Тіл дамыту сабағы
Оқу іс — әрекетінің тақырыбы: Көңілді қыс және қысқы ойындар.
Мақсаты:
І.Балаларды қысқы ойындарды әңгімелеп айтуға баулу.
2.Табиғат көрінісін сипаттап, қызықтарын әңгімелету арқылы бүлдіршіндердің шығармашылық қабілеттерін дамыту.
- Бір — біріне қамқор болуға, ұйымшылдықпен ойнауға тәрбиелеу.
Оқу іс — әрекетінің барысы:
Кіріспе бөлім.
1.«Шаттық шеңберіне» жиналып, жақсы тілектер айту.
Күніміз ашық болсын,
Түніміз тыныш болсын.
Ауамыз таза болсын,
Жан-жануар аман болсын.
Кел, балалар күлейік,
Күлкіменен түлейік.
Қабақ түйген не керек?
Көңілді боп жүрейік.
- -Ендеше, балалар орнымызға жайғасып сабағымызды бастайық.
- а) Жұмбақ шешу.
Қолы менен қаламы жоқ,
Бірақ сурет салады көп.
(Аяз)
Қыста жер бетін басады.
Жазда сайға қашады.қар
Отқа салсан жанбайды
Суға салсан батпайды мұз
ә) Сұрақ — жауап әдісі арқылы сабақ тақырыбын ашу.
— Аяз жылдың қай мезгілінде болады?
— Қыс мезгілінде болады.Қазір бізде қандай жыл мезгілі?
Ал онда бәріміз терезені алдына келіп қарайық қыс м
— Қыста ауа райы қандай болады?
— Қандай қысқы ойындарды білесіңдер?
— Аққала соғамыз, сырғанаймыз, шаңғы, шана, коньки тебеміз.
— Хоккей ойнаймыз.
- Негізгі бөлім.
а) Педагогтің түсіндіруі.
— Дұрыс айтасыңдар. Қарлы боранымен, сықырлаған аязымен қыс келді. Бірақ біз қыстан қорықпаймыз, денемізді шаңдаймыз, жылы киінеміз. Сырғанақ ойнап, аққала жасаймыз.
Аққала. Ойын шарты:
Балаларға дөңгелек пішіндерді тарату. Балалардан сұрау:
— Балалар аққаланы неден жасайды ? (қардан)
— Аққала қандай пішіндерден құралған ? (дөңгелектерден)
— Түсі қандай ? (ақ түсті)
А сендердің алдарында дөңгелектер жатыр ,одан не жасаймыз кім біледі?
— Мұрны неден жасалған ? (сәбізден,сәбіз үшбұрышқа ұқсайды)
— Қолында не бар ? (сыпырғыш)
— Басында бас киімі неден ? (шелек)
— Дөңгелектердің көлемі қандай ? (үлкен,ортаншы,кішкентай)
Ойын осылай жалғаса береді.
Аққала келеді).
— Бүгін, бізге осы аққала қонаққа келіпті.
Ауыл алды ақшақар,
Ақша қарда балалар.
Соғып жатыр аққала,
Жалқауы жоқ жұмысқа.
ә) Аққала
сендермен бірге ойнайын деп келдім. Дала өте суық екен. Біз тоңып барамыз, денемізді қыздырып жаттығу жасайық.
(Аққаламен қосылып, сергіту жаттығуын орындау).
Қыздырайық денені,
Кел, балалар, кел бері.
Қыздырайық денені,
Орнымызда тұрып — ақ.
Жүгірейік бір уақ бір, екі, үш,
(Орындарында тұрып жүгіреді).
Бір, екі, үш! Екпіндей түс,
Аяқты алға созайың.
(Аяқтарын алға кезек — кезек көтереді).
Тік көтеріп қозғайық!
б) Аққаланың келесі тапсырмасы: «Қысқы ойындар» тақырыбына сурет
бойынша әңгіме құрастыру.
Аққала дорбасынан төмендегідей тірек сөздерді шығарады. Педагог сөздерді балаларға оқып, осы сөздерді қатыстырып, сөйлемдер, әңгіме құрастыру керектігін айтады. Тірек сөздер:
Тірек сұрақтар:
І.Балалар қандай ойындар ойнады?
2.балалар не жасап жатыр?
3.балалар немен сырғанап жүр?
4.Қыз бала не теуіп жүр?
Бірге жаттайық Өлеңің оку
Келді дағы қыс,
Дала аппақ түс.
Қос аяқта шанғымыз,
Дөңғе шықтық бәріміз
Т. Елеусізұлы
Қыс түсті. Аңдардың іштері пысты. Олар ойнамақ болды. Мұзайдында қояндар конькимен мәнерлеп сырғанады. Қасқыр шаңғы тепті.. Кірпі қырдан (дөңнен) шанамен сырғанады. Түлкі хоккей ойнап жүр
Тап –ма; Дәптерге қысқы ойынға қажетті құралдың суретін салады.
г) Жұмбақ шешу.
Қырға сүйреп шығам, ойға мініп түсем.
Жұмбақтың шешуі: шана. талдау жасау
Жұмбақта кездесетін қыр сөзіне сөздік жұмысын жүргізу. (Қыр — биік жер, бұл жерде дөң деп те айтуға болады).
- Оқу іс — әрекетін қорытындылау.
а) «Кім жылдам?» дидактикалық ойыны.
1топ
2топ
3топ
Смайлинг
Қортынды ; Балалар қысқы ойындар туралы сабақ барысында алған білімдерін ортаға салады.
Күтілетін нәтижелер:
Білуі қажет: Қыс мезгілінің ерекшеліктері мен қысқы ойын түрлерін, сурет бойынша әңгіме құрастырды,
қардың суға айналуын білді.
Меңгерді: геометр фигурадан аққала құрастыруға үйренді.