Басы » Cыныптан тыс » Дені сау ұрпақ-ұлт болашағы

Дені сау ұрпақ-ұлт болашағы

Маңғыстау облысы

Ақтау қаласы

№56 «Жұлдыз» бөбекжайы

Дене шынықтыру маманы: Аймуратова Набира Жиемуратовна

Тақырыбы: «Дені сау ұрпақ-ұлт болашағы»

Мақсаты: 1.Балалардың қозғалыстық ептілігі мен  дағдыларын қалыптастыруға дайындау.
2. Денені дұрыс тік ұстауды үйрету.
3. Дұрыс демалуға үйрету.
4. Балаларға өз денесін қозғалыс кезінде сезінуді үйрету.
5. Ойлау еріктік сапаларды дамыту.
6. Төзімділік бен қайсарлыққа тәрбиелеу.
7. Өз-ара достық қарым-қатынасты ұстану.

Әдіс-тәсілдер:түсіндіру,әңгімелеу,сұрақ-жауап,мадақтау.
Құрал-жабдықтар:
Ұйымдастыру кезеңі
:Спорт киімін киген балалар маршпен залға кіреді де,залды бір айналып шеңберге тұрады.(Балалар жай музыкамен қонақтармен қимылмен амандасады).
Жетекші: Балалар келген қонақтармен қимыл арқылы амандасамыз.
1.Сәлемдесу.3-рет
2.Құстың қанаты .3-рет
3.Құс болып ұшайық
(Балалар бірінің артынан бірі бұрылып жүреді).
 1-бөлім:Бір-бірінің артынан жүру,тізені жоғары көтеріп жүру.
Аяқтың ұшымен ,өкшемен жүру.
Табанға тіреліп,тізеге отырып жүру.

Бір қатар сапқа тұру.
Аяқтың ішкі,сыртқы бетімен жүру.
Артымен алға жүру.
Бір бүйірімен жүру.
Баяу жүгіру.
Шашырап жүгіру.
Кең адыммен секіріп жүгіру.
Жай жүру.
(Залға балалар 3-қатарға бөлініп тұрады)
2-бөлім: Хатха-йога элементтері:
1.Ағаш кейпіндегі қоғалысы.
Б.қ.тік тұру,аяқ бірге,қол төменде.Қолды жоғары көтеру,алақанды бір-біріне қарату,денені жоғары көтеру.Арқа тік тұру,иек сәл жоғары,іш тарту.30-секундтың ішінде алақанды айналдырып қолды төменге жай түсіру.2-3 рет терең тыныс алу. 3-4 рет қайталау.
2.Тау кейпіндегі қозғалыс:
Б.қ.Тізерлеп отыру,екі қолдың саусақтарын төбеге қою.Сол қалыпта жоғары тартылу.Арқа тік тұру.Жай демалу.3-4  рет қайталау.
3. Дегелек құс кейпіндегі қозғалыс.
Б.қ.Тік тұру,аяқ бірге,қолды жоғары көтеріп алақан алға қарау,төмен қарай бүгілу,еңкею.Жай бүгіліп екі қолды тізеге қою.Аяқ тізесін бүкпей тік ұстау.Басты ( маңдай) тізеге әкеліп жеткізу.Жай демалыс.Осы кейіпті 5-10 секундта ұстау.Жай бастапқы қалыпқа келу. 3-4  рет қайталау.
4. Жылан кейпіндегі қозғалыс.
Б.қ.Етпеттеп жату,аяқ бірге,қол кеуде тұсында.Аяқ бармақтары еденде.Қолмен созып дененің төменгі бөлігі жоғары көтеру.Осылай 6-7 секунд қозғалысты ұстау.Басты түсіріп қапталмен еденге түсіру,қол кеуде тұста. 3-4 рет қайталау.
5. Мысық кейпіндегі қозғалыс.
Б.Қ.Етпеттеп жату.Қолды  көтеру жерге тіреп тізерлеп тұру мысық сияқты.Басты жоғары көтеріп тұру.Арқаны жоғары көтеріп,басты төмен түсіру.Осылай жаттығуды 2-3 рет қайталау.
6. Тасбақа кейпіндегі қозғалыс.
Б.қ. Тізерлеп отыру,қол қапталда,денені тік ұстау.Қолды артқа жіберіп,созып алға еңкею,жер бауырлап жату.Маңдай жерде. 3-4 рет қайталау.
7. Арыстан кейпіндегі қозғалыс.
Б.қ.Тізерлеп отыру,екі қолды жерге тіреу,жерге еңкею,алға басты жоғары көтеріп арыстан сияқты тілін шығарып ырылдау.
Б.қ.Тізерлеп отырып оңға,солға қарау,қол қапталда.
9.Б.қ. шалқалап жату.Көзді жұму,демалу.Табиғат әуенмен тыңдап.
Жетекші: Балалар бірінің артынан бірі қатардан  шығып сапқа бір бірлеп жүру.(кілемшелерді орнына қою)
Жүру,жүгіру.
                                      Негізгі қимылдар:
Балалар жетекшімен бірге түрлі элементтер қимылдарын көрсетеді.
1.Алақанды біріктіріп ысығанша ысқылау.

2.Стрельникова әдісі бойынша тыныс алу жаттығуы: «Алақан»

(3рет по 8)
3. Көз жаттығуы.
4.Жаттығу «Мөлдір су» или «Қуану»

Жетекші: Балалар, осымен біздің оқу қызметін  аяқтаймыз, келген қонақтармен қоштасамыз.Йога қимылымен қоштасу.

(балалар көңілді әуенмен залдан шығып кетті)

 

 [bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *