Сабақ :қазақ тілі | Мектеп: Г.Н.Ковтунов атындағы №252 мектеп-гимназиясы | ||||||
Күні: |
Мұғалімнің есімі: Дуйсенбекова.Н.К. |
||||||
Сабақтың тақырыбы: |
«Дос» |
||||||
Сынып: 6 «А» | Қатысқандар саны:12 | Қатыспағандар саны:0 | |||||
Сабаққа негізделген оқу мақсаты | Сын есімді сөйлем аркылы түсіндіру.Сөйлем құрастыру, ауызекі сөйлеу дағдыларын жетілдіру. Мәтінді окып түсінік беру ,аудару. | ||||||
Сабақ мақсаттары.
|
Барлық оқушылар: Мәтінді түсініп оқи алады, аударады. Сын есімнің түрлерін біледі, сөйлем құрастыра алады. | ||||||
Оқушылардың басым бөлігі: мәтіннің маңызды жерлерін ескереді. | |||||||
Зат есімнен сын есім жасай алады. | |||||||
Кейбір оқушылар: Дос жайлы өз ойларын жеткізе алады. Өздерінің ең жақын құрбысы жайлы әңгімелей алады. | |||||||
|
Оқушылар : Жаңа терминдерді қолдана отырып, өз ойларын жеткізе алады. | ||||||
Негізгі сөздер мен тіркестер: Ақымақ, дана, шала , ақыл беру. | |||||||
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: мейірімді, ақылды, өнерлі. | |||||||
Талқылауға арналған тармақтар: Дос қандай болу керек? | |||||||
Жоспар | |||||||
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) Достың қандай болу керек екенін біледі, сын есімнің түрлерін ажырата алады. | Ресурстар
|
|||||
Кіріспе
3 мин
5 мин
7 мин
5 мин |
Амандасу.
Психологиялық тренинг. Мотивация кезеңі. Бүгінгі сабаққа сәттілік тілеу. оқушыларды 2,3,4-тен билетіп, достастырып топқа бөлу. Достық көпірі арқылы 2 топқа есім беріп орындарына отырғызамын. 1- «Сабырлы» топ, 2-«Сенімді» топ. Қызығушылықпен назарға қол жеткізу. -Оқушылар өзімізді кинотеатрда отырғандай сезінейік. Бейнеоролик көрейік. Не туралы көрдік? Дос қандай болу керек? Асссоциация әдісі бойынша жауаптарын жазады. Осы сөздер қай сөз табына жатады? Қандай сұраққа жауап береді? Топтарға тапсырма. 1 топ. 1-тапсырма. Бірнеше сөз тіркесін және бір сөйлем құрап жазу. (адал дос -сөз тіркесі. Адал дос әрдайым қасыңда болады.- сөйлем ) 2 топ. 2- тапсырма.Мәтінмен жұмыс. Сөздікпен жұмыс. Ақымақ- глупый Дана- мудрый. Шала -полуграмотный ақыл беру — советовать. Синквейн стратегиясы. |
интертақта
плакат, маркер,
оқулық
слайд |
|||||
Негізгі бөлім
7 мин
8 мин
5 мин
|
Әңгімені рөлге бөліп оқу. Кім оқып береді? Балалар сендер дос, достық туралы не айта аласыңдар?
3 тапсырма. Ережемен танысу Мағынасына қарай сын есім сапалық сын есім және қатыстық сын есім болып екіге бөлінеді.Сапалық сын есім,заттың сын- сипатын білдіреді. Мысалы; әдемі, ұзын ,үлкен т.б.Зат есім, есімдік,етістік үстеуге сын есім тудыратын жұрнақтар жалғанып жасалады.Оны қатыстық сын есім дейді. Мысалы; өнер-лі, ақыл-ды, су-лы, кеш-кі. 4- тапсырма диалогті жұптасып окып, ішінен қатыстық сын есімдерді табыңдар.Олардың қалай жасалып турғанын айтыңдар. 5 — тапсырма. Диалогты пайдалана отырып,өздеріңнің ең жақын достарыңды сипаттап беріңдер. Социограмма. |
Слайд
Қима қағаздар |
|||||
Қорытынды бөлім 3 мин
|
«Ыстық орындық» екі топ 1 оқушыға сұрақ қою арқылы өздерінің білім деңгейін бағалайды. |
|
|||||
Үйге тапсырма: «Достық» туралы мақал мәтелдерді жаттау.
2 мин |
|||||||
Саралау- Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруду қалай жоспарлайсыз? |
Бағалау –оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
|
Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мн байланыс Құндылықтардағы байланыс. |
|||||
Дарынды оқушы: «Менің досым» эссе жазады. Үлгерімі төмен оқушы: «достар» сөзіне дыбыстық талдау жасау | Формативті бағалау | Орыс тілі, АКТ,бейнелеу өнері | |||||
Рефлексия
-Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? -Бүгін оқушылар нені үйренді? -Оқыту ортасы қандай болды? — Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? -Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? -Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз. | ||||||
-Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды.
— Достың қандай болу керек екенін білді, сын есімнің түрлерін ажырата алды. -оқушылар ынтымақтастықта жұмыс жасады. — Жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды деп ойлаймын.
— Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым
— Мен өз жоспарыма қосымша тапсырмалар қолдану керек екендігін білдім,өйткені оқушылар қосымша тапсырмалар арқылы өз ойларын жақсы жеткізе біледі. |
|||||||
Қорытынды бағамдау.
Қандай екі нәрсе табысты болды ( оқытуды да , оқуды да ескеріңіз )? 1: топтық жұмыс арқылы ынтымақтастық ахуалы жақсара түсті 2: Жаңа әдіс тәсілдер
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды? ( оқытуды да , оқуды да ескеріңіз)? 1: Оқушылар сабаққа белсене қатысып, өз ойын еркін айтты 2: сын тұрғысынан ойлана жауап берулері Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?
|