Басы » Cыныптан тыс » Жемқорлықпен күресу басты міндетіміз

Жемқорлықпен күресу басты міндетіміз

 

 

Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжі

 

Тақырыбы: «Жемқорлықпен күресу басты міндетіміз»

атты интеллектуальдық сайыс

Жоламанова Бақтыгүл Бағытқалиқызы

Сәлеметсіздерме құрметті қонақтар, ұстаздар және студенттер!
Жамандыққа тосқауылды қояйық,
Пара алғанның жолы жабық қой анық,
«Қазақстан-2050»-айқын жол,
Күресейік,жемқорлықты жояйық.
Әр ата-ана өнеге берсін балаға,
Тәрбиесіз шоқ жұлдыздың жанама,
Адалдыққа,даналыққа үйретсең,
Жолдаң таймас ар болған соң санада.
Пара алғандар темір тордан әрі асар,
Алса да оны мойындамай санасар,
Беделі кетіп,қайыры қашып ортадан,
Мәнді өмірі енді қайтіп жарасар.
Қазақ елі байтақ болсын десеңіз,
Жемқорлықтың жолын бірге кесеміз,
Сонда ғана жер гүлденер,ел байып,
Сонда ғана шарықтаймыз,өсеміз.  дей келе

 

 «Жемқорлықпен күресу басты міндетіміз»  атты өткізгелі отырған интеллектуалды ойынымызға қош келдіңіздер.

 

Ән «Жаса Қазақстан»  орындайтын Орақ Айболат

 

Сыбайлас-жемқорлық деген не?

 

Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттік құрылымдардың экономика аясында қылмысты құрылымдармен біте қайнасуы, сондай-ақ мемлекеттегі лауазымды адамдардың, қоғамдық және саяси қайраткерлердің сатылғыштығы, парақорлығы. Өзінің қызметтік мәртебесі мен өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де бейқызметтік мүдделер үшін пайдалану жолымен жеке игіліктерді алу әрекетінен көрініс табады
“Сыбайлас-жемқорлық” деген “параға сатып алу”, “пара” ретінде, «corruptio» деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ «corrumpire» түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу” деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас-жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққы қарсы күрес» заңы 2015 жылы 18 қарашада қабылдады.
         Біріккен ұлттар ұйымы .2003 ж 9 желтоқсан күнін халық-қ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күн деп жариялады.
Ел болып еңсемізді көтеріп,тәуелсіздігімізді алып,шаршы әлемге танылдық,Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбпевтың көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып,нығая түсіуіне бағытталған құқықтық заңнамалар қабылданып,ел эканомиясы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп,әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орнын айқындады.Бүкіл әлемге өзінің біртұтастығыменең,ажырамас бірлігімен танылды.Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап,уақыттан туындаған әр түрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды.Ол жол –Приздентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы.
Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білеміз
Енді «Жемқорлықпен күресу басты міндетіміз» »  атты  интеллектуалды ойынға қатысатын сайыскерлерді  ортаға шақырайық.

 

 

 

«Жас қыран»  тобы

«Адалдық»  тобы

«Нұрлы жол»  тобы

«Болашақ»  тобы  қол соғайық

 

 

                                                                  Ойын барысы:

Ойынымыздың мақсаты студенттерге  адам құқтары,  «жемқорлық» туралы түсініктерін кеңейту; Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін     дамыту,дүниетанымдары кеңейту; Құқық бұзушылықтың алдын алу.

Ойынымыз сайыс түрінде өтетін болғандықтан топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін     құрметтеуге, ұйымшылдыққа сіздерді шақырамын.

— Ойынды бастамас бұрын әділ қазылар алқасымен таныстырайын.

 

Құқық пәнінің оқытушысы  Құрманова Жамал Қарағұлқызы

Ағылшын пәні оқытушысы Имашева Анар Қарашбайқызы

Қазақ тілі пәнінің оқытушысы: Қосымбаева Толқын Орынбасарқызы.

 

Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие, тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға, сол алда,- дегендей, бүгінгі интеллектуалды ойынымыз І курс студенттерінің арасында өткелі отыр. Әр топ бір топты құрайды. Ендеше ойынның бөлімдерімен таныс болыңыздар.

І кезең      “Таныстыру”

ІІ кезең    “Менің көз қарасым”

ІІІ кезең   “Біз неге құқылымыз”

ІV кезең   “Ғажайып алаң”

V кезең     “Жеті жұрттың тілін біл.. ” ”Полиглот”

VI кезең    “Кім жылдам”

VIІ кезең  “Ситуациялық жағдай”

 

Енді ойынымыздың І- айналымын бастаймыз.

 

І -айналым «Таныстыру»

Ойын ережесімен таныстыру.

Бұл айналымда әр топ өзінің, ұранымен таныстырады. Бұнда Ұран, Эмблема бағаланады

 

І-топ. Топтың аты – «Жас қыран»

Ұраны:

ІІ-топ. Топтың аты – «Адалдық»

Ұраны:  Біз адалдық тобымыз

Адалдыққа жақтаспыз

Сенде досым адал бол

Адалдыққа жақтас бол

ІІІ-топ. Топтың аты – «Нұрлы жол»

Ұраны: Егеменді өсер елде тұрам Мен,
Білдіремін сезімімді жыр-әнмен.
Жолыменен Елбасының жүрейік,
«Жемқорлыққа жол жоқ»-деген ұранмен.

 

ІV-топ. Топтың аты – «Болашақ»

Ұраны:  Жамандыққа тосқауылды қояйык

Пара алғанның жолы жабық қой анық

«Қазақстан-2050» айқын жол

Күресейік жемқорлықты жояйық

Әділ қазылар І айналымның бағасын бересеңіздер

 

ІІ -айналым «Менің көзқарасым»

 

Бейнебаян

Бұл жерде кім кінәлі білімсіз дәрігерді жұмысқа алған басшы ма, әлде білімсіз студентке диплом берген  оқу орны ма?

Өз түсініктеріңіз бойынша айтсаңыздар

 

Әділ қазылар І айналымның бағасын бересеңіздер

 

ІІІ кезең   “Біз неге құқылымыз”

Бұл жерде әр топ кезек – кезекпен ұяшықтарды таңдап, сұрақтарға жауап береді. Әр сұрақ  ұпаймен бағаланады.

 

  1. Біз неге құқылымыз? (Мемлекет шығарған немесе бекіткен тәртіп ережелерінің жиынтығы). 
  2. Бала болып кімдер саналады? 18 жасқа толмағандар бала болып саналады.
  3. Құқық немен қорғалады? Заңмен қорғалады?
  4. Адам құқығының қорғалуы қай елде бастау алған? 1789жылы.Францияда
  5. Бала құқығы туралы Конвенцияға Қазақстан Президенті қай жылы қол қойды?                                                    1995жылы
  6. Қазақстан бойынша сыбайлас жемқорлық фактісі туралы ақпаратты қандай телефон номеріне сеніп тапсыра аламыз ?                     1424 
  7. Құқық туралы заңдарды қандай орган шығарады?  Парламент
  8. Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күн?      2003 ж 9 желтоқсан
  9. Адам құқығы жат елдерде жүрсе қалай қорғалады?

Әр адамның құқығы қайда жүрсе де заңмен қорғалады?

  1. Қоғам деген не?    Саналы адамдардың
  2. бір мүддені, бір мақсатты орындау үшін саналы түрде бірігуі
  3. Адам құқықтары мен бостандықтары туралы Декларацияны қандай ұйым қабылдады?   Біріккен Ұлттар Ұйымы
  4. Адам құқығы қандай жағдайда бұзылады?  Соғысып жатқан елдерде
  5. Қазақстан БҰұ-на қашан мүше болды?   1992жылы.2-наурыз.
  6. Адам құқығы кімдер қорғайды? (Қауіпсіздік қызметкерлері)
  • БҰҰ-ның мақсаты не?  )Әлемде бейбітшілікті сақтау,адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау)

 

ІV кезең   “Ғажайып алаң  Ұяшықтар астында жемқорлық туралы бейне сұрақтар, мақал-мәтелдер жасырылған,сол мәтелдердің жартысы оқылады жалғасын табу керекпіз. Бұл жерде әр топ кезек – кезекпен ұяшықтарды таңдап, сұрақтарға жауап береді. Әр сұрақ  ұпаймен бағаланып қоржындарына түседі. Ескерте келе  Ұпайы аз топ ойыннан шығарылады.

 

  1. Пайда да бір, Аққан су да бір
  2. Адамның ұяты бетінде, Адамгершілігі ниетінде
  3. Пайда көздеген-жалғанның құлы
  4. Телміріп алған теңгеден, Тер төгіп тапқан теңге жұғымды
  5. Тәрбие отбасынан басталады
  6. Білегіңе сенбе, біліміңе сен

Ұпайы аз топ ойыннан шығады.

Әділ қазылар әр айналымның қорытындысын шығарады.)

 

Көркем сөз «Жемқорлық» орындайтын 1 курс 28 топ студенті Бисембиева Жансая  

 

 

V айналым     “Жеті жұрттың тілін біл..”Полиглот”

Топқа мақал мәтелдер қойылады. Жауабын үш тілде жауап беру керек.Үш тілде жауап берген топқа 15 ұпай,екі тілде жауап берген топқа -10 ұпай, бір тілде жауап берген топқа 5 үпай қойылады.

 

  1. Мемлекеттік басқару құрылымдарындағы лауазымды қызметкерлердің өздеріне тапсырылған қызмет мүмкіндігін жеке бастарының пайдасы мен мүддесіүшін пайдалану мақсатында жасаған қоғамға қауіпті қылмыстық іс-әрекеттері

жемқорлық-коррупция-curruption

  1. Жалпы тәртіптік шара? Заң-закон-law
  2. Бала құқығы жөнінде халықаралық шарт? Конвенция  конвенция- convention
  3. Бүкіл заң шығару ісінің қайнар көзі Конституция конституция constitution
  4. Әрбір адам басқа адамдармен тең және еркін. Адамдарға өмірдегі ең қымбат нәрсе не?

          Бостандық   cвобода   libery

  1. Заң бойынша Қазақстан мемлекетінің бір мүшесі Азамат Гражданин  Сitiren,person
  2. Барлық мемлекетте өз азаматтарының азаматтығын мемлекет тарапынан

мойындап, қамқорлық жасау.         декларация декларация  —

  1. Заң шығарушы парламент неше палатадан тұрады ?              Сенат, мәжіліс

                                                                                                            Сенат, Мажилис

                                                                                                             Senate.

  1. Дүние аты мәшһүр болған қымбат,

 Ықшамды әдемілік, сонда сымбат.

Мақсатың көңіліндегі табылады,

Адамға ықыласпен қызмет қылмақ   ақша денги money

 

  1. Ақшаның көзі қызыл-красный-red

 

VI кезең   “Кім жылдам” Уйге берілген тапсырма бойынша көрініс көрсету қажет. Жемқорлық туралы                                                     10 ұпайдан беріледі

 

                                                                        Ұпайы аз топ ойыннан шығады.

(Әділ қазылар әр айналымның қорытындысын шығарады.)

 

 

Тамашалаңыздар  Алдарыңда колледж ансамбльі

 

VIІ кезең “Ситуациялық жағдай”

 

 

Ситуациалық жағдай
1 топтың тапсырмасы: Компьютер ойнауға ақша таба алмай отырған Ерлан мен Марат біраз ақылдасады. Ерланның есіне асханада ақша майдалатқан Қайрат түседі. Сол Қайратты қорқытып, ақшасын тартып алу керектігін Маратқа айтады. Сол мезетте келе жатқан Қайратты Марат алдап шақырады. Ойында арам ойы жоқ Қайратты Ерлан келіп бас салып, ақша тауып беруін талап етеді. Алғашқыда ойын екен деп ойлаған ол ақшасының жоқ екендігін айтса да, соңынан бұл істің қалжың емес екендігін ұғып, қалтасындағы бар ақшасын бере салады. Аман — есен құтылғанына қуанған ол анасына айтатындығын ескертеді. Ерлан мен Марат егер бұл істі біреуге айтсаң, онда жақсылық болмайтындығын Қайратқа жақсылап ұғындырады.
Сұрақтар: 1. Осы көріністе баланың қандай құқығы шектелген?
2. Ерлан мен Марат қандай қылмыс жасады?
3. Ерлан мен Мараттың қылмыс жасауына не себеп болды?

2 — топтың тапсырмасы: Нұрлан 10 — сыныпта оқиды. Нұрланның білім алуға деген талабы жақсы. Оқыса жақсы оқитын оқушылар қатарынан орын аларлық қабілеті бар. Бірақ ата — анасының тәрбиесі баланы жолдан тайдырады. Нұрланның ата — анасы бала тәрбиесіне жауапсыз қарайды. Баланы сабақтан себепсіз жиі қалдырады, кейде тіпті апталап келмей қалатын кездері де болады. Мектепте, сыныпта ата — аналарға байланысты өтетін жиындарға да келмейді. Сынып жетекшісі осы жағдайға байланысты Нұрланның үйіне барып, ата — анасымен бірнеше рет әңгіме жүргізгенімен еш нәтиже шықпайды. Ата — анасы құрғақ уәде беріп құр шығарып салады. Бірер күн өткен соң жаңағы оқиға қайта қайталанады. Білім алу баланың басты міндеті екенін біле тұра оны орындауда әке — шешесі салғырттық танытады.

Сұрақтар: 1. Нұрланның ата — анасының қылығын қалай бағалайсыздар?
2. Сынып жетекшісінің орнында болсаңыз не істер едіңіз?
3. Ата — ананың бала алдындағы міндеттері қандай?

3 — топтың тапсырмасы. 9 — сыныпты сәтті аяқтаған Жалғас жазда жақсы демалып, тынығып, қыркүйекте колледжге келді. Биыл орта буын, яғни І курска  келген соң, өзін — өзі бір есейіп қалғандай сезінді. Әрбір істеген жұмысына өзінше бір есеп беріп отыратын болды. Жалғастың қыркүйек айындағы тынымсыз еңбекке толы күндері өтіп жатты. Ол енді колледждегі бір үйірмеге қатысып, бойындағы ерекше бір қабілетін шыңдауды мақсат санады. Сөйтіп, мектептегі «Тұмар» пікір — сайыс клубына жазылмақшы болып бір шешімге келді. Осы ойын ата — анасына жеткізді. Ата — анасы Жалғастың ойына қарсы болады. Оны анасы ағылшын тілінен өтетін үйірмеге өзі жазғызып қойғанын, қазіргі заманға ағылшын тілі мамандарының өте қажет екендігін, заман ағымына сай өмір сүру керектігін баса айтты. Ал, Жалғастың бар ойлағаны, өзінше бір жасаған шешімі құмға сіңген судай жоқ болды да кетті. Үнемі ата — анасының айтқанын дұрыс санап, соны басты назарға алатын Жалғас тағы да ата — анасымен келісуге мәжбүр болды.
Сұрақтар: 1. Жалғастың ата — анасының іс — әрекетін қалай бағалайсыз?
2. Осы жерде баланың қандай құқығы шектеліп тұр?
3. Жалғастың ата — анасының шешімімен келісуі дұрыс па?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды:

 

Ту тігілді халқымның бүгін бағына,

Жас өрендер желбіретіп, нық ұста.

Ғасырларға жалғастырып елдікті,

Дақ түсіме ата-баба арына!

Үлгі бізге ағалардың ерлігі,

Ұлағатты, өнегелі еңбегі.

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,

Бүгінгі ұрпақ -болар елдің ертеңі!

Еліміздің ертеңі сендерсіңдер, бар үміт, Қазақстан ертеңгі күні сендердің қолдарыңда, біз сендерге сенеміз, елімізге адал қызмет етіп,  әрқашан армандарың орындала берсін демекпін.
Бүгінгі сайысқа өте жақсы қатысқандарың үшін сендерге, қонақтарға көп рахмет айтамын.   Берекелі, мерекелі күндер көп болсын, күніміз әрқашан күлімдеп ата берсін деген тілекпен ойынымызды аяқтаймыз.

 

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *