Басы » Бастауыш сыныптар » « Ең білімді,талантты әке» (отбасылық әкелер зияткерлік сайысы)

« Ең білімді,талантты әке» (отбасылық әкелер зияткерлік сайысы)

Қарағанды облысы

Балқаш қаласы

Абай атындағы  №2  лицей КММ

Жақсыгелдина Ш .Т. география мұғалімі.  10  Сынып жетекшісі.

Сабақтың тақырыбы: « Ең білімді,талантты   әке» (отбасылық әкелер зияткерлік сайысы)

Тақырыбы: « Ең білімді,талантты   әке» (отбасылық әкелер зияткерлік сайысы)

Сайыстың мақсаты:Тәрбиенің қалыптасқан құнды тәжірибесіне сүйене отырып,XXI ғасыр отбасы мүшелерінің бойына рухани-адамгершілік, ата салт дәстүрінідегі тәрбиелік  құндылықтарды сіңіру.  Осы арқылы бірліктерін,ынтымақтастықтарын нығайту,бір-бірін сыйлау,сенімділік,адамгершілік, құндылықтарын қалыптастыру.

«ХХI ғасырда отбасы тату,өнерлі болуы тиіс»

Н.Ә.Назарбаев

Мұғалімнің сөзі:! Отбасы-мемлекеттің негізгі буыны.Тәрбие – отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалы мен қалыптасады.«Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші білім бесігі мектептен,тәрбие бесігі отбасынан бастау алады.Отбасының екі тірегі-әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата-анаға үлкенге қызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеу-біздің борышымыз. Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен еразаматқа жүктеледі. Құрметті қонақтар біздің « Ең білімді,талантты  әке»  атты отбасылық зияткерлік сайысымызға қош келдіңіздер!

І жүргізуші:

Қайырлы күн! құрметті,ата – аналар, ұстаздар, қатысушылар және олардың жанкүйерлері! Бүгінгі жыл басы  Наурыз  мерекесі қарсаңында өткізіліп отырған сайысымызды бастаймыз.

Бұрынғының қарттары дана болған.

Қартты сыйлар жастарда сана болған.

Ата – анадан үлгі алып, жастары да,

Болашағын қорғайтын адам болған.

ІІ жүргізуші:

Бала десе елжіреп,еміренбес жүрек болар ма?Жас ұрпақты тәрбиелеп өсіруде ата-аналардың атақаратын қызметі зор. «Халықтың кемеліне келіп, өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет» деп Ш. Уәлиханов, «Ғылым мен майданның қатардағы жауынгері тек үнемі оқу, іздену, талпыну, тану, өмір мектебінен өту арқылы ғана оның ірі қайраткері дәрежесіне дейін көтеріледі деп Қ. Сәтбаев айтып кеткендей еліміздің болашағы тек қана білімді, жастар екені даусыз.Олай болса баланы білімділкке жетілдіруде  отбасының алар орны бір бөлек.

І жүргізуші:

Ендеше бүгінгі талантты,білімді байқататын сайыстың кезеңдерімен таныс болыңыздар:

І кезең « Таныстыру»(әр отбасы өздерін таныстырады.Өз қалаулары бойынша өлеңмен немесе видеороликпен,тақпақ т.б). :

ІІ кезең « Бәйге»…( сұрақтарға жауап беру).

ІІІ кезең « әсем әуендер»(жұмбақ әнді тауып,жалғастыру).

ІҮ кезең «Ата мұрат асыл қазынаң»деп аталады (салт дәстүр бойынша ). Бұл үй тапсырмасы.

Ү кезең «Тәлім-тәрбие және шеберлік»..жағдаяттар шешу(5-6 мин).(отбасы өміріне ,бала тәрбиесіне байланысты әр түрлі жағдаяттарды отбасының ата-аналары ұтымды шеше білу).

ҮІ кезең «Рефлексия»(ата-ана,оқушы өз ойларын ортаға салады).

ҮІІ кезең « Қорытынды»

ІІ ж

Ақ көңілмен,ниетпен

Әділдігін айтсын деп.

Шаршамай еш жалықпай

Айтқанына көндік деп

Сарапшылар алқасын

Сайлап алсақ жөн болар.

Алдымен сайыстың әділдігін бақылап ,сайыскерлерге баға беріп отыратын қазылар алқасымен таныстырып өтейін. (қазылар алқасы таныстырылады)

1.

2.

3.

.

І жүргізуші:

Асыл іс көп халықта,

Іле жүрсең құлаққа.

Іздеген жетер мұратқа,

Ізденуден жалықпа,-

демекші өз білімдерін, өнерлерін ортаға салуға келген  жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар сайыскер отбастарын ортаға шақырамыз.

  1. «Тұлпар» тобы Арыслан мен Бейсенбай ата

2    «Қыран» тобы   Айымгүл мен әкесі Нұржан ағай

3     «Болашақ» тобы Айзада мен әкесі  Жанболат ағай

  1. « Жалын» тобы  Гүлім мен әкесі Аманкелді ағай

І жүргізуші

Халқымыз  «Әдебі жақсының — сәлемі жақсы»  деп  бекер айтпаған,ендеше сайыскерлеріміздің сәлемін,таныстырылымын қабыл алайық. Әділ қазылар алқасы бағалау шкаласы 5 ұпай

Таныстыру

Барлық отбасымызға рахмет.

ІІ жүргізуші:

Құрметті сайыскерлер!

Мәңгі бақи есте қалар,

Қызықты бір жиын болсын.

Білімдірек отбасы озар,

Сұрақтары қиын болсын — дей отырып, сайысымыздың «Бәйге»» деп аталатын бөлімін бастаймыз.

Құрметті сайысқа қатысушы отбасы сіздер өз қалауларыңыз бойынша бір түсті таңдап,сол түстің сұрақтары оқылады,тез ойланып жылдам жауап берулеріңіз керек..(әр отбасына 6 сұрақтан).Сіздерге уақыт 1 мин. Сонымен достар іске сәт.

Көк түстегі сұрақтар:

1.Қасиетті,киелі,құтты мүлік,сәбидің алтын ұясы (бесік).

2.Отыз омыртқа,қырық қабырға,ауыз омыртқа бұл не? (киіз үй)

  1. Тәуелсіздікке биыл неше жыл?(жиырма бес)
  2. Жеті қазынаны атап беріңіз( ер жігіт,сұлу әйел,ақыл-білім,жүйрік ат,қыран бүркіт,берен мылтық,тазы ит).

5.Еліміздің шекаралс мемелекеттері.(Ресей,Қытай,Өзбекстан,Қырғызстан,Түркіменстан)

  1. Бес асыл(талап,еңбек,терең ой,қанағат,рақым).

Сары түстегі сұрақтар:

1.Қазақ хандарын атаңыз(Кенесары хан,Тәуке хан,Абылай хан)

2.Ұлттық бас киім түрлерін атаңыз?(тақия,сәукеле,орамал,кимешек,бөрік,тұмақ,малақай).

3.Дүниеде не тәтті,не жұмсақ,не қатты?(ананың сүті тәтті,қолы жұмсақ,әкенің жүрегі қатты).

4.Жер шарында неше мұхит бар? (төрт)

5..Мүшел жастарды атаныз (13,25,37,49,61,73,85 жастар)

  1. . Шоқан Уалихановтың шын аты? (Мухаметқанафия

Жасыл түстегі сұрақтар:

1.Үш арсызды атап беріңіз (ұйқы,күлкі,тамақ)

2.Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Т.Әубакіров)

3.Жеті атаны атап беріңіз(әке,бала,немере,шөбере,шөпшек,немене,туажат)

4.Аптаның жеті күнін атаңыз (дүйсенбі,сейсенбі,сәрсенбі,бейсенбі,жұма,сенбі,жексенбі)

5 «Үлкен жетілікке» кіретін мемелекеттер. (АҚШ,Жапония,Канада,Германия,Ұлыбритания,Италия,Франция)

6.Үш жүз (ұлы,орта,кіші жүз)

Ақшыл қызыл түстегі сұрақтар:

1.Тілі бар үні жоқ,

Өзіне адам түсінген.

Жүрегі бар да қаны жоқ

Сөйлеп тұрған ішінен (кітап).

2.Бір үйде әкесі баласымен және атасы немересімен отыр.

Осы үйде неше адам отыр?(үйде 3 адам.әкесі,баласы.немересі)

3.Қазақ ұзынсары деп қай жыл мезгілін айтады?(көктем).

  1. Қазақтың ұлттық ойындарын атаңыз?(көкпар,алтыбақан,тоғызқұмалақ,ақсүйек,күрес,аударыспақ т.б).

5.Қазақстан нешінші сағаттық белдеудеулерде  орналасқан? (4-5

  1. 2016 жылы жыр алыбы Жамбыл Жабаев нешеге жыл толды?

 Қызыл түсті сұрақтар.

  1. Жер шарындағы ең терең көл (Байкал)
  2. Биенің сүтінен жасалған сусын? ( қымыз)
  3. Тәуке ханның тұсында жазылған заң жобасы қалай аталған? («Жеті жарғы»)
  4. Қай ыдыстан тамақ ішуге болмайды? (Бос)
  5. Қазақша ай аттарын атаңыз. (қаңтар,ақпан,наурыз,сәуір,мамыр,маусы,шілде,тамыз,қыркүйек,қазан,қараша,желтоқсан)
  6. Әкеңнің інісі анаңа кім болады?

І жүргізуші

Рахмет сіздерге ,(қазылар алқасы ұпай сандарын есептейді)

Көп жүрген жер көңілді,

Көптің ісі өнімді,

Ынтымақ түбі игілік

Жарысқа бүгін біз келдік,-дей отырып отбасыларын келесі сайысқа шақырамыз.

«Әсем әуендер» деп аталады .  Еліміздің әр отбасында ұлттық, ән күй жырлары,әсем әндер тыңдалатыны анық,бөлімнің шарты берілген әуенді тауып , жалғастыру керек.  Барлығыңызға ортақ музыка ойналады,бірінші белгі көтерген топ жауап береді.  Осы бөлімнен кейін ұпай саны аз  1 команда сайыстан шығарылады. Дұрыс жауап 4 ұпай

Музыка

І жүргізуші:  Рахмет сайыскерлерге,сөз кезегін қазылар алқасына береміз.

(ойыннан шыққан топқа алғыс айтып, шығарып салу)

ІІ жүргізуші:

Мінге толы қазағымның ғұмыры,

Сан асылдың ашылып тұр тұғыры

Кеше ғана керексіз деп тастаған,

ғажап екен әдебі мен ғұрыбы.

«Ата мұрат- асыл қазынаң»  деп аталады келесі кезең.

Экраннан сан таңдап, сол сандағы тапсырманы орындайды. (слайд)

Байғазы ,Ерулік ,Бата беру ,Тоқым қағу.

І  жүргізуші

рахмет,сайысымыздың соңғы мәресіне де жетіп қалдық,келесі сайысымыз тек ата аналарға арналады, . «Тәлім-тәрбие және шеберлік» сайысы (отбасы өміріне,бала тәрбиесіне байланысты әр түрлі жағдаяттарды отбасының ата-аналары ұтымды шеше біліп,жауабын айтады.

Бөлімді сынып жетекшісі жүргізеді.

(2-3  мин)ойланып жауап беруге

Жағдаяттар (ата-ана үшін) Қызыл түстегі

1-жағдаяттар: «Балаңыз мектептен шағым айтып келді. Мұғалім ұрысқанын, енді сабаққа барғысы келмейтінін айтты. Сіз қандай әрекет етесіз?»

Көк түстегі

1-жағдаяттар: «Марат сабаққа дайындықсыз келді. Мұғалім сабақ түсіндіріп жатты. Марат сабақты да тыңдамады. Онымен қоса жанындағы оқушыларға да тыныштық бермеді.Мұғалім ескертулер берсе де қорытынды шығармады. Мұғалім оқушының сыныптан шығып кетуін талап етті.Марат үйге келіп шағым айтты.Ата – анасы сөзге келместен директорға кіріп шағымын айта бастады.Ата – ананың бұл әркеті дұрыс па? Сіз қалай әрекет етер едіңіз?»

2-жағдаяттар: «Балаңыз түнімен теледидар көріп, ұйқысы қанбай қалды. Балаңыз: «Басым ауырып тұр, сабаққа бармай – ақ қояйыншы», — деді. Сіздің әрекетіңіз?

Жасыл түстегі

1.Балаңыз күнде сабаққа баратындығын жақсы білесіз.Күндердің бір күнінде сынып жетекші сізге қоңырау шалып,балаңыздың 2-3 рет сабаққа келмегенін айтты.Балаңызбен сөйлесуді сұрады.Сіздің іс-әрекетіңіз қандай болады?

2.Ата-ана баланың пікірімен санаспай өз бетінше шешім қабылдауға құқыңыз бар ма?(өз ойыңыз,пікіріңіз).

Мұғалім сөзі:

6.Рефлексия   (баяу музыка ойналып тұру керек).( Стикерге жазып жапсыру)

1.Сіздердің бүгінгі сайыстан алған әсерлеріңіз қандай?

2.Бала тәрбиесіне бүгінгі сайыстың әсері бар ма?

3.Қандай сайыстың кезеңі сіздің отбасына қызықты болды?

І жүргізуші:

Бақыт ашып қақпасын,

Мәңгі бақи жаппасын.

Бәле-жала отбасын

Іздесе де таппасын-дей отырып,сарапшыларға сөз кезегін береміз.

…………………………Марапаттау

.ІІ жүргізуші:

Наурыз мерекесі құтты болсын,!

Еліміз тыныш,жұртымыз аман болсын!!!

Ықылас қойып тыңдағандарыңызға рахмет!!!

Қош сау болыңыздар!

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *