63:7-9
№ 5-белет. Бос орынға тиісті санды қой.
7 ∙ = 49 : 7 = 9 49 : = 7 8∙ = 56 ∙ 9 = 63 63 : = 7
Көп білетін оқушы
Тақта алдына келеді
Теңдеулердің шешімін
Дұрыс тауып береді
№ 6-белет. Теңдеу құр және оларды шеш.
Х + 253 = 609 63 : х = 9
Х = 609 – 253 х = 63 : 9
Х = 356 х = 7
356 + 253 = 609 63 : 7 = 9
= 609 9 = 9
Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік
Кезекті танымдық тапсырмаға берелік
Арамызда тапқыш достар көп екен
Солардың енді жұмыстарын көрелік
№ 7-белет. Қалдықпен бөлуді орында және тексер:
8:7=1 (қалд 1) 16:7=2 (қалд 4)
15:7=2 (қалд 1) 10:7=1 (қалд 3)
9:7=1 (қалд 2) 17:7=2 (қалд 3)
Сергіту сәті
№ 8-белет
7 банка – 3 кг
Тосап құйылды. Барлығы неше кг тосап дайындалды?
6 банка – 2 кг Шешуі: 7 ∙ 3 + 6 ∙ 2 = 21 + 12 = 33 Жауабы: 33 кг тосап.
3 кг
2 кг
Ойлан, тап!
Шөпке қояндар тығылып отыр. Тек оң құлағы ғана көрініп тұр. Қанша қоян тығылып отыр? (7 қоян)
Шығармашылық жұмыс. № 9 — билет.
ІҮ. Қорытынды:
- Сонымен бүгін қандай тақырып өттік?
- 7 саны туралы мақал – мәтелдер білеміз бе?
Ү. Үйге тапсырма:№ 7 есептер, көбейту кестесін жаттау.
ҮІ. Бағалау: