Басы » Биология » 7 сынып биологиядан олимпиада тапсырмалары

7 сынып биологиядан олимпиада тапсырмалары

Биология

7 сынып

1 тур /теориялық/

1 тапсырмалар.Әр сұраққа 1 ұпайдан

1.Тыныс алу қызметін атқаратын саңылаулары бар жасымықшалар сабақтың қай қабатында орналасқан ?

а) тін талшықтар арасында

ә) сүрек қабатында

б) тоздың сыртында

в) өңінде

г) сүрек пен камбийдің арасында

2.Ауамен қоректену кезінде жапырақта органикалық зат неден түзіледі?

а) минералды тұздардан

ә) су мен оттегіне

б) көмірқышқыл газы мен судан

в) тек күн сәулесінен

3.Өсімдіктің генеративті мүшесі

а) гүл

ә) жапырақ

б) тамыр

в) сабақ

4. Ауру туғызатын бактериялармен адамдардың жаппай ауруы

а) ластану

ә) індет

б) бактериоз

в)дизентерия

5.Ауадағы бос азотты синтездеп, азоттың табиғи тұздарына айналдыратын бактериялар

а) шіріту

ә) цианобактериялар

б) паразиттер

в) топырақ

г) сапрофиттер

2. тапсырма / 5 ұпай/

1.Қай уақытта және қандай мақсатпен жерді калийлі тыңайтқыштармен тыңайтады?

а) ……………………………..

ә) …………………………….

2. Пластидтердің дамуын сызбанұсқа түрінде жаз?

3.Бактериялар, саңырауқұлақтар, балдырлардың құрылысы ерекшеліктеріндегі ароморфозды көрсет?

3. тапсырма /5 ұпай/

р/с жануарлардың атаулары жабыны тыныс алу қанайналымы
1 бунақденелілер      
2 балық      
3 жорғалаушылар      
4 сүтқоректілер      

 

Биология

7 сынып

Практикалық  тур

Әр сұраққа 5 ұпайдан

1.Ластанған ауа барлық тірі ағзалардың, соның ішінде өсімдіктердің қатерлі жауы дегенді қалай түсінесің?

2.Картоп неліктен түрін өзгерткен өркен дейді?

3.Химиялық элементтер өсімдіктерге әсері қандай?

4.Кірпікшелі кебісшенің пайдасы неде?

5.Сегізаяқтар, кальмар, каракатицалар жауларынан құтылған кезде сия шашып қорғанады.Неге жырқыштар құтылып бара жатқан жануардың орнына сияны қармайды?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 комментария

  1. Өсімдіктің генеративті мүшесі
    Гүл

  2. ауадағы бос азотты синтездеп ,азоттың табиғи тұздарына айналдыратын бактериялар?
    цианобактериялар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *