Тақырыбы: «Жемқорлық қоғам дерті, дертіңе ем – онымен күрес»
Өтетін күні, уақыты: 27.01.2017ж сағ 15.00-де
Өтетін орны: № 11 кабинет
Қатысушылар: Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының 9 топ тәрбиеленушілері, қонақтар.
Өтетін түрі: ток шоу саяси сағаты
Барысы
Қайырлы күн құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар. Бүгінгі саяси сағатымызға қош келдіңіздер. «Адамның өмірі қамшының сабындай қысқа дейді, адал жар, адал достық, адал қызмет атқарған тұлға ұтар дейді» – демекші бүгінгі таңда еліміздің экономикасының дамуына бірден-бір кедергі болатын ең өзекті мәселе «жемқорлықпен күресу». Сондықтанда бүгінгі саяси сағатымызда осы мәселені шешудің жолын іздеп, елімізге бір пайдалы іс жасауға жиналып отырмыз. Сабағымызды бастамас бұрын шақырылған қонақтарымызбен таныстыра өтсем: (Заң өкілдері)
- Минзятова Әсем Жаңалықызы- Қостанай аудандық Әділет басқармасының бас маманы;
- Бекбосынова Гүлжан Нұрмолдаевна – директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары;
- Садвакасова Нұргүл Әжіғалиқызы — директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
- Байдаулетова Бақыткүл Қадыржанқызы – интернат меңгерушісі;
- Нугуманов Ағыбай Карынович — қазақ тілі және әдебиет пән мұғалімі.
Саяси сағатымызды жүргізетін мектеп-интернат тәрбиешісі мен Актоты Рахимовна және менің көмекшім 9-шы сынып оқушысы Тасанова Раушан.
Біздің мектеп-интернатымызда жемқорлыққа қарсы «Адал ұрпақ» ұйымы жұмыс істейді. Ұйым жетекшілері қазақ тілі пәні мұғалімі Қыпшақбай Арайлым Айбекқызы және география пәні мұғалімі Жақсылық Айнұр Жетпісқызы. Қазір сабағымызға ұйым мүшелері де қатысып отыр. Ұйым мүшелері 6 сынып оқушылары.
Енді назарларыңызды келесі бейнероликке аударыңыздар!
\№1,.бейнеролик\
Міне бейнероликті тамашаладыңыздар. Бұл бейнеролик сіздердің қандай сезімдеріңізді туғызды? Жемқорлық қоғам індеті ме? (оқушылардан жауап алынады)
Бүгінгі біздің тақырыбымыз
- (слайд1), «Жемқорлық қоғам дерті, дертіңе ем – онымен күрес».
Ақтоты: Сонымен Жемқорлық дегеніміз не?
Раушан: Лат.corruptio – сатып алу. Мемлекеттік басқару құрылымдағы лауазымды қызметкерлердің өздеріне тапсырылған қызмет мүмкіндіктерін жеке бастарының пайдасы мен мүддесі үшін пайдалану мақсатында жасаған қоғамға қауіпті қылмыстық іс – әрекеттері.
Лауазымды адам |
Пара беруші |
Жемқорлықтың жалпылама белгілері
|
Ақша немесе мүлік сипатында пара беру |
Нәтижесінде: Қызметке ретсіз қабылдау, көтермелеу және қоғамдық мүліктерді талан- таражға салу. |
Жемқорлық зардабы:
- Экономикалық өсу қарқынның тежелуіне
- Әлеуметтік, саяси шиеленістердің күрт асқуынуына ұрындырады.
- Жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлер жаппай жемқорлыққа салынған жағдайда құқық қорғау органдары оларды жасаған қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілікке тарта алмайтын жағдай қалыптасады.
ҚР 1989 жылы 37 мемлекет қабылдаған конвенцияға қосыла отырып, 1998 жылы 2 шілдеде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заң қабылдады.
Қазақстанда сондай-ақ сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық, тәртіптік, әкімшілік жауапкершілікті реттейтін арнайы нормативтік –құқықтық актілерде қабылданды
Қазақстанда жемқорлық деңгейі өте көп салалы:
- Білім беру саласы. Бұл бағытта ешкімді жауапқа тартпайды.
- Денсаулық сақтау саласында да заңнама реттелмеген. Сыбайлас жемқорлық болса да өз қызметін пайдалану фактілер көп.
- Пәтер иелері кооперативтеріне қатысты да шағым жиі түседі.
- Соттардағы және кедендегі сыбайлас жемқорлық деңгейі әлі жоғары.
- (слайд 2)
Ақтоты: Бүгінгі тақырыбымызға орай алдын ала балалардың жалпы түсінігін анықтау мақсатында сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға 44 бала қатысты. Алынған нәтижені қорытындылай өтсем:
- (Слайд 3)
Раушан: 1. Жемқорлық дегеніміз не? — деген сұрақ бойынша қатысушылардың 61% өзінің қолынан келмеген ісіне пара беру арқылы қол жеткізу деп жауап берсе, 15% адамның ақша үшін өз бостандығына қауіп төндіруі деген, 20% бір адамның екінші адамға ақша беруі десе, 4% мүлдем жауапсыз қалдырған.
- Ақтоты: (Слайд 3) Бұл індет қандай мәселеден туындайды деп ойлайсыз? — деген сұрақ бойынша қатысушылардың 59% адамдар өмірдегі қиыншылықтарға төзе алмуынан туындайды деп түйіндесе, 34% ақшаға тойымсыздықтан деген, ал қалған 7% мүлдем жауапсыз қалдырған.
Раушан: (Слайд 4) 3. Жемқорлық еліміздің дамуына қандай кедергі жасайды? —деген сұраққа қатысушылардың 68% еліміздің экономикалық жағдайын нашарлатып, тепе-теңсіздікті туғызады деген, 18% қылмыскер, тәрбиесіз ұрпақ қалыптасып қоғамымызды ластайды деп ой жазса, 14% сұрақты түсінбеген.
Ақтоты: 4. (Слайд 5) Жемқорлыққа қарсы не істей аласыз? —сұрағы бойынша қатысушылардың 64% бұл әділетсіздікке ешетеңе істей алмаймыз деп жауап берген, ал 27% адамдардың бәрі, яғни қоғамымыз бір-біріне адал, мейірімді болса бұл індет жойылар еді десе, 9% арнайы орындарға хабарласамын деген.
Раушан: 5. (Слайд 6) Болашақта жоғарғы оқу орнында оқыған уақытыңызда немесе жұмыс істеген жағдайда өзіңіз осы іспен айналысар ма едіңіз? — сұрағы бойынша қатысушылардың 50% жоқ, ақша алғанша өз мақсатыма адал жетемін және адал қызметкер боламын деген қорытындығы келсе, 34 % алуым мүмкін деген, 15% уақыт көрсетеді деп белгілеген.
Ақтоты: Бұл көрсеткіштерден оқушыларымыздың бүгінгі тақырыбымыз жайлы жалпы түсініктері болғанымен оның дерті неде жатқанын түсінбегендіктерін анықтадық.
Міне сондықтанда бүгінгі саяси сағаттың мақсаттары: (Слайд 7)
— Оқушыларға адам құқықтары жайлы түсініктерін қалыптастыру; «жемқорлық» деген не екенін түсіндіру;
— Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту, дүниетанымдарын кеңейту;
— Патриоттық, рухани-адамгершілік сезімдерін қалыптастыру.
Тақырыпқа орай біз мұғалімдер мен ата аналардан, оқушылардан қысқаша сұхбат алдық:
Ал қазір назарларыңызға келесі бейнероликті ұсынамыз.
\№2 Бейнеролик ата-аналар\
Осы бейнероликті көре отыра біздің мектептің ата-аналары мен мұғалімдердің көзқарастарына куә болдық.
Солай ма балалар?
— Жалпы қоғамның айтуынша қандай да бір беделді оқу орындарына түсу үшін ақша керек дегенді көп естейміз. Біздің де мектеп беделділердің алдында. Солай ма? Сен өзің қалай түстің?
Раушан: мысалы балалар біздің мектепте ғылыми жұмыстардан конкурс өтті. Сол конкурсқа біздің сыныптан Нұрасардың қатысқанына куә болдық.
— Нұрасар айта қойшы сен ғылыми жұмысты өз күшіңмен жаздың ба? ғылыми жұмысты жазу барысында қандай қиындықтар туды?қандай орынға ие болдың?
Ақтоты: Қысқы демалыс уақытында облыстық олимпиадаға біздің мектеп-интернатымызданда дарынды, білімді оқушыларымыз қатысып, көбісі 1,2,3 орындарға ие болды. Сол жүлдегерлерімізді марапаттау кезінде өздеріңіз куә болдыңыздар кубыктармен қатар ақшалай сыйлықтар берді. Балалар қалай ойлайсыздар осы ақшалай сыйлық дұрыс па? Әлде бұрыс па?
Ақтоты: — Балалар жоғарыда тақырыбымызға байланысты біраз бейнероликтерге куә болдыңыздар. Сіздер осындай жағдайға тап болмау үшін алдарыңызға қандай мақсат қояр едіңіздер?
