Басы » Бастауыш сыныптар » Атай. Әнуарбек Дүйсенбиев

Атай. Әнуарбек Дүйсенбиев

Атырау облысы

Жылыой ауданы

Құлсары қаласы

№9 жалпы орта білім беретін мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі

Әбікен Гүлжайна Дауылбайқызы

 

Күні: 18.02.2017                            Пәні: Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Атай. Әнуарбек Дүйсенбиев

Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Автор туралы мәлімет беру, оқушыларға адамның табиғатқа жасайтын қамқорлығы жайлы әңгімелеу,  отбасы мүшелерінің                                      қарым — қатынасы, тәлімдік үлгі — өнегенің тәрбиедегі әсері жайындағы түсініктерін дамыту,  жақсы қасиеттер мен жаман қасиеттерді ажырата                        білуге баулу, шығармалардың мағынасын аша отырып, негізгі ойды                        анықтау, өздігінен еркін түрде өз ойын жеткізе білу.
Дамытушылық:  Оқушылардың отбасында, қоршаған ортада өзін мәдениетті                   ұстай білу дағдыларын қалыптастыру, ауызекі, жазба сөйлеу дағдыларын қалыптастыру,  сауатты жазу, өз ойын еркін түрде жеткізе                                                   білу дағдыларын, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды табиғатты аялауға,  үлкенді сыйлауға,                           имандылыққа, адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу.
Көрнекі — құралдар: Слайдтан түрлі дидактикалық материалдар, мақал — мәтелдер (ата тәлімі туралы), суреттер, жұмбақтар, шығармалар жинағы, нақыл сөздер, қима қағаздар.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың типі: Ашық сабақ.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.

  • Оқушылармен амандасу, түгелдеу
  • Психологиялық дайындық.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.                                                                                                     Жәнібек Кәрбозин  «Атай» мазмұнын сұрау.

ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау.                                                                                     «Сұрақтар шеңбері» әдісі бойынша сұраққа жауап беру.

  1. Жәнібек Кәрбозин кім?
  2. Әңгімедегі баланың аты кім?
  3. Алтай қандай бала?
  4. Бірде Алтайды апасы қайда жұмсады?
  5. Алтай дүкенге жақындаған кезде қандай оқиға болды?
  6. Алтай Қанатқа қалай көмектесті?
  7. Апасы Алтайдың ісін қалай бағалады?
  8. Оқиға қай мезгілде болған?
  9. Алтай саған ұнады ма? Несімен?
  10. Қазір нан қанша тұрады?  Осындай жағдайға тап болсаң қайтер едің?
  11. Алтайдың үйінде неше бала бар?
  12. Жәнібек Кәрбозин қай жылы, қай жерде дүниеге келді?

-Балалар,  Алтай қандай бала? Қәне, айтайықшы. Алтай ақылды, тіл алғыш, жомарт, еңбекқор бала екен.

 

Алтай қандай

бала?

 

 

 

 

 

-Сонымен балалар, бұл әңгіменің бізге берер тәрбиелік мәні зор екен. Алтай сияқты бір-бірімізге қамқорлық жасап жүрейік. Алтай сияқты бала көп болу керек.

-Ал, қане, біздің сыныпта осындай бала бар ма? Кімді айта аласыңдар?

Ал, осындай адамгершілігі мол, Алтай сияқты балалар қайдан тәрбие алады? Үлгі өнегені кімдерден үйренеді?

Әрине, ата-анасы мен ата-әжеден үйренеді. Әр үйдің ақылшысы ата мен әже екен.

ІҮ. Ой қозғау.

Видеоролик көрсету арқылы тақырыпты ашамыз.

Балалар, кім туралы айтылды?

Бүгінгі тақырыбымыз кім туралы болмақ?

Ата туралы не айта аласыңдар?

Ата – жасы үлкен адам, қария, ақсақал, әкенің әкесі.

-Дұрыс айтасыңдар, балалар, бүгінгі тақырыбымыз «Атай».

Ү. Дәптермен жұмыс.

Бүгінгі күн жадысы мен тақырыпты жазамыз.

Автор туралы мәлімет беріледі.

Әнуарбек Дүйсенбиев белгілі балалар ақыны. 1931 жылы 25 қазанда  Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарақыстақ ауылында дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік университетін  бітірген.

Оқулықпен жұмыс.

Мұғалім мәнерлеп оқып береді.

-іштей оқу;

-дауыстап оқу.

Осы өлең ішіндегі таныс емес сөздерге сөздік жұмысын жүргізу.

Сөздікпен жұмыс.

Шот – шаруашылық құралы.

Тозған – ескі

Амангелді Иманов – қазақ даласында  1916 жылы ұлт азаттық күресті бастаған батыр.

ҮІ. Сергіту сәті. (видео арқылы)

 

Суретпен жұмыс.

1.Суретте кімдер бейнеленген?

2.Балалар не істеп жүр?

3.Ата ше?

4.Қай мезгіл бейнеленген?

Ал қане, балалар, жұмбақ шешейікші.

  • Гүл – гүл жайнап жер, аспан,

Гүрілдейді сайда өзен.

Гүлжазира жарасқан

Гүлдерімен қай кезең?   (көктем)

  • Қырға кілем жайылды. (қызғалдақ)
  • Қос қанатын иіп ап,

Жарға келіп қонады.

Қара киім киіп ап,

Балшықтан үй соғады.   (қарлығаш)

 

ҮІІ. Топтық жұмыс.

1-топ: Суретті сөйлет әдісі (сурет бойынша әңгіме жазу).

2-топ: Кластер әдісі (топтастыру)

3-топ: Еңбек туралы мақал-мәтел жазу

ҮІІІ. Сабақты қорытындылау.

«Бағдаршам» әдісі бойынша.

Стикерге жазып жапсыру.

Қызыл-бүгінгі сабақты жақсы түсіндім.

Сары-түсіндім, бірақ кейбір жерлерін түсіне алмадым.

Жасыл-мүлдем дым түсінбедім.

ІХ. Сабақты аяқтау.

М.Мақатаевтың мына өлең жолдарымен аяқтағым келіп отыр.

Ей, болашақ! Қарт келеді зиялы,

Кейімесін ата-қыран ұялы.

Сен сыйласаң сәби шақтың бір сәтін

Атаң саған бар ғұмырын қияды.

 

Х. Үйге тапсырма беру: Өлеңді жаттау. Атаның суретін салу.

ХІ. Бағалау.

 

 

 [bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *