Шарван Умарқызы Бакилова
Бастауыш сынып мұғалімі
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы
Таусүгір орта мектебі КММ
Пәні :ана тілі 1-сынып Мұғалімі :Бакилова Шарван Умарқызы | ||||
Сабақтың тақырыбы: | Шұбат.Сөздің көп мағынасы. | |||
Сабақтың мақсаты: | Оқушылар шұбаттың денсаулыққа пайдасын ұғынады, мәтінді мәнерлеп,түсініп оқуға, өз ойларын еркін жеткізуге,тіл байлығын арттыруға машықтанады.пайдасы туралы негізгі ойды ұғынуына бағыт бағдар беру.
Сөздің көп мағыналығы туралы түсінік алуға бағыт-бағдар беру. |
|||
Нәтижесі | Сөздің көп мағыналығы туралы түсінігін кеңейтеді.
Мәтінмен танысады. Шұбаттың адам ағзасына пайдалы екенін түсінеді. Ойын еркін жеткізеді. |
|||
Сабақтың әдіс – тәсілі: | Ой тастау, Миға шабуыл, топқа бөліну,топтық жұмыс, жұптық жұмыс, жеке жұмыс,сәйкестендіру. | |||
Сабақтың көрнекілігі: | Проектор, бейнеролик, қағаздар, оқулық, Түйенің суреттері, үлестірме парақшалары (жауап жазу, бағалау),постер салады | |||
Пәнаралық байланыс: | «Пайдалы кеңес» журналы, қазақ тілі , практикалық жұмыс | |||
Жаңа сабақ: | Шұбат.Сөздің көп мағыналығы. | |||
Кезең | Сабақ бөлімдерінің мақсаты | Сабақтың өту барысы | Оқушының іс-әрекеті | Сабақ-
тың әдісі |
Білу |
Оқушыларға шұбаттың түрлі түсті ыдысқа құйылған суреттері бар парақшалар тарату арқылы, ретпен топқа бөлінеді. |
Сабақ алдында сергіту сәтін жасау. Үй тапсырмасы «Түйе» мәтінін әр топтан оқиды және мазмұндайды. Сөз туралы алған білімдерін жүйелейді.
|
Оқушылар «Түйе» мәтінін тізбектей оқып, түсінгенін айтады.Жазбаша жазған 184-жаттығуды талдайды.
Сөз және оның түрлерінің ережелерін айтады.
|
Сыныппен жұмыс
|
Түсіну | Оқулықтан «Шұбат»
мәтініні оқу арқылы жаңа сабақты тереңірек түсіну |
Миға шабуыл жасау. Таудың басы,адамның басы, қарағайдың басын көрсетілген
суреттерді көрсетіп сөздің көп мағыналы болатынын табады. Топтарға тапсырма береді. «Шұбат»мәтінін оқиды. І топ:Дүкендегі шұбат ІІ топ ;Кесеге құйылған шұбат ІІІ топ: Ежірге құйылған шұбат ІV топ:Тостағанға құйылған шұбат.
|
Бас сөзінің мағынасын ашып,ереже құрастырды. Айтылуы бір,мағынасы әр түрлі сөздерді көп мағыналы сөздер дейміз. Әр топ өздеріне берілген тапсырма бойынша алдымен жеке,сосын жұппен және топпен мәтінді оқыды. | Топпен жұмыс |
Қолдану | 186-жаттығу.Жұмбақты көшіріп жазады.Қарамен жазылған сөзге мән береді. | Дәптермен жұмыс жасайдыЖұмбақ ішіндегі қарамен жазылған көмірдей қара,басыңа қара деген сөздің мағынасын ашады.. | Сыныппен жұмыс | |
Талдау | Бейнеролик көрсете, түйе өсіру шаруашылы
ғындағы шұбат өндірудің пайдасы туралы ой-пікірін талдайды.
|
Топтарға тапсырма береді.Әр топ постер салып,оны қорғайды. І топ:Дүкендегі шұбат ІІ топ ;Кесеге құйылған шұбат ІІІ топ: Ежірге құйылған шұбат ІV топ:Тостағанға құйылған шұбат. 1.Шұбат неден жасалады? 2.Шұбаттың адам ағзасына қандай пайдасы бар ? 3.Неге түйені төрт түліктің төресі деп атайды?
|
Түрлі постер салу арқылы шұбат туралы ойларын әр топтан бір оқушы шығып қорғайды. | Топпен жұмыс |
Жинақтау (синтез.) | Бүгінгі сабақтан алған білімдерін
зерделеу. |
Әр топтағы жеке оқушылардың білім-білік деңгеін
тест жұмысымен бақылау.
|
ТЕСТ
1.Түйенің пайдасы қандай ? а.Көлік,тамақ,сусын,киім. ә.Тамақ,ет,сусын. б.Жүні,еті,құрты,майы. 2.Шұбат неден жасалады ? а.Жылқы сүтінен ә,Түйе сүтінен б.Сиыр сүтінен 3.Қарама-қарсы сөздерді тап ? а.Момын,жуас ә.Түйенің басы,таудың басы. б.Биік-аласа. 4.Мағынасы жуық сөздерді тап ? а.Ұзын-қысқа. ә.Әдемі,сұлу,көркем. б.Кесені орнына қой.Қой жайылды. 5.Көп мағыналы сөздерді тап ? а.Ащы-тәтті. ә.Мықты,төзімді. б.От жақ.Бояу жақ
|
Жеке жұмыс |
Бағалау | Сабақ айту барысында
оқушы бақылайды. |
Оқушылардың сабақ соңындағы білім қорытындысы. | Қорыту, әр топ бір-бірінің жұмыстарына қол шапалақтау
арқылы баға береді. Ой-түйін,бағалау критерийлерімен формативті бағалайды.
|
|
Келесі оқылым | Үйге тапсырма беру | 1.«Шұбат» мәтінін оқып,мазмұндау.115-бет
1. 187-жаттығу. 3.Малдың пайдасы туралы шағын әңгіме(эссе) жазу.
|
||
Рефлекция | Оқушылардыңсабаққа деген ықылас,көз қарасы. | Сабақ соңында кері байланыс жасап, оқушылардың сабақтан алған әсері туралы пікірін білдіреді. | Оқушылар сабақта алған әсерлерін жазып, смайликтерді ілді. | [bws_related_posts] |