Қарағанды облысы
Абай қаласы
№14 мектеп — лицей
Оспанова Толқын Қуанышқызы
8-сабақ жоспары | |||||
Мерзімі: | |||||
Кабинеті: | |||||
Сыныбы: | 7-сынып | ||||
Пәні: | Қазақ әдебиеті | ||||
Сабақтың тақырыбы | Махамбет Өтемісұлы «Тарланым» өлеңі | ||||
Сабақтың түрі: | Жаңа сабақ | ||||
Мақсаты: | Махамбет Өтемісұлының өмірімен таныстыру. Өлеңнің мазмұны мен маңызын ашу, әдеби – теориялық ұғымдарын ажырата, тани білуге дағдыландыру. Сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту. | ||||
Міндеттері:
|
Ø М.Өтемісұлының шығармашылығы мен «Тарланым» өлеңінің идеясын,көркемдік ерекшелігін жан-жақты меңгерту;
Ø Өлеңдердегі айтпақ ойды табуға, сын тұрғысынан ойлау дағдысын қалыптастыру; Ø Елін, жерін сүюге, патриот болуға шақырып, бір-бірін сыйлауға, құрметтеуге, топтық жұмыстар арқылы көпшілікпен тіл табыса білуге тәрбиелеу. |
||||
Қолданылатын модуль | Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер: диалогтік оқыту; СТО; Оқыту үшін бағалау; Оқытудағы АКТ пайдалану, Талантты және дарынды оқушыларды оқыту, Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу, Оқытуды басқару және көшбасшылық | ||||
Қолданылатын
стратегиялар |
«Smile» ; «Сиқырлы сан»;Миға шабуыл; «Стикерлермен диалог»; «Шығармашылық тапсырмалар»; «Дирижер», «Ойлан, тап»; «Шартты белгілер», «Бас бармақ»; топтық оқыту. | ||||
Ресурстар | Интерактивті тақта, презентация, аудио жазба, үлестірмелі қиынды, тапсырма парағы, сызба-кестелер, стикер, маркер, бағалау кестесі | ||||
Күтілетін нәтиже | Ø Ақынның шығармашылығы, өлеңінің идеясы, көркемдік ерекшелігін жан-жақты меңгереді;
Ø Сын тұрғысынан ойлау дағдысы қалыптасады; Ø Бір-бірін сыйлауға, құрметтеуге, топтық жұмыстар арқылы көпшілікпен тіл табыса білуге машықтанады. |
||||
Сабақтың барысы: | |||||
Сабақ кезеңдері | Уақыт | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресуртар |
Ұйымдастыру кезеңі | 1 мин
|
Шаттық шеңбер. Оқушылар бүгінгі сабаққа жақсы көңіл-күй сыйлау үшін смайлик арқылы тілектер айтып, қол алысады.
«Сиқырлы сан» арқылы үш топқа біріктіру |
Шеңбер құрып, тілектер айтып, қол алысады.
Түрлі – түсті қиықшаларда жазылған сандар арқылы үш топқа бірігеді |
Қиықшалар
Смайликтер |
|
Қызығушылықты ояту
|
2 мин | Миға шабуыл.
«Жұмыр қылыш» күйін тыңдау. Бұл кімнің күйі? Жақсы балалар, бүгінгі біздің тақырыбымыз М.Өтемісұлының «Тарланым» өлеңімен танысамыз. |
Оқушылар күйді тыңдап, сабақтың тақырыбын ашады. | Аудио жазба
|
|
Мағынаны тану | 10 мин | Ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы презентация көрсетіледі
«Стикерлермен диалог» 1. Бүгінде Махамбеттер бар ма? 2. Махамбет осы кезеңде өмір сүрсе өлең кімге арналуы мүмкін еді? |
М. Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы жайлы әр топ презентация арқылы меңгереді.
Оқушылар стикерлерді пайдалана отырып, сұраққа жауап жазады, постер қорғайды, топтар бағалайды. |
«Басбармақ» |
Презентация
Стикер/ постер/ маркерлер/
|
Жаңа материалды қолдану | 25 мин
2 мин |
Шығармашылық тапсырма:
І топ: Махамбет өмірі бойынша хронологиялық кесте ІІ топ: «Тарланым» өлеңін оқып шық,өлең кімге арналған? ІІІ топ: Көрініс көрсету
Сергіту сәті: «Дирижер» «Ойлан,тап» І топ: Ақынның өкініші өлеңнің қай жолдарынан көрінеді? ІІ топ: Исатайдың сырт бейнесі жырдың қай жолдарынан көрінеді? ІІІ топ: Исатай бейнесін батырлар жырындағы Алпамыс бейнесімен салыстыр.
|
Шығармашылық тапсырма:
І топ. Хронологиялық кесте 1804ж: Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданында туған. 1829ж: халықты, қарашаны қолдаған Махамбет түрмеге қамалады. 1836ж: Исатай мен Жәңгір кездеседі. Ханның қайын атасы Қарауылқожаның ауылын шауып алады. 1837ж 2 қарашада: хан ордасына қайта аттанады. 1838ж 12 шілдеде: орыс әскерімен шайқаста, Исатай қаза табады. Ары қарай Махамбет ақынның азапты күндері туады орынбор түрмесіне қамалады. 1846ж: өз үйінде қастандықпен қаза табады. Бейіті Атырау облысы, Махамбет ауданы, Қараой жері. ІІ топ: «Тарланым» – ақынның досы батыр Исатай Таймановқа арналған өлеңдерінің бірі. Исатайдың ерлік істерін қаћармандық бейнесін көрсететін жоқтау сарынындағы өлең. Исатайға арналған өлеңдері: «Мінкен ер», «Тайманның ұлы Исатай», «Исатайдың сөзі», «Исатай деген ағам бар», «Ей, Махамбет, жолдасым» ІІІ топ: Шағын көрініс. Сергіту сәтінде оқушылар әуен бойынша әр түрлі аспаптарда ойнайды. «Ойлан,тап» І топ. Таудан мұнартып ұшқан, тарланым, Саған ұсынсам қолым жете ме? Арызым айтсам өтер ме? Арыстаным коп болды – ау, Саған да менің арманым! Кермиығым, кербезім. Керіскедей шаңдозым, Құландай ащы дауыстым. Құлжадай айбар мүйіздім! Қырмызыдай ажарлым! Хиуадай базарлым! Теңіздей терең ақылдым, Тебіренбес ауыр мінездім! ІІ топ Садағыма сары жебені салдырған, Садағының кірісін сары алтынға малдырған. Тереңнен көзін ойдырған, Сұр жебелі оғына Тауықтың жөнін қойдырған. Маңдайын сары сусар бөрік басқан, Жауырынына көшіген жөнді оқ шанышқан. ІІІ топ Айғайласа белдік байлаған, Астана жұртын айналған, Атына тұрман болсам деп, Жұртына құрбан болсам деп Адырнасын ала өгіздей мөңіреткен. Атқан оғы Еділ-Жайық тең өткен. Атқанын қардай боратқан, Көк шыбығын қанды ауыздай жалатқан, Арыстан еді-ау Исатай, Бұл фәнидің жүзінде Арыстан одан кім өткен?! |
«Басбармақ» |
Постер /
Маркерлер/ Стикерлер /
Аудио жазба
Қиықшалар |
Рефлексия
|
3 мин | «Шартты белгілер» | Оқушылар білгенін, не үйренгенін және де білгісі келетін ақпаратты жазып шығады | Стикерлер | |
Бағалау | 1 мин | Оқушыларды біліміне сай бағалау | Топ басшылары бағалау кестесіне топ мүшелерінің бағалауын тапсырады. | Бағалау қиықшалары | |
Үйге тапсырма | 1 мин | І топ. Өлеңдегі көркемдегіш құралдарды табу.
ІІ топ. Исатай туралы қосымша мәлімет жинау. ІІІ топ. Шығармашылықпен жұмыс. «Махамбетше жырлаймын» |
Оқушылар үй тапсырмасын күнделікке жазады. |