— Оқушылар өздеріңізді мамандық алып шыққа студент түлегі ретінде елестетіп көріңіздер. Диплом алдыңыздар. Жұмыс іздеу барысында кедергілерге тап болдыңыздар. Беделді жұмыс орнында бір жұмыс орнының бос екенін анықтадыңыздар. Бірақ сізді қабылдамады. Осы кездегі сіздің іс-әрекетіңіз қалай болар еді? (оқушылардан жауап алынады)
Шақырылған қонаққа сұрақтар қоямыз:
— Әсем Жаңалықызы, енді сізге сұрақ қоя кетсем. Сіздің ойыңызша жемқорлықты болдырмау үшін ең алдымен не істеу керек?
— Елімізде, біздің Қостанай қаламызда жемқорлықты болдырмау мақсатында қандай шаралар жасалып жатыр?
Жауабыңызға рахмет.
Сіздерге «Жемқорлық» сөзін түсіну қандай қиын болса, оның пайда болу себебін анықтауда қиын екенін түсіндіңіздер. Сонда да осы індеттің пайда болу себептерін анықтап, жазып көрейік.
Жемқорлықтың себептері | |||
Қажеттілікке байланысты | Дертке айналған лас әрекет | Әдейі ұйымдастырылған себептер | Қылмысқа байланысты себептер |
Өзінің мақсаты жете алмаған жағдайындағы себебі | Алғысы келіп тұратын себеп, немесе әдет | Бір жұмысшының ұнамау себебіне байланысты туындайтын себептер немесе өзі істеуге ерінеді немесе қолынан келмейтін себептер | Қылмысынан құтылу себебіне байланысты берілетін жағдайлар |
Міне балалар жемқорлықтың пайда болу себептерін анықтадық. Енді жемқорлық індетін түзету жолдарын ақ параққа түсіріп көрейік. Егер сіздер суретші болғанда «Жемқорлықты» қалай бейнелер едіңіздер? (мысалы: менің ойымша таза суға лас судың араласуы, Таза су ол біздің қоғамымыз, ал лас су ол «Жемқорлық індеті». Осы лас су біздің қоғамымыздың дерті. Балалар осы дерттен арылайық. Қанекей өз ойларыңызды ақ қағаз бетіне түсірсеңдер).
Сіздердің суреттеріңізден жемқорлыққа қарсы көзқарастарыңызды байқадық. Қоса өтсем:
- осының бәрінен аулақ болу үшін әрбір адам ең алдымен өз арының алдында адал болуы керек;
- әрбір жұмыс орындарында ашық электронды мағлұматтар болуы тиіс (мысалы: бос жұмыс орындарының тізімі, балабақшалардың бос орындарының тізімі, тұрғын үй мәселесіне байланысты тізімдер, дефектісі бар балаларды тегін емдеу квоталарының тізімі…). тек қана осындай ашық электронды сайттар боумен қатар, бұл ақпарат әр ай сайын жаңартылып отыруы тиіс.
Осындай жаңартулардан кейін ғана бұндай қиындықтар өмірімізде кездеспейді.
\№3 бейнеролик\
Қазіргі қоғам мүшелерінің көбінің ойы материалдық пайда табу, «қолдарында тұрғанда қоныштарынан басып», өзінің әл – ауқатын одан сайын жақсарту. Міне, сондықтанда, ең бірінші, адамның сана – сезімін, мінез – құлқын өзгерту қажеттігі туындап отырғанын байқадық. Енді бүгінгі саяси сағатымыздағы қозғалған мәселенің түйінен қорытындылау үшін сөз кезегін өздеріңізге берсем. Әрқайсысыңыз өз ойларыңызды қорытындылап кетсеңіздер.
Құрметті оқушылар міне бүгін біраз мағлұматпен таныстыңыздар және бұл дерттің кесірі елімізге ғана емес өзімізге, отбасыларымызға тиетінін сезіпте отырсыздар. Осы бір кішкене отырыспен біз еліміздің дамуына азда болса пайдасын келтірдік деп ойлаймын. Сондықтанда әрқашанда адамдық жақсы қасиеттерді сақтап,мақсатты нәтижелерге жету үшін,өз мүмкіншіліктеріңмен жетуге тырысыңдар. Мәңгілік Қазақстанымыздың гүлденуі қазіргі білімді, адал ұрпақ мына сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан аянбай терең біліммен сусындап, туған жерімізбен, мектебіміздің, жұмыс орындарымыздың мәртебесін биікке самғатып, ынтымақ пен бірлікте адал еңбек жолында, қоғамымыздың түзу жолында болуына бірге атсалып, қызмет атқарайық — деп бүгінгі саяси сабағымыздың жақсы көңіл күймен аяқтау мақсатында 9 сынып ұлдарының орындауындағы «Әлқиса» күйіне берейік. Уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахмет. Сау болыңыздар.
[bws_related_posts]