Басы » Бастауыш сыныптар » Зат есімннің септелуі

Зат есімннің септелуі

Атырау облысы

Атырау қаласы

SilkWay мектеп-лицейі

Шоманова Назгүл Омаржановна

 

Күні:

12.01.2017ж

Пәні: Қазақ тілі Сыныбы: 4 «А» Сынып жетекшісі: Н. Шоманова
Сабақтың тақырыбы Зат есімннің септелуі
Сілтеме Қазақ тілі. Г.И. Уайсова, Ә.Е. Жұмабаева    Алматы,  «Атамұра»  баспасы, 2015 жыл,

4-басылымы, өңделген Слайд ; Интернет желісі;yandex.kz, google.kz.

Жалпы мақсаттар Зат есімнің септелуі туралы түсінік беру.
Міндеттері Септік  жалғауларымен таныстырып, олардың сұрақтарын  меңгерту.
Оқыту нәтижесі Зат есімнің септелуі туралы түсінік алып, септік  жалғауларымен танысып, олардың сұрақтарын  меңгереді.
                                Сабақ барысы
Мұғалімнің іс — әрекеті Оқушы іс — әрекеті
Ұйымдастыру.

Психологиялық   дайындық

Үлкенге де «Сіз»

Кішіге де «Сіз»

Сәлем бердік сіздерге,

Ізетпенен біз!

 Үй тапсырмасын пысықтау

15- жаттығу

— Зат есім дегеніміз не?

— Зат есім туралы не білдік?

 

Ой ашар

  «Есімнен сөздер құрау» әдісі

Ø  Өз есімдерін жазып, сол есімдерінде кездесетін әріптерге зат есім болатын сөздер тауып жазады.

Ø  Осы сөздеріңе сұрақ қой

Ø  Зат есімге жалғау жалғап жаз.

Ø   Қандай өзгеріс байқадың? Қандай қорытынды жасар едің?

Ереже:

Сөйлемдегі сөздерді бір – бірімен байланыстыру үшін жалғанатын жалғауларды септік жалғаулары деп атайды.

 

Зат есімнің септік жалғаулары арқылы өзгеруін зат есімнің септелуі деп аталады.

 

Қазақ тілінде жеті септік бар: атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес.

 

Жаңа сабақ

     Бүгінгі өтетін тақырыбымыз :  Зат есімнің септелуі.
—    Олай болса, мына суретке назар аударайық.
—    Бұл шертіп ойналатын көне ұлттық аспап — Жетіген.
Жетіген жеті ішекті, жеті тиекті, бұрауы жоқ. Сондықтан оның құлақ күйі жеті асықты ілгері – кейінді орналастыру арқылы келтіріледі. Дыбыс ішектерді саусақтармен іліп – қағу арқылы шығады. Шанағы тұтас ағаштан ойылып жасалады. Ішектері аттың қылынан тағылады. Осы аспап арқылы өнерпаздар өз мұңын халыққа жеткізген. Қазір мен сендерге осы аспаптың шығуы туралы бір ертегі айтпақпын.
Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде, зат есімнің жерінде қазақ тілі елінде, «Септік» деген шал болыпты. Оның жеті ұлы болыпты. Елде жұт болып, ашаршылық жайлапты. Бұл ашаршылық Септік шалдың үйіне де келіп жетіпті де, ол ұлдарынан айырыла бастапты.
— Атау атты ұлы қайтыс болғанда, шал ағашқа аттың қылын ішек орнына керіп, тағыпты да үнсіз егіліпті.
— Ай өткен соң Ілік деген ұлы өлгенде тағы бір ішек тағып, «Ненің зияны, кімнің көзі тиді екен» деп егіледі. Арада тағы ай өтеді. Барыс атты ұлы дүниеден кетеді. Сонда шал тағы да үшінші ішек тағып «Кімге айтып жылайын, неге ғана өлді екен» деп жоқтайды.
— Табыс атты ұлы өлгенде «Нені айтып, кімді ғана қайғырайын» — дейді.
— Жатыс атты аштықтан өлгенде «Кімде кетті обалың, неде жатып көз жұмдың» — деп бесінші ішекті тағып егіледі.
— Шығыс ұлы қайтыс болады. Алтыншы ішек тағылып «Неден қайтыс болдың, кімнен сені сұрайын» — деп егіледі.
— Ал жетінші Көмектес те сол  ашаршылықтан  қайтыс болғанда «Кіммен өмір сүрмекпін, енді немен шұғылданамын» — деп жетінші ішекті тағып, шал қайғырып жоқтау айтады.
— Міне, осылай жеті ішек, жеті тиек тағылған ағаштан «Жетіген аспабы» пайда болыпты.
Ой қозғау.

    Аталған ертегі негізінде септік жалғаулары мен сұрақтарын рет-ретімен орналастыру керектігін айтамын.

— Атау қайтыс болғанда кім үнсіз егілді? – Септік шал
— Ілік қайтыс болғанда шал не деді? – неның зияны, кімнің көзі тиді екен деді.
— Барыс қайтыс болғанда шал не деді? – кімге айтып жылайын, неге ғана өлді екен? – деді.
— Табыс өлгенде не деді? – нені айтып, кімді ғана қарғайын деді.
— Жатыс ұлы өлгенде не деді? – кімде кетті обалың, неде жатып көз жұмдың? – деді.
— Шығыс қайтыс болғанда не деді? – неден қайтыс болдың, кімнен сені сұрайын? – деді.
— Көмектес ұлы қайтыс болғанда шаш не деді? – кіммен өмір сүрмекпін, енді немен шұғылданамын? — деді.

Септіктердің аты Сұрақтары Жалғаулары
Атау септік Кім? Не?  
Ілік септік Кімнің? Ненің? -ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің
Барыс септік Кімге? Неге? Қайда? -ға, ге, -қа, -ке
Табыс септік Кімді? Нені? -ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті
Жатыс септік Кімде? Неде? -да, -де, -та, -те
Шығыс септік Кімнен? Неден? -нан, -нен, -дан, -ден, -тан, -тен
Көмектес септік Кіммен? Немен? -мен, -бен, -пен

Сұрақтар сыры.  Жетіген.

Не ? — Жетіген
Ненің ?  — жетігеннің
Неге ? — жетігенге
Нені ? — жетігенді
Неде ? — жетігенде
Неден ? — жетігеннен
Немен ? – жетігенмен

Септік аттарының өзі яғни, атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес —  өздерінің аттарын ашады. Бұл қазақ тіліндегі жеті септік. Олардың сұрақтары және септік жалғаулары болады.

 

10 – жаттығу. Шеңбер, ата қарлығаш сөздерін септе.

А.с.   ата           шеңбер              қарлығаш

І.с.   атаның     шеңбердің          қарлығаштың

Б.с.   атаға         шеңберге          қарлығашқа

Т.с.   атаны        шеңберді           қарлығашты

Ж.с.  атада        шеңберде           қарлығашты

Ш.с.  атадан      шеңберден         қарлығаштан

К.с.   атамен      шеңбермен        қарлығашпен

 

Мақалдың жалғауын дұрыс жалға.

Күш – білімде, білім – кітап…

 

Кітап – адам…  досы.

 

Туған жер…  туың тік.

 

Жауға жаныңды берсең де,

Сырың…  берме.

 

Отан от…  да ыстық

 

Бойыңмен мақтанба,

Ойың…  мақтан.

 

Қорытынды.

                         Тест.

1. Септік жалғау….

А) заттың көптігін білдіру үшін

Ә) сөздерді бір – бірімен байланыстыру үшін

Б) заттың біреуге тән екенін білдіреді.

 

2. Мына сөз қай септікте тұр?

А) жатыс септік

Ә) табыс септік

Б) көмектес септік

 

3. Септік жалғауларын атаңдар:

А) –ым, -ім

Ә) – дар, — дер

Б) – ның, — нің

4. Сөйлемді дұрыс толықтырыңдар

А) оқушыны

Ә) тышқанды

Б) дәрігерді

 

5. Қазақ тілінде неше септік бар?

А) 9

Ә) 7

Б) 6

 

Қ. Мырзалиевтің «Жеті септік» атты өлеңін мәнерлеп оқып, септік жалғаулары мен сұрақтарын қайталау.
Жеті септік — жеті бала,
Жетеуінің атын ата.

Атау септік кім? не? десе,
Атың менен затыңды ата.

Кімнің? ненің? — деп анықтап,
Ілік септік іліп алар.

Кімді? нені? керек етсең,
Табыс сұрап жүріп табар.

Кімге? неге? қайда? барсаң,
Барыс септік біліп

Кімде? неде? қайда? десең,
Жатыс септік сонда жатар.

Шығыс септік кімнен? неден?
Қайдан шықтың соны айтар.

Кіммен? немен? керек болса,
Көмектес көмек беріп қайтар.

 

Бағалау

Не білдім? Не білгім келеді?
   

 

Кері байланыс

«Менің көңіл – күйім» баспалдағы

Стикерге өз есімдерін жазып, тақтадағы баспалдақтардың біреуіне жабыстырады

Керемет!

Өзіме сенімдімін!

Жақсы!

Жаман емес!

Маған көмек керек!

Білмеймін!

Нашар!

 

Үйге тапсырма. өлеңді жаттау. 20 — жаттығу

 

Оқушылар амандасады

 

 

 

 

Үй тапсырмасын қорытындылайды

 

 

 

 

 

 

Өз есімдеріндегі әріптерден сөз құрап жазады

 

 

 

 

Ережені айтады

 

 

 

 

 

 

 

 

Ертегіні тыңдай отырып, жеті септікпен танысады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ертегі негізінде септік жалғаулары мен сұрақтарын рет-ретімен орналастырады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жетіген сөзін септеп жазады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әр топ өзіне берілген сөздерді топтап жазады

 

 

 

 

 

 

 

Мақалдың жалғауын тауып жазады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тест жұмысы арқылы қорытындылайды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

[bws_related_posts]

1 пікір

  1. САЛЕМЕТСІЗДЕР МЕ МЕН СІЗДЕРДІҢ САЙТТАРЫНЫЗГА ТІРКЕЛІП, САБАКТАРМЕН БАСКА МУГАЛЫМДЕРДІҢ ТӘЖІРИБЕЛЕРІМЕН БӨЛІСКІМ КЕЛЕДІ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *