Рысжан Кұрманқызы Дюсенова
№21 жалпы орта білім беру мектебі
бастауыш сынып мұғалімі,
Павлодар қаласы
Пән | Дүниетану 2 сынып | |||
Сілтеме | Дүниетану оқулығы, К. Жүнісқызы, Н.Жапанбаева
Алматы «Атамұра», 2013 ж. |
|||
Тақырып | «Су. Судың қасиеті» | |||
Жалпы мақсаты | Су. Судың қасиетімен сарамандық тәжірибелер жасау жаттығулар жүргізу арқылы таныстыру | |||
Күтілетін нәтижелер | Судың пайдасы, оның өмірде пайдалануын санасына ұғынады. | |||
Сабақ түрі | Жаңа білімді меңгерту | |||
Қолданылатын әдіс-тәсілдер | Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары:
−Жеке, жұппен, топпен жұмыс; −Ой қозғау; −Тәжірибе жасау; |
|||
Сабақ кезеңдері | Уақыт | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | Мод-дер, бағалау крит-лері |
Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық |
2 минут |
Амандасу
«Жылы сөздер» атты тренинг өткізу. |
Шаттық шеңбері. Күннің көзі ашылып, Көкке шуақ шашылсын. Құтты қонақ келіпті Төрімізге еніпті Амандасу үлкенге. Тәрбиенің басы ғой. Ал қанекей, бәріміз Сәлем дейік үлкенге Сәлеметсіздер ме, ұстаздар! Оқушылар бір-біріне жылы сөздер айтып шығады |
ОЖТ ДО Бағалау критерииі арқылы әр оқушы өзін бағалайды. |
Үй тапсырмасын тексеру
5 минуттық бақылау жұмысы |
5 минут |
1. Жердің айналасын ауа қабаты қоршап тұр. 2. Адам ауасыз бірнеше минут қана өмір сүреді. 3. Ауаның қасиеттері: түссіз, мөлдір, иіссіз. 4. Өсімдік ауадан көмірқышқыл газын сіңіре отырып, оттегін шығарады. 5. Зауыттар, фабрикалар, көліктер ауаны ластайды. |
Орындайды
(жауап кілті бойынша бір-бірін жұппен бағалайды.) |
|
БІЛУ |
5 минут |
Егер берілген дыбысты мұқият тыңдасаңдар бүгінгі сабағымыздың тақы-рыбын анықтайтын боламыз.
-Қалай ойлайсыңдар, не-ліктен су сылдырап ағады? — Суды ағылшынша қалай айтады екен? Сабақтың мақсатын анықтау. Топтардың атауында байланыс бар ма? Неліктен? Оны сабақ барысында анықтаймыз. |
Сылдырап аққан судың дыбысын тыңдайды
Сабақтың мақсатын айтады
Топқа бөлу: күн, бұлт, бу, тамшылар суреттері арқылы топқа бөлу. |
(АКТ) |
ТҮСІНУ
|
3 миунт |
Егер қазіргі мәліметті дұрыс тыңдасаңдар
— Су өмірде табиғатпен қандай байланыста ? – Су өмірде жалпы қайда кездеседі? Күнделікті өмірде суды қалай пайдаланамыз? деген сұрақтардың жауабын аласыңдар. |
Тыңдайды, қорытынды жасайды. |
(АКТ) ОЖТ ДО ЖЕ |
ҚОЛДАНУ |
7 минут |
— Ал қалай ойлайсыңдар судың түсі қандай? Оны білу үшін бірнеше тәжірибе жасап көрелік.
Тәжірибе жасамас бұрын ережелерді еске түсіріп алайық
1-тәжірибе.
2-тәжірибе.
3- тәжірибе. 4- тәжірибе. |
Нұсқаулықты оқи отырып әр топ тәжірибелік
жұмыс орындайды. Оқушылар бірлесіп өздерінің тың идеяларын жұпта талдайды. Әр топ шығып өз тәжірибелерінің қорытындысын жасап айтады.
Сүт-ақ, ал су-түссіз. Су — жабысқақ, пішінсіз, мөлдір, аққыш, мұз, сұйық, бу, жұққыш.
Су мөлдір, иіссіз.
Суда тұрақты пішін болмайды.
Су жабысқақ. Күн көзі жылуынан су буға айналды. Бу ауаға араласты.
Бағалау критерииі арқылы әр оқушы өзін бағалайды. |
СТО ОЖТ ДО ЖЕ КБ
|
Сергіту сәті: | «Көңілді күн» жаттығуы | АКТ | ||
ТАЛДАУ Дәптермен жұмыс. |
8 минут |
Топтарға тапсырма.
1-топ. Берілген карточка бойынша тапсырманы орында. 2-топ. Картаны мұқият қара. Ертіс өзенін тауып, оның бойында қандай қалалар орналасқанын анықта.. 3-топ. Судың үш күйінің байланысын түсіндіру. 4-топ. Картаны мұқият қара. Есіл өзенін тауып, оның бойында қандай қалалар орналасқанын анықта. |
Жеке оқу, топта сұрақтарға жауап қайтарып, жауаптарын дәлелдейді. |
ЖЕ ТДО |
ЖИНАҚТАУ
«Ыстық доп» ойыны.
|
5 минут |
1-қадам. Адам тіршілігіне қажетті жағдайларды ата.
2-қадам. Судың неше күйі бар? 3-қадам. Судың қасиеттерін ата. 4-қадам. Адам сусыз неше күнге шыдай алады? 5-қадам. Жер бетінің неше бөлігін су алып жатыр? |
(топтар сигналды карталар арқылы бір-бірін бағалайды)
|
СТО ОЖТ ДО ЖЕ КБ
|
РЕФЛЕКСИЯ
|
5 минут | «Бес саусақ» әдісі арқылы сабақты бекіту.
Топтардың атауында байланыс бар ма? Неліктен? Келесі сабаққа ой тастау Су, Павлодар дегенде ойларыңа не келеді? Ертіс өзені, су қоймалары, судың маңызы туралы келесі сабақта жалғастырамыз. |
Табиғаттағы су айналымы. | |
Бағалау
Кері байланыс
|
3 минут | Сабақтан қандай әсер алдың?
-Топ ішінде қалай жұмыс жасадыңдар? |
Спикер бағалау парағы бойынша бағалайды, өз-өздеріне баға береді | ОүБ ОБ |
Үйге тапсырма. Дананың кілттері
|
2 минут | 1-топ. «Әліпби» кілті — сөздерді ретімен орналастыр
Мөлдір, түссіз, исі бар, көк түсті, исі жоқ, сүзіледі, пішінді, пішіні жоқ, тұнық, сұйық, отты жанғызады. 2-топ. «Тағы қалай» кілті – суды тағы қалай пайдалануға болады? 3-топ. «Егер де» кілті – егерде су болмаса … 4-топ. «Жөнсіздік» кілті – ырым-тыйымдар |
Бағалау өлшемдері:
Оқушы |
|||||
Топқа ұйымдасуы 1ұ. | |||||
Ережелерді сақтай алуы 1ұ | |||||
Белсенділігі 1ұ | |||||
Жауаптың нақтылығы 1ұ | |||||
Дәлелдей алуы 1ұ | |||||
Барлығы: (ұпай саны) |
— Су- тазалық пен денсаулық көзі. Суды үнемдеп, таза ұстауымыз керек. Сусыз тіршілік жоқ. Ол бүкіл тірі жан иесінің бойында бар. Тамақсыз бірнеше күн өмір сүруге болады, ал сусыз сонша уақыт өмір сүру мүмкін емес. Су барлық өсімдіктермен жануарлардың ағзасының құрамына кіреді. Картаға қарайтын болсақ, біздің планетамыздың 3/4 бөлігін алады екен. Су картада көк түспен белгіленген.
— Балалар, су біздің байлығымыз, оған әр уақытта қамқорлықпен қарау естеріңде болсын. Сусыз жерде тіршілік жоқ.
Қосымша тапсырма: Үстіне жүк артқан екі есек келе жатты. Біреуінің үстінде тұз, екіншісінде мақта. Олар терең өзеннен өту керек болды. Үстіне тұз артқаны судан шыға салып, бүлкілдеп жорыта жөнелді. Ал мақта салынғаны аяғын әрең басып, қабырғасы қайысып кетті. Неге?
Себебі: Тұз суда еріп жеңілдеп қалды. Мақта су болып ауырлап қалды.
Егер саған жер бетінде бір тамшы су қалдырмай, дүниенің барлық өзен, көлдерін суалтып, түбіндегі бар қазынаны саған беремін десе, келісер ме едің? Сен үшін сол кезде не қымбат болар еді?
[bws_related_posts]