«Е.Ш.Орақбаев атындағы ЖОББМ»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
жанындағы шағын орталық меңгерушісі
Сансызбаева А.Қ.
Сабақтың тақырыбы: «Аяулы менің анашым»
Құрметті: Балалар, қонақтар және біздің сүйікті аналарымыз әжелер және тәрбиеші апайлар, сіздерді бүгінгі ең тамаша шуақты мерекелеріңіздің бірі «8 Наурыз бүкіл халықаралық» аналар мерекесімен құттықтаймыз. Бәріңіздің отбасыларына амандық, зор денсаулық ұзақ өмір тілейміз. Еліміз тыныш бейбітшілік болсын! Ырысымыз мол болсын дейміз.
Армысың, әжелерім, аналарым!
Мейрбан аппақ көңіл даналарын
Гүл көктемінің алғашқы мейрамымен
Құттықтайды сіздерді балаларың – деп
Кезекті балаларымыздың сәлемдеме
тілектеріне береміз.
Той пердесін ашайық
Мейрамға шашу шашайық.
Аналарды құрметтеп
Жырдан шашу шашайық.
Би: бір топ қыздар «Қуыршақтар»
Ән: Хор «Құттықтаймын мама туған күніңмен!»
Кезек балалардың аналарына арналған тілек тақпақтарына беріледі.
Әдемі
Менің әжем жыр әжем,
Шуағы мол нар әжем .
Ақ таяққа сүйеніп,
Аман есен жүр әжем.
Айару
Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.
Санжар
Жер бетінің ғұмыры
Күн нұрымен арайлы.
Біздің үйдің жылуы
Анамыздан тарайды.
Гүлмира
Гүл гүл жайнап
Кіреді біздің сәніміз
Аналарды тойымен
Құттықтаймыз бәріміз.
А. Қарақат
Менің әжем ақ әжем,
Ақыл беріп үйреткен.
Аппақ әжем, пәк әжем
Мейіріммен тербеткен.
Елжас
Біз доспыз гүлдермен
Текке оны жұлмаймыз.
Той күні бір- бірден
Аналарға сыйлаймыз.
Ерасыл
Өзің мені өсірген
Айналайын ақ әжем
Тентек болсам кешірген
Ауырмашы, ақ әжем
Жүргізуші: Балалар мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.Кім таба алады екен? Асықпай ойланып айтайық
Жұмбақ: Ақ қар еріп су көбейіп
Сай салаға толады
Бүршік шашып
Жапырақ ашып
Гүл бәйшешек басады.
Мал маңырап, төл жамырап
Жайлау малға толады.
Айтыңдаршы бөбектерім
Бұл қай кезде болады?
Балалардың жауабы: «Көктем» олай болса сағынып келген көктем аруын қарсылайық
Лия
Көктем аруы: Сәлеметсіздерме балалар, қонақтар ана – әжелер менде сіздерді сағына –асыға жеттім. Мерекелеріңіз құтты болсын!
Мен көктеммін, көктеммін.
Былтыр келіп кеткенмін
Көзін ашып бұлақтың
Түбіне тал еккенмін
Жайнататын бал гүлді
Сайрататын бұл бұлды
Ән арнайды ел маған
Тіршіліктің бастауы
Көктем айы мен болам!
Жүргізуші: Қош келдіңіз көктем бізде бүгін өзің көріп тұрғандай мереке! Бізбен бірге бол көктем аруға арнап ән жолдаймыз
Ән: хор «Біз өмірдің гүліміз»
Келесі балалардың аналарға арналған тақпақтарына кезек берейік.
Мадина
Анам мені айым дейді,
Мен мұңайсам уайым жейді.
Анам мені күнім дейді,
Мен қуансам күлім дейді.
Гүлханым
Әр сөзімді жаттаған,
Жүрегімде сақтаған. Анашымды мақтанам
Айналайын ақ мамам.
Ақниет
Әжем менің ақ әжем
Ақыл беріп үйреткен
Аппақ әжем, пәк әжем
Мейірімен тербеткен.
Рамиль
Біз доспыз гүлдермен
Текке оны жұлмаймыз.
Той күні бір бірден
Аналарға сыйлаймыз.
Айшабибі
Ақ әжемді әрқашан
Сыйлап жақсы көремін.
Қуантайын деп оны
Өлең айтып беремін.
Ән: Хор «Апам үшін»
Перизат
Мен анамды сүйемін
Құшағына енемін,
Мәпелеген анамды
Қуантсам деп келемін.
Нұрәлі
Аппақ мамам, ақ мамам
«Ақ мамам» деп мақтанам
Түн үйқыңды төрт бөліп
«Бөпешім» деп жатпаған
Б. Айзере
Мені жақсы көреді
Күндей уүліп келеді
Көп ертегі біледі
Маған айтып береді.
Ғ. Айзере
Мейірімді сымбатты
Қадірменді қымбатты
Ең жақсы жан балаға
Ол кім десең «ол ана»
Жанерке
Ана біздің күніміз
Ананың біз гүліміз
Ұландарды қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз.
Б. Қарақат
Наурыздың сегізі
Сұлулықтың негізі
Әдемі сөз баланың
Анаға айтар лебізі
Ару
Көктем далада
Гүл өссе теремін
Қуантып анама
Сыйлыққа беремін
Мұстафа
Еркелеткен біздерді
Анамызға мың алғыс
Әбілхан
Бал бөбегім баптаған
Мамам үшін мақтанам
Ақ бетіңнен сүйейін
Келші келші, мамам
Ата аналармен ойналатын ойын
Ортаға 5 ата ана шығып балдарын еркелететін Б,Қ,Т,С,Ю әріптерінен басталатын сөздер айту керек.
Тақтада тапсырма ілініп тұрады 5 ата ана шығып сұрақтарға жауап беру керек.
Ән: Хор «Ақ мамам»
Соңында көкетем аруы аналар мейрамына арнап әкелген сыйлықтарын табыстайды.