Маңғыстау облысы
Қарақия ауданы, Құрық ауылы
№9 бастауыш мектебі
Досмаганбетова Гаухар АСкаровна
Пәннің аты | Уақыты: | Кабинет: | Мұғалім |
Сабақтың атауы | Жұрнақ пен жалғау(қайталау) | ||
Мақсаты | Сабақтың мақсаты:
Түбір мен қосымша туралы түсініктерін бекіту; Қосымшалардың жұрнақ пен жалғау болып бөлінетіндігі туралы мағлұмат беру; Қосымшалардың әр түрлі қызмет атқаратындығын түрлі жаттығулар арқылы меңгерту; Оқушылардың сөздік қорын молайту,байланыстырып сөйлеу дағдысын жетілдіру; Сабақтың міндеттері: Білімділік: оқушылардың жұрнақ пен жалғау жайында алған білімдерін кеңейту; Дамытушылық: қисынды ойлау, алған білім, білік, дағдыны қолдану дағдыларын дамыту. Сөз, сөздердің жазылуы туралы алған білімдерін дамыту; Тәрбиелік: оқушыларды білімділікке, ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу. Күтілетін нәтиже: а) Оқушылар білуі тиіс: сөз, сөздердің жазылу емлесін, түбір мен қосымша туралы түсінікті білулері тиіс. Сонымен қатар, қосымшалардың жұрнақ пен жалғау болып бөлінетіндігін білулері тиіс. ә) Оқушылар игеруі тиіс: түбір сөзге алдымен жұрнақ, соңынан жалғау жалғанатындығын. Сөздерге жұрнақ жалғау арқылы сөз мағынасын өзгертуді игерулері тиіс. б) Оқушылар меңгеруі тиіс: Жаңа сөз жасайтын қосымшалар мен сөздерді бір-бірімен байланыстыратын қосымшаларды бір-бірінен ажыратуды. Сөзді құрамына қарай талдауды меңгерулері тиіс. Сабақтың типі: ашық сабақ Сабақтың түрі: пысықтау сабағы Қолданылатын әдістер: түсіндіру, миға шабуыл, анализ жасау, сұрақ-жауап, рефлексия. Көрнекі құралдыр: интерактивті тақта, слайд, үлестірмелі парақшалар. |
||
Күтілетін нәтиже | |||
Психологиялық ахуал | Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз. Дүниені аралап, Оқып білім аламыз. Шөжелерім биі арқылы топқа бөлу. 1 топ – түбір 2-топ — жұрнақ 3-топ – жалғау Ұйымдастыру кезеңі Көңіл-күйлерің қалай? Сабаққа дайындығымыз қалай? Үй тапсырмасын тексеру Үй тапсырмасын тексеру (291-жаттығу) |
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. | |
Қызығушылықты ояту | Кезекті сабағымызды бастаймыз.-Балалар, бүгінгі біздің сабағымыз ерекше болып өтеді, Өйткені, байқайсыңдарма біздің білімімізді көруге ұстаздар қонаққа келіп отыр.Ендеше, бар зейінімізді сабаққа аударып ,ден қоялық. Балалар бізге сабаққа сонымен бірге Алдар көсе мен Қожанасыр келіп отыр екен. Олар бос келмей сендерге тапсырмалар әкеліпті.
-Алдаркөсе мен Қожанасыр туралы не білеміз?/ Аңыз әңгімелердің кейіпкерлері, Алдар ақылды айлакер, зерделі қу, ал Қожанасыр бірде қу, бірде ақымақ, бірде жомарт,бірде аңқау болады/ — Қандай шығармаларын оқыдық? /Үш сом,Қожанасыр мен ашқарақ,Қожанасыр мен Алдаркөсе/ -Балалар, ендеше Алдар мен Қожанасыр бізбен бірге сөз әлеміне саяхатқа шықпақшы. ОЛ екеуі біздерге хат алып келіпті. Қане, көрейікші. Осы уақытқа дейін өткен тақырыптарымызды қайталап жіберейікші. Сіздерге сұрақ жібердім. 1. Сөз неден құралады? 2.Буын неден құралады? 3.Қазақ алфавитінде қанша әріп бар? 4.Дыбыстар неше түрге бөлінеді? 5.Дауысты дыбыстар неше түрге бөлінеді? 6.Дауыссыз дыбыстар неше түрге бөлінеді? 7. Сөйлем дегеніміз не? Нешеге бөлінеді? 8.Түбір дегеніміз не? 9.Қосымша дегеніміз не? 10. Жұрнақ, жалғау дегеніміз не? Өткен сабақты қайталау. |
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі. | |
Мағынаны тану | Екі әріптен құралып,
Жүруші едім мал болып. Жалғанды да бір әріп, Шыға келдім шал болып. (ат — ата) Үш әріптен құралып, Ұшып жүрген құспын, «Ақ» жұрнағын жалғасаң, Бір ұлт болып шықтым. (қаз — қазақ) Алғашқыда балық аулар, Балықшының құралы едім. Жалғанды да бір әріп, Бәрің жұтар не болдым? (ау — ауа) Күннің жадын жазу. Көркем жазу, Дәптерге жазу. Жж жи жу же Жидекті жуып же. –Біз нелер жаздық? Әріп, буындар, сөйлем. Көркем жазуда не байқадыңдар? Бәрі ж әрпінен басталған, жазған буындармен басталған сөздер. Сөйлемді хормен оқиық. Тағы нелерді жуып жеу керек? Ал сендер алманы жақсы көресіңдер ме? Жақсы көрсеңдер мына ағаштағы алмаларды тездетіп санап шығыңдар. Оның нешеуі қызыл? Қайсысы көп?(математика) Оқулықпен жұмыс .Тақтаға шығып жазады. 292-жаттығу Мәтінді түсініп,мәнерлеп оқы. Арықтау шегір көз баланың екі түрлі ғана ермегі бар.Бірі-екі сиырдың бұзауын бағып,енесіне жамыратпай жаю.Екіншісі- саздан балшық алып, ойыншық жасау.Оның әке-шешесі -күзетші. Төре ауылы күзекке келгенде, сары бала сондай қуанды. Ала жаздай зарыға жалғыз ойнағандағы ойынан кетпейтін досы бар. Ол төре баласы- Шоқан. Қарамен жазылған сөздерді теріп жаз.Жұрнақ пен жалғауды тиісті белгілермен белгіле. |
||
Сергіту сәті | Сұр қоян
|
||
Ой толғаныс | Топпен жұмыс
1-топ 294-жаттығу. Ребусты шешіп, шешуіндегі сөзге сөйлем құрау 2-топ 295-жаттығу. Түбір сөздерге қосымша жалғау. Жалғау ма, жұрнақ па ажырату 3-топ Семантикалық картамен жұмыс. Карточкамен жұмыс. Күн,Мысық,Доп Қорытынды. |
||
Үйге тапсырма | 296-жаттығу.Ереже жаттау | Күнделіктеріне жазып алады | |
Бағалау | Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Бағалау парақшасын толтырады. | |
Кері байланыс | Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады |
- Сөз неден құралады?
3.Қазақ алфавитінде қанша әріп бар?
4.Дыбыстар неше түрге бөлінеді?
5.Дауысты дыбыстар неше түрге бөлінеді?
6.Дауыссыз дыбыстар неше түрге бөлінеді?
- Сөйлем дегеніміз не?
Нешеге бөлінеді?
8.Түбір дегеніміз не?
9.Қосымша дегеніміз не?
- Жұрнақ, жалғау дегеніміз не?
[bws_related_posts]