Қызылорда қаласы
Қалалық қосымша білім беру оқу- әдістемелік орталығы
Орындаған : Мектепалды даярлық тобының музыка пәнінің мұғалімі
Төлегенова Алтынай Асылбекқызы
Cабақтың тақырыбы : Музыка әлеміне саяхат
Мақсаты:музыкалық аспаптарға деген қызығушылығын ояту.оларды дыбысынан ажырата білуге және музыкаларды тыңдау арқылы , мінезіне қарай ажырата білуге үйрету.
Білімділік : Балалардың ноталарды танып, аспаптың сүйемелдеуімен әндерді орындауды үйрету.
Дамытушылық: Балалардың эстетикалық талғамдарын, музыканы қабылдау деңгейін дамыту.
Тәрбиелік: Балалардың жас ерекшеліктеріне сай әндерді орындау.
Көрнекіліктер: Тақырып экраннан шығады, музыкалық аспаптар, аспаптардың суреттері, ноталардың суреттері, музыка әлеміне саяхатқа баратын ноталардың суреттері салынған пойыз вагондары ж. т. б.
Сабақтың барысы:
І. Мотивациялық қозғаушы күш.
Е.Хасанғалиев «Атамекен» әнінің «марш» екпінімен залға кіреді де оқушылар орындарына отырады.
Мұғалім мен оқушылар:
«Шаттық» шеңбері:
Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылып,
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой.
Ал, қанекей, бәріміз,
Сәлем дейік үлкенге,
Сәлеметсіздер ме, апайлар,ағайлар!- балалар амандасады.
Мұғалім : — Балалар сендер қандай сабаққа келдіңдер?
Балалар: — Музыка сабағына.
Мұғалім: — Музыка сабағында біз не үйренеміз?
Балалар: — Ән айтуды
Мұғалім: — Жарайсыңдар!
ІІ. Іздену – ұйымдастырушы кезең.
Мұғалім: Балалар, айтыңдаршы музыка шығару үшін ең алдымен бізге не керек еді, сендер онымен таныссыңдар?
Балалар: Ноталар керек.
Мұғалім: Ия, дұрыс айтасыңдар! олай болса балалар ноталардың атын айтып көрейікші, қане:
Домбырада – до, Айзереде — ре, Мираста — ми, фабрикада — фа, Галяда — ля,ақсиса – си.
Мұғалім: Жарайсыңдар, енді балалар жаңа атаған ноталарды орындарына орналастырайық.
Мұғалім: Ендеше, балалар бәріміз бірге айтып көрейікші:
бәрі бірге: до, ре, ми, фа, соль, ля, си.
Мұғалім :Балалар, барлығы неше нота екен?
Балалар : (7)
Мұғалім: Балалар, ноталарды жазу үшін не істейміз?
Балалар: Бес сызық сызамыз.
Мұғалім: Жарайсыңдар! Мінекей 5 сызық дайындап сыздық.
Мұғалім: Келесі әрекетіміз қандай ? Ноталардың алдында не тұруы керек балалар? Ноталардың анасы кім екен ?
Балалар: Скрипка кілтін саламыз.
Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар, мінекей скрипка кілті де өз орнына келіп орналасты.Барлық ноталар түгел орындарына жайғасты.
Мұғалім: Балалар бүгін біз музыка әлеміне саяхатқа барамыз, ал саяхатты біз поезға мініп жасаймыз. Паровозды қоямын ( Ғажайыпстанға саяхат мультфильм әуенімен жүріп, залды бір айланады) бірінші аялдамаға келіп тоқтайды, осы кезде ммс келеді.
ІІІ. Негізгі бөлім.
Мұғалім: Балалар . қараңдаршы біздерге хат келді . (Осы сәтте музыка ханшайымы келеді)
Музыка Ханшайымы: Сәлем балақайлар, қөңіл күйлерін қалай? Мен, музыка әлемінің Ханшайымымын. Менің әлеміме жету үшін сендерге 3 аялдамадан өтіп, 3 түрлі тапсырмаларды орындау керек. Дайынсыңдар ма ?
Бірінші тапсырмам: Домбыра аспабымен — Домбырасыз ән қайда әнін орындап беріңдер .
Мұғалім : Балалар орындап береміз бе ?
«Домбырасыз ән қайда ?» әнді мұғалім домбыра аспабында сүймелдейді, балалар орындайды.
Мүғалім: жарайсыңдар, балалар дұрыс, жақсы орындадыңдар .
Ханшайым: балалар тапсырманы орындағандарын үшін мен сендерге бір сыйлық жасаймын, кәне оқып көрейік – МУ буыны вагонға ілінеді.
Мұғалім : Ендеше тағы да пойызға отырып саяхатымызды жалғастырайық (музыка ойнап тұрады) екінші аялдамаға барамыз, мінекей жеттік.
Бұл жерде қандай тапсырма бізді күтіп тұр екен:
Музыка Ханшайымы : Қазір ән қосылады, балалар сол әнді мұқият тыңдап әннің көңіл – күйін ажыратып беріңдер — депті. Тыңдаймыз ба балалар?
Балалар: — ия / балалар әнді экраннан тыңдайды/
Мұғалім : Қане онда тыңдайық !Біз білетін ән екен бе ?
Балалар : Қошақаным қайда екен ? әні
Мұғалім: Балалар, дұрыс айтасыңдар!Сендерге екінші сыйлығын бермек Ханшайым кәнекей — ЗЫ буынын ілейік.
Балалар саяхатты жалғастырмақ бұрын музыка ханшайымынан біз де бір ән сұрап, сергіту сәтін орындайықшы, орындап бересіз бе ?
Ән – достық жайлы ,балалар барлығы Ханшайым жанында би билейді.
Мұғалім : Балалар, осындай тамаша көңіл — күймен соңғы аялдамаға жетіп қалдық, Ханшайымның тапсырмасын шешейік.Ханшайым қайда кеткен ?
(музыка ойнап тұрады, үшінші аялдамаға келіп жеткенде, хат ашылады)
Үшінші аялдама: Бұл аялдамада қандай тапсырма бар екен хатты оқып көрейік: Балалар, бұл аялдамада бір қорапша бар, қорапшаның ішінде тапсырмалар бар, сол тапсырманың сұрақтарына жауап берсеңдер мен сендердің жаныңыздан табыламын, Ханшайым. Осы кезде музыкалық қорапшанын дауысы шығады арттан, мінекей балалар, сиқырлы қорапшаны мында екен ашайық, ашқанда музыка қосылады да экраннан сұрақтар шығады:
— Мынау қандай аспап? (Асатаяқ)
— Асатаяқ қалай шертіледі? ( Ұру арқылы)
Мұғалім асатаяқта ойнап көрсетеді оқушыларға .
— Ол қандай топқа кіреді? (ұрмалы)
— Мынау қандай аспап? (Домбыра)
Мұғалім домбыра аспабын алып күйден үзінді орындайды.
— Қай топқа жатады? (Ішекті)
— Мынау қандай аспап? (сылдырмақ )
Мұғалім сылдырмақта ойнайды
Балалар да қызығып ұстап, шертіп көреді .
Мұғалім : балалар біз кішкене ансамбль құрып көреміз бе ?
Кәнекей «Келіншек» күйін шапалақпен ырғағын орындайық, мен домбырада күйді орындаймын сендер қолдарыңмен шапалақтар арқылы ырғағын ұрасыңдар менімен бірге.
Жарайсыңдар,үшінші сыйлық – КА буыны .
Балалар, тағы қарап көрейік басқа тапсырма барма екен?
(Осы уақытта залға Ханшайым кіріп келеді )
Ханшайым: Жарайсыңдар! Менің тапсырмаларымды өте жақсы орындадыңдар.
Мұғалім : балалар сонымен біз қандай әлемге саяхат жасадық ?
Балалар : МУ ЗЫ КА
Мұғалім : керемет .
ІV. Қорытынды
Мұғалім: балалар біз бүгін қайда бардық?
Балалар: Біз музыка әлеміне саяхат жасадық, ән орындадық, биледік және әр түрлі саз аспаптарымен таныстық, күй орындадық . Музыка әлемі Ханшайымының сұрақтарына жауап беріп онымен жүздестік.
Мұғалім : мен сендерге әдейі дайындап әкелген сыйлығымды тапсырғым келіп тұр, барлығыңда сабаққа белсенді қатысқандарың үшін, мінекей Ханшайымға да берейік.
Ханшайым: сау болыңыздар, балалар, менің әлеміме келіп тұрыңыздар!
( шығып кетеді.)
Мұғалім: Балалар, біздің де сыныбымызға қайтатын уақытымыз болып қалды. Мінекей мына пойызға мініп, қанекей барлығымыз бірге қайтайық.
(музыка ойнап тұрады, залды бір айланып шығады)
Ғажайыпстанға саяхат әуенімен шығып кетеді.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Балалар ноталардың аттарын атай біледі;
Игереді: Музыканың мінезін ажырата біледі, аспаптармен танысты;
Меңгереді: Балалардың музыка мәдениетіне деген көз — қарастарын қалыптастырады.