Маңғыстау облысы
Қарақия ауданы, Құрық ауылы
№9 бастауыш мектебі
Досмаганбетова Гаухар АСкаровна
Сабақтың тақырыбы: Бала құқығы- асыл қазына
Мақсаты:
Адам құқықтарын сақтау, өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруға дайындық қабілеттілігін қалыптастыру;
Оқушыларға адам құқығы, бала құқығы, оқушының құқығы мен міндеті ұғымдарын меңгерту.
Көрнекілігі: слайд, заңдар сөздікшесі
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
ІІ.Жаңа сабақ
Әнұран орындалады.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы, балалар, «Бала құқығы- асыл қазына»
Құқық дегеніміз не? Міне , балалар, өздерің байқап отырғандай құқық дегеніміз заң рұқсат ететінадам табиғатына, жаратылысына сай әрекеттер жасау мүмкіндігі екен, яғни азаматтарға кең көлемді құқықтар мен бостандықтар берілген.Бүгін біз адам дүниеге келгеннен бастап, тұлға болып қалыптасқанға дейін қандай құқықтарға ие болатынын білеміз.Сондықтан да бүгінгі сабағымыздың мақсаты осы болмақ.Қазір ,балалар, заң сөздікшесімен танысалық.
І. Біліп жүрейік:
Заң сөздікшесі |
|
|
||||||
|
|
||||||
|
-Жақсы , ендеше, қазір біздерге балалар өз құқықтары туралы айтып берсін.
- «Сен білесің бе?» сұрақ-жауап.
1) Біздің мемлекет – ҚР. ә) Мемлекеттік тіл – қазақ тілі. б) Мемлекеттік рәміздеріміз – әнұран, ту, елтаңба. в) Елорда – Астана. г) ҚР кім басқарады? – Президент.
2) Конституция – бұл Қазақстан Республикасында тұратын барлық азаматтардың құқықтары мен міндеттері белгіленген құжат.
3) Конвенция – арнайы бір мәселе жөніндегі мемлекеттердің өзара келісімі.
4) Құқық немен қорғалады? -Заңмен қорғалады.
5) Құқық – мемлекет тарапынан, болмаса тиісті қаулы, заңмен әрбір адамға берілген ерік, бостандық.
6) Бала құқығын қорғау туралы заң қанша бап,қанша тараудан тұрады?
Балалар адамға қатысты барлық құқықтарға ие, бірақ ересектерге қарағанда өз құқықтарын қорғау мүмкіндіктері аз болғандықтан ерекше құқықтық қорғауды қажет етеді. Қазақстанда балалардың құқығын қорғау туралы атаулы күндер берілген.
Атаулы күндер:
1-маусым | Балаларды қорғаудың халықаралық күні |
20-қараша | Балалардың дүниежүзілік күні |
10-желтоқсан | Адам құқығы күні |
1959жылы | Әлемде бала құқығының халықаралық күнін мерекелеу. Декларацияны жариялаудан басталды. |
1979жылы | Балалардың халықаралық жылы өтті |
20-қараша 1989ж | БҰҰ-да Бала құқықтары туралы конвенция қабылданды |
8-маусым 1995жыл | Қазақстан Бала құқықтары туралы конвенцияны бекітті. |
Топ бойынша тапсырма:
1-топ:Балалар, қазір біздер берілген сөздерді дұрыс орнына қойып міндетімізді анықтауымыз керек.
Менің міндетім
Заңға …………………………………………..
Басқа адамдардың …………………….., бостандықтарын, жеке өмірін, ар-намысын …………………………………….
Мемлекеттік …………………… сыйлау
…………………. тәртіпті …………………
қоғамдық, сыйлау, бағыну, тәртіп, құқықтарын, рәміздерді, сақтау«Не істеуге болмайды?»
2-топ: Сөздерді жалғастыр
-Үлкендердің алдынан кесіп ………..
-Кішкене баланы …………
— Қыз баланы …………..
-Сабақтан ………………………
— Сыныпта …………………….
— Дөрекі, былапыт сөздерді ………………….
3-топ: Сызық арқылы ораластыру
«Не істеу керек?»
-Үлкен кісіні …………………………..( тілін алу керек)
— Үлкеннің ……………………………..( сыйлау керек)
— Үлкендерге ………………………….( күтіп ұстау керек)
— Кішілерге ………………………………….( сыйлау керек)
— Аналарды, апаларды ………………….( қамқорлық жасау керек)
— Оқу құралдарын ………………………( сәлем беру керек)
Халық мақал-мәтелдер, тыйым сөздер арқылы баланы жастайынан ұрлық қылмауға, өтірік сөйлемеуге, «біреудің ала жібін аттамауға»тәрбиелеген. Ала жіпті қазақ тыйым белгісі ретінде қолданған, пір тұтқан.Ендеше келесі кезекте «Ой жалғау». Ол үшін мақалдың басқы бөлігінің жалғасын табу керек.
Заңның құрығы… | анық бас |
Ақырын жүріп… | қорлық |
Асыл тастан… | жамандық болмайды |
Ұрлық түбі… | арлы бала |
Жазасын тарпайтын… | кешірген жөн |
Әдепті бала… | арты игі |
Өш алғаннан гөрі… | бәрінен ұзын |
Әділ істің… | өнер жастан |
Қорытынды:Сонымен «құқық» дегеніміз не болды?
- Құқық сөзінің кілті
Қ-азақ
Ұ-лты
Қ-айырымдылықты
Ы-ымырашылдықты
Қ-олдайды
-Бәріміз бірге оқиықшы.Хормен оқыту.
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ.
-Сонымен,қорытындылай келе,біз бүгін өз құқығымыз жайлы ой түйдік. Б.Момышұлы атамыз «Азамат жолы-ар жолы» деп айтқандай,ешкімнің ала жібін аттамай,өзқұқығымыздыда,өзгеніңқұқығын да бұзбай,тәуелсіз еліміздің арқа сүйер айбынды,ақылды ұл-қызы болып өсейік