Пәні | Әдебиеттік оқу | Сынып | 2 |
Тақырыбы: | Олақ қыз.Ісмер қыз |
Мақсаты | Берілген өлең мен мәтіннің мазмұнын терең меңгерту, адамның бойындағы қасиеттердің өмірдегі көріністерін байқату |
Міндеттері | — Өзінің ішкі жан дүниесіне үңілту арқылы өмірмен байланыстыра талдату
— Мәтіннің танымдық сипатын, құрылымдық бөліктерін өздері байқап алатын, түсіне алатын нәтижеге жеткізу — Мәтіннен оқып-түйгендері жайлы ой қорытуға бағыттау; — Жұпта, топта жұмыстану арқылы жақын арада даму аймағын қалыптастыру; |
Күтілетін нәтиже | оқушылар топта жұмыс жасайды, сұрақтар құрастырады, өлеңге модель жасай алады.
|
Сабақтың әдісі: | топтастыру, ойша құру, «Фишбоун» әдісі, Венн диаграммасы,.
|
Мұғалімнің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау | Ресурстар | |||||||
Ұйымдастыру | Тренинг: «Күн шуағы»
|
.
|
Бағалау парақтары, табыс өлшемдері | |||||||
Үй тапсырмасын сұрау |
|
Оқушылар топқа бөлініп отырады.. | Әр дұрыс жауап 1 балл | слайд №1 | ||||||
Ой қозғау | .- Балалар, қазір мен сендерге «Адасқан әріптер» атты тапсырма беремін. Осы әріптерді дұрыс орналастырып, сабақтың тақырыбын ашып аламыз. | О Қ А Л-Олақ
1 4 3 2 І Р Е С М-Ісмер 1 5 4 2 3 ҚЫЗ |
Оқушының бұрынғы білімін пайдалана алуы, белсенділігі | Слайд №2 | ||||||
Мағынаны тану |
Лексикалық жұмыс.
Бірінші топ «Олақ» деген сөздің мағынасын, екінші топ «Ісмер» деген сөздің мағынасын табады.
ІҮ. Жаңа сабақ 1-топ:Кемпірқосақтың бірінші түсі қызыл. Қызыл түс шынайылықтың белгісі болып келген, осы түс арқылы оқиғадағы шеше мен қызының ішкі жан дүниесінде не болып жатыр деп ойлайсыңдар?» Әңгіме соңында қыз қандай жағдайда болды? Келесі түс қызғылт сары. Әңгімедегі келеңсіз жай неге орын алды ?Оған себеп болған кім? Топтастыру Сары түс бұл оқиғаның тек жақсы жақтарын қарастырады, болған жайттың қандай пайдасы болғанын анықтайды. «Т»кестесін құру — — Жасыл түс – шығармашылық адамдары. 1. Балалар, «Олақ қыз» мәтінін оқи отырып, топта балықтың сұлбасын толтырасыңдар, негізгі мәселе тудыратын сұраққа жауап бересіндер. Сызбаларынды қорғайсындар. ( топтық жұмыс) «Фишбоун» әдісі. Тапсырма: Балықтың басында мәселе тудыратын сұрақ берілген. Мәтіндегі деректерді балықтың сүйегі сұлбаның астыңғы жағына жаз, себептерін сұлбаның жоғарғы жағына жазындар. Мәселені тудыратын сұрақтың жауабын балықтың құйрығына жазындар.
Сергіту сәті Аю отыр партада Екі қолы қалтада Апай сабақ сұраса Ұйықтап қалды, масқара
2-топ
—Көгілдір түс-бейбітшіліктің, ынтымақтың белгісі. Ендеше көгілдір түстегі топ осы әңгіменің өзімізге «өмірлік сабақ» болатын жаман жағы мен жақсы жағын көрсету керек Венн диаграммасы:Олай болса , екі қызды салыстырайық. Екеуіне сипаттама берейік. (Оқушылар топта Венн диаграммасын жасап, тақтаға шығып, оны қорғайды). — Көк түс:Қыз үшін ұнамай тұрған нәрсені атап көрсетулері керек — Күлгін түс автор ретінде нені жеткізгісі келгенін,нені негізге ала отырып бұл әңгімені жазу себептеріне тоқталады |
Балалар сабаққа мақсат қояды
Жауабы:Намыстанды,намысқа тырысты,мақсат қоя білді.Әңгіме соңында анасының үмітін ақтамады.
1-топ.
Топтастыру.1.Олақтық, ,ізденбеу,тоқтық,еріншектік қызықпау анасы қыз үйретті үйренді «Т»кестесін құрады: намыстанды ұялды
«Фишбоун»әдісін толтырады. Себептері Көк инені көктеп шаншуды білмеді.. Қызына тігуді үйретпекші болды.
Қорытынды Проблема Анасының шешімі Қызды неге олақ қыз деп атады? Дәлелдер ана тәрбиесі олақ қыз :
Бірінші топ операға, екінші топ эстрада әуеніне салып айтады
2-топ. Венн диаграммасын құрастырады.
Олақ қыз Ісмер қыз
Еріншектің ертеңі таусылмас Еңбек етсең ерінбей,тояды қарның тіленбей
|
Мәтін мазмұнын түсінуі, жеткізе білуі, өзгені тыңдап, есте сақтай алуы
Өзіндік талдау жасай алуы
Мәтіннен проблеманы анықтай алуы Себептері мен дәлелдерін табуы
сұрақтар қою, жауап бере . алуы |
|
||||||
Кері байланыс | — Ия, бұл менің қолымнан келеді.
-Мен тырысамын. -Мен бұны жасамаймын. |
Кері байланыс парағын толтырады | Білімін пайдалануы
Ой қорытуы, өмірмен байланыстыруы |
|||||||
Бағалау | ОҮБ: критериалды өзін-өзі бағалау. | |||||||||
Үй тапсырмасы | . Еңбек туралы мақал- мәтелдерді қолданып, «Қолымнан келетін қамқорлық» тақырыбына эссе жазып келу. |
Венн диаграммасы
Олақ қыз | Ортақ қасиеті | Ісмер қыз |
|
«Т»кестесі
анасы қызы
Топтастыру
Қыии
Қыз иммзқы |
Ақтоғай ауылы
Сабақтың тақырыбы: «Олақ қыз