ШҚО
Кокпекты ауданы
Абай атындағы «Мектеп — бала бақша» кешені
Бабажанова Жаухар Жалеловна математика пән мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Натурал сандардың 2, 5, 10-ға бөлінгіштік белгілері
Сабақтың мақсаты: /слайд№ /
Жаңа білім: • 2, 5, 10 сандарына бөлінгіштік белгісімен және жұп сан және тақ сан ұғымдарымен танысады.
Жаңа түсінік: • Тақырыпты игеру барысында 2, 5, 10 сандарына бөлінгіштік белгілерін айырып таниды және жұп сан және тақ сан ұғымдарын кең мағынада түсінеді.
Қолданым әрекеті: • Берілегн цифрларды қолданып 2, 5, 10 сандарына бөлінетін сандар құрастырып жазып, қай санға бөлінетіндігін анықтайды.
Шығармашылық әрекет: • Тапсырмаларды орындауда берілген цифрлар бойынша сандар құрастырып, 2, 5, 10 сандарына бөлінетіндігін дәлелдейді.
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта, MS Power Point бағдарламасының көмегімен осы сабаққа арнайы дайындалған слайдтар (презентация).
Пәнаралық байланыс: информатика, математика.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың міндеттері: 1/Мұғалім оқушыларға бағыт береді, топтарға бөледі, таныстырады, қорытынды бағалайды.
1/Оқушылыр еске түсіреді; есеп шығарады, түсіндіреді, қайталайды, өзін-өзі бағалайды, сыныптасын бағалайды.
Сабақтың барысы:
№ | Блум таксономиясы бойынша негізгі категориялар | Сабақтың тапсырмалары | Жұмыс түрлері | ||||||
1. |
Білу |
Сабақтың мақсаттары мен міндеттері. 1.1 Ұйымдастыру кезеңі/слайд№ /
1) Оқушылардың назарын сабаққа аудару. /психологиялық ахуал / 2) Сабақтың мақсатымен таныстыру. 1.2 Миға шабуыл жасау 1. Қандай санды берілген натурал а санының бөлгіші деп атайды? Натурал а санының бөлгіші деп а саны қалдықсыз бөлінетін натурал санды айтады. 2. Қандай санды берілген натурал а санының еселігі деп атайды? Натурал а санының еселігі деп а санына қалдықсыз бөлінетін натурал санды айтады. 3. Жай сандар деп қандай сандарды атайды 1- ге және өзіне ғана бөлінетін натурал сандарды жай сандар деп атайды. 4. Құрама сандар деп қандай сандарды атайды Екіден көп бөлгіштері бар натурал сандар құрама сандар деп аталады. 1.3. Карточкалармен жұмыс /слайд / Оқушы алдында сандар жазылған карточкалар жатады. Тапсырма: 1. Құрама сан көрсет. 2. Жай сан көрсет 3. Бір таңбалы жай сан / құрама сан./ 4. Екі танбалы жай сан /құрама сан/ |
Жаппай жұмыс
Жеке жұмыс Өзара тексеру
|
||||||
2. | Түсіну | Тарау бойынша алған білімдерін бекіту. /слайд /
Тақтада жұмыс. /слайд№ / Бос орындарға 44 санының бөлгіштерін жаз. |
Топпен жұмыс Тексеру |
||||||
3.
|
Қолдану
Талдау |
Топтарға бөлу. Оқушылар әр түрлі түстен жазылған сандарды, тандап алып, топ болып отырады. Еселік анықтамасы қайталаймыз: Натурал а санының еселігі деп а санына қалдықсыз бөлінетін натурал санды айтады. Кез келген натурал санның еселіктері ексіз көп. Берілген натурал санның ең кіші еселігі сол санның өзіне тең.
1 топ: 2 санының еселіктерін жазады 2 топ: 5 санының еселіктерін жазады анықтама 3 топ: 10 санының еселіктерін жазады
Сергіту сәт!!! /слайд /
Шығармашылық тапсырмалар: Кестені толтыр: 2 — ге, 5 — ке, 10 — ға бөлінетін сандарды теріп жаз: 45, 90, 240, 306, 505, 715, 104, 800, 1100, 7002, 33000.
|
Топпен жұмыс
Тексеру
Топпен жұмыс
Тексеру |
||||||
5. | Синтез
/жүйелеу, жинақтау/ |
Венн диаграммасын құрастыру /слайд№ /
Бөлінгіштік белгілері 2; 5; 10 |
Топпен жұмыс
Тексеру |
||||||
6. | Бағалау | Бағалау. /слайд / Пратикалық тапсырма Бұл қоршауда 4 тақтай босап тұр. : Оларда жұп сандар жазылған. Оларды тап. /басып көрсет/ Қалғаны ? Оң жақтан 2-ге бөлінетін сандарды дұрыс тауып алсаң, олардың барлығы орнына түседі. Бұл қоршауда 4 тақтай босап тұр. Онда 10-ға бөлінетін сандар жазылған. Оларды тап. /басып көрсет/ Қалғаны ? Қорытынды: Жұп цифрлар: 0, 2, 4, 6, 8. Тақ цифрлар: 1, 3, 5, 7, 9. Жазылуы жұп цифрмен аяқталатын натурал сандар 2-ге бөлінеді. 5- ке бөлінетін санды ата. Жазылуы 0 цифрымен немесе 5 цифрымен аяқталатын натурал сандар 5-ке бөлінеді. 10 -ға бөлінетін санды ата. Жазылуы 0 цифрымен аяқталатын натурал сандар 10-ға бөлінеді.
Сыныпта белсенді қатысып отырған оқушылар бағаланады. Рефлексия Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің қандай? — Жарайсыңдар! Осы сабақ үшін бәріңе рахмет. Үйге тапсырма: № /слайд№ / |
Жаппай жұмыс |