ОҚО, Кентау қаласы, Б. Момышұлы атындағы №12 жалпы орта мектебінің математика-информатика пәнінің магистр оқытушысы
Устемирова Батия Бектемірқызы
Сабақтың тақырыбы: Қысқаша көбейту формулалары. Екі өрнектің қосындысының және айырмасының квадраты
Сабақтың мақсаты:
- Екі өрнектің қосындысының және айырмасының квадраты формуласының мәнін ашу, көпмүшені көпмүшеге ықшамдырақ көбейтудің жеңіл тәсілдерін үйрету.
- Оқушылардың ой — өрісін кеңейтіп есте сақтау қабілетін шыңдау, оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру
- Оқушыларды шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгеру сабағы, саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: топтық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, бағалау парағы, үлестірмелі карточкалар
Пәнаралық байланысы: сурет, география, өзін-өзі тану
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, түгендеу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, сабақтың мақсатын айту, «Өзін-өзі бағалау парағын» тарату, оқушылар 4 топқа бөлінеді. Сабағымыз саяхаттан басталады. Ең алдымен біз белгісіз аралға тап болдық. Бұл аралдан шығу үшін бізге үй тапсырмасын шешу керек.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру «Арал тапсырмасы».
Үлестірмелі карточка арқылы тапсырмалар тарқатылады, есептер дұрыс орындалатын болса, функция графиктері шығады. Оны тақтаға оқушылар іледі.
ІІІ Жаңа сабақ Арал тапсырмасынан соң, бізге кеме қажет. Кеменің қойып отырған талаптары
«Кеме тапсырмасы»
4 топқа тапсырма беру. Оқушылар жаңа сабақты топ-топқа бөліну арқылы ашады. 2 топ мысалдар келтіреді.
Екі өрнекітң қосындысының квадраты бірінші өрнектің квадратына, плюс екі еселеген бірінші және екінші өрнектің көбейтіндісіне, плюс екінші өрнектің квадратына тең.
Мысал:
Екі а және b өрнегігің айырмасының квадраты:
Екі өрнекітң айырмасының квадраты бірінші өрнектің квадратына, минус екі еселеген бірінші және екінші өрнектің көбейтіндісіне, плюс екінші өрнектің квадратына тең.
Мысал:
ІV Бекіту. Кеменің тапсырмасына ілесіп балықтар да өздерін көрсетіп бағуда. Сол себептен оларды да ренжітіп алмайық. «Балықтар тапсырмасы» балық карточкаларда әр топқа есептер беріледі. Есепті бірігіп орындап отырады.
(х±у)2=х2±2ху+у2
(2а+9)2-а(4а+31)=4а2+36а+81-4а2-31а=5а+81
512=(50+1)2=502+2*50*1+12=2500+100+1=2601
792=(80-1)2=802-2*80*1+12=6400-160+1=6241
(а+3)2= (а-3)2=
(2+3y)2= (2-3y)2=
(4m-2n)2= (5c-3z)2=
V Графикалық диктантпен сабақты қорытындылау Иә «-», жоқ «^»
«Ұшақ тапсырмасы» . Елімізге оралу үшін міндетті түрде ұшақтың көмегіне жүгінеміз балалар. Сол себепті ұшақ арнайы тапсырмасымен:
+ .Қарама-қарсы сандардың қосындысы нөлге тең
– 0 саны натурал сандар жиынына тиісті
— 25 санының квадраты 655
+ негіздері бірдей дәрежелерді көбейткенде дәрежелері қосылады
+. Екі теріс санның қосындысы — теріс сан
+. Таңбалары әр түрлі екі санның көбейтіндісі- теріс сан
-. Кез келген санның 0 дәрежесі өзіне тең
— 14 санының квадраты 296
+. Оң санның модулі сол санның өзіне тең
+. Теріс көбейткіштер саны жұп болса, көбейтінді оң сан болады
-негіздері бірдей дәрежелерді бөлгенде дәрежелері қосылады
-17 санының квадраты 389
-. Теріс санның модулі сол санның өзіне тең
+. Таңбалары бірдей екі санның көбейтіндісі оң сан
-. Кез келген теріс сан оң саннан үлкен
+15 санының квадраты 225
Үйге тапсырма беру
1. А тобы №339, 340.
В тобы №342
С тобы № 356
2. Ережелерді, формулаларды жаттау
Оқушылардың білімін бағалау
Кері байланыс
«Менің сабақтан алған әсерім» тілек ағашына өз ойын еркін түрде білдіру. (әуен ырғағымен)
Қорытынды сөз:
Білімге жетелейтін үш жол бар:
Еліктеу жолы- ең жеңіл жол,
Ойлау жолы- ең игілікті жол,
Тәжірибе жолы-ең қиын ащы жол, дей отырып талай қиындықтарды артқа қалдырып, біз егеменді еліміздің тізгінін ұстайтын жас ғалымдар елімізге оралдық. Математика –ғылымдар патшасы екенін естен шығармаңыздар! Келесі кездескенше сау болыңыздар!