Шарван Умарқызы Бакилова
Бастауыш сынып мұғалімі
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы
Таусүгір орта мектебі КММ
Пәннің аты
әдебиет |
Уақыты:
13.01.17ж |
Кабинет: | Мұғалім
Бакилова Ш |
|||||||||
Сабақтың атауы | Б.Үсенбаев Менің туым | |||||||||||
Мақсаты | Білімдік: Өлеңді мәнерлеп оқуға; оқығанын жүйелі баяндай білуге қалыптасады өлеңдегі ақынның айтайын деген ойын түсінеді сол арқылы оқушылар ел рәміздерін құрметтей білуге үйренеді Дамытушылық: Сөйлеу тілін, мәнерлеп оқу дағдыларын дамытады шығармашылық жұмыстар арқылы ойын еркін айтуға, қиялын, арманын іске асыруға ұмтылады Тәрбиелік: отансүйгіштікке, өз елін, жерін қорғай білуге, ел рәміздеріне құрметке тәрбиеленеді. Б. Үсембаев өздерінің ауылдасы екеніне мақтан ұтып, үлгі алады. Сабақ типі: Жаңа білім беру. Сабақ түрі: Саяхат сабақ Сабақтың өткізудің әдіс — тәсілдері: ой қозғау, әңгімелесу, сұрақ — жауап. |
|||||||||||
Күтілетін нәтиже | ||||||||||||
Психологиялық ахуал | Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз, Құстай қанат қағамыз. Дүниені аралап, Оқып білім аламыз. |
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. | ||||||||||
Қызығушылықты ояту | «Сен білесің бе?»
Болат Үсембаев кім естулерің бар ма ? -Сыныптасымыз Диана Үсембаеваның атасы. — Біздің ауылдан шыққан ақын ағамыз. М. Шаханов қандай кітап жазды? |
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі. | ||||||||||
Мағынаны тану | Мағынаны тану. а) Ел рәміздерінің, авторларының суреттерін көрсету. 3 — слайд Авторы – (суретші Ш. Ниязбеков) Күн – өмір сүрудің белгісі. Күн сәулесі Қ — ң барлық жеріне нұрын шашып, сәулесін төгеді. Оның жылуы жер бетіндегі бүкіл тіршілік атаулыға ортақ. Қыран – киелі, қасиетті құс. Егемендік алған Қазақстан қыран сияқты биікте болсын, ғұмыры ұзақ болсын дегенді білдіреді. Ою – қазақ халқының мәдениетінің бір көрінісі. Түсі – көк. Ашық аспан мен тыныштықтың белгісі. Ту – тік бұрышты, 2х1 ҚР – ның Туы еліміздің үкіметтік ғимараттарында ілінеді. Сонымен қатар мемлекеттік мерекелерде қала алаңдарында ілінеді. Спорттық жарыстарда, халықаралық іс – шараларда қазақ елінің көк Туы көтеріледі. 3. Оқулықпен жұмыс. ә) Өлеңді мәнерлеп оқу. 4. Жаңа сөздермен жұмыс. в) Шоқтығым, таңдай қаққан, шартарап, сыңармын, тыныштықтың деміндей деген жолдардың мағынасын түсіндіру. «Алматы» Алматы қаласының көріністері. 4 — слайд. 1929 — 1997 жылдар аралығында астана болды. Алматы — мәдениет пен өнер, білімнің орталығы. Медеу спорт кешені – бүкіл республика мақтанышы. Қалада 100 — ге жуық жоғары оқу орындары, ондаған театрлар, концерт, кинозалдар бар. Республика тәуелсіздігінің белгісі — Алтын адамның мүсіні алыстан көз тартады. 5. Өлеңге талдау жасау г) Өлең сендерді қандай сезімге бөледі? — Қазақстан туын сипаттап бер. — Өлең мазмұнына сай қандай сурет салуға болады? 6. Оқушыларға мәнерлеп оқыту, теріп оқыту. |
|||||||||||
Сергіту сәті | Орманның бiз емшiсiмiз
Тоқ, тоқ, тоқ (Партаны үш рет ұрады) Құрт бiткендi жоқ етемiз Жоқ, жоқ, жоқ, (Қимыл көрсетедi) Тоқ, тоқ, тоқ, Жоқ, жоқ, жоқ. |
Ой сергітеді,шашағандары
басылады |
||||||||||
Ой толғаныс | 1997 жылы саяси, экономикалық, халықаралық жағдайларға байланысты республиканың бас қаласы — Ақмолаға көшірілді. Әсем Есілдің жағасын бойлай Президент сарайы, Парламент ғимараты, Еуразия университетінің корпусы т. б. ғимараттар бой көтерді. Парламент үйінің алдындағы қазақтың үш биі: Төле би, Қазыбек би. Әйтеке бидің ескерткіштері халқын болашаққа бастағандай бейнеленген. Аспанға атылған ақ барыс мүсіні — жас Қазақстанның ХХІ ғасырдағы жарқын да бақытты болашағының символы. Астана қаласының символы — Бәйтерек ашылып келе жатқан қызғалдақ сияқты. 1 — топ. Өлең жолдарын жалғастыру: ……………. күлімдеп, (Күн шықты) ……………. әлемге. (Шуағын шашып) ……………. гүлденді, (Қазақ елі ) ……………. бар елге. (Танылды енді ) 2 — топ. Өлең мазмұнына сай сурет салу. 3 — топ. Отан, ел, жер туралы мақалдар айту Өлең атауы. |
|||||||||||
Үйге тапсырма | Өлеңді жаттап алыңдар
|
Күнделіктеріне жазып алады | ||||||||||
Бағалау | Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Оқушы аты-жөні————————- Күні,айы,жылы——————————- Сыныбы————-пәні
|
Бағалау парақшасын толтырады. | ||||||||||
Кері байланыс | Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады |
[bws_related_posts]