Басы » Бастауыш сыныптар » В дыбысы мен әрпі

В дыбысы мен әрпі

 

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ

ӘУЕЗОВ АУДАНЫ

№72 жалпы білім беретін мектептің

бастауыш сынып мұғалім

Мәдібекова Ақмарал Дулатханқызы

Пәні: Сауат ашу

Сынып: 1 «Б» сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Бөлім: Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті
Сабақтың  тақырыбы: Ұлттық ойындар туралы не білемін?

В дыбысы мен әрпі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.1.7.1 тыңдалған мәтінге  өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіру

1.1.8.1 берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту

1.1.9.1 сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау

Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: В дыбысын таниды, ажырата алады.

Оқушылардың басым бөлігі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбір оқушылар:  Алған білімді өмірде қолдана алады. Берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айта алады.

Жетістік критерийлері 1.Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

2.Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.

3.Сөздегі дыбыс түрлерін ажырата алады.

4.Ұлттық ойын түрлерін ажырата алады.

Сөздік қор Ойын:  Көкпар, аударыспақ, күрес, теңге ілу, алтыбақан
Құндылықтарды дарыту

 

Оқушыларды бір-бірін құрметтеуге   тәрбиелеу, ұлттық ойындарды дәріптеу.
Пәнаралық байланыстар Әдебиеттік оқу, көркем еңбек
АКТ қолдану дағдылары Аудио жазба, таныстырылым
Бастапқы білім

 

Оқушылар « В в » дыбысы мен әрпін танып, оның сөз ішіндегі ерекшелігін толық меңгерді. Сонымен қатар в әрпі кездесетін сөздерге дыбыстық, буындық талдау жасауды біледі.Қазақтың ұлттық ойындары жайлы түсініктері бар.

 

 

 

Сабақтың  барысы

 

Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы 1.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Әсем гүлдей сүйкімді біз баламыз,

Алдыменен сәлем беріп аламыз.

Озық оймен, ынта-жігер,талаппен,

Білім нәрін бойға жинап аламыз.

«Ханталапай» ойыны арқылы топқа бөлу.

I топ      «Көкпар»

II топ    «Аударыспақ»

III топ   «Күрес»

IV топ   «Теңге ілу»

V топ    «Алтыбақан»

— Балалар, сауат ашу пәнінде біз  қандай бөлімді өтіп жатырмыз?

— Балалар, біз топқа  көкпар, аударыспақ, күрес, теңге ілу, алтыбақан деп не үшін бөліндік деп ойлайсыңдар?

— Осы  ойындар қазақтың ұлттық ойындарына жатады ма?

Олай болса, біз бүгінгі сабағымызда бәріміз бірге қазақтың ұлттық ойындары жайлы тағы да көп мәлімет алатын боламыз.

 

 

 

 

 

 

Асық, қоржын

 

 

Сабақтың ортасы 2. Тыңдалым

1.«В» дыбысы туралы аудио жазба тыңдалады.

Тірек сөздер: вагон,

Дескриптор: Білім алушы

1.     Аудио жазбаны тыңдайды.

2.     Сұрақтарға жауап береді.

Өткенді пысықтау.

— Сонымен балалар,  в қандай дыбыс екен?

Дауыссыз, ұяң дыбыс.

— В әрпі сөздің қай жерлерінде кездеседі?

— Басында, ортасында және соңында

Адамның тегінде ғана в әрпін сөздің соңында кездестіруге болады.

3.Топпен жұмыс

I топ  «Көкпар» 

Мозаика құрастыру шыққан сөздерді буынға бөлу  (вагон, велосипед, трамвай, волейбол)

II топ «Аударыспақ» 

Жұмбақты оқып, шешуін табу, шыққан сөзге дыбыстық талдау жасау

III топ «Күрес»

Әр  вагонға  «В» әрпі бар сөздерді тауып,  орналастыру

IV топ «Теңге ілу»

Суреттегі заттардың атауын тап,  «В» әрпі бар сөздерді  айт

V топ «Алтыбақан»

Вокзал сөзіне сөйлемдер  құра

4. Жазылым. Дәптермен жұмыс

Жұмыс дәптерлеріндегі сөздерді жазу және гүл шоғындағы әріптерден сөз құрау

велосипед

трамвай

автобус

вокзал

вагон

Әли вазаға гүл салды.

 

Аудио жазба

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мозайка, суреттер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Қара жорға» биі

 

5. Топтық тапсырма.

Әр топқа топ аттарына байланысты сурет таратылады, тірек сөздер  арқылы әңгіме құрау.

I топ       «Көкпар»

II топ     «Аударыспақ»

III топ    «Күрес»

IV топ    «Теңге ілу»

V топ     «Алтыбақан»

6. «Сақина салу» ойыны 

Сұрақ жауап (оқушылар «Сақина салу» ойынын ойнай отырып, бір-бірлеріне сұрақ қояды).

Сергіту сәтіне арналған жинақ

Суреттер.

Ұлттық ойындар бейнеленген суреттер жиынтығы

 

 

 

 

Сақина салу ойынының шарты

Сабақтың соңы

 

 

 

 

7. Рефлексия

Оқушылар өздерінің бүгінгі сабақтан алған әсерлерімен бөлісіп,сабақтағы  көңіл күйлерін айтып, тақтаға күннің бейнесіне жабыстырады.

 
Саралау — оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау — оқушылардың материалды меңгерту деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

 

 

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Кейбір оқушылар: Алған білімді өмірде қолдана алады. Қазақтың ұлттық ойындарын біледі, ажырата алады,  және әңгіме құрай біледі Мадақтау, «Үш шапалақ», «Көңіл-күй смайликтері»  әдістері  арқылы бағалау  
Сабақ бойынша рефлексия  
Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы  оқу мақсатына қол жеткізді ме?

Жеткізбесе неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

 
Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз).

1.

2.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады? (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)

1.

2.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

 

 

 

 

2[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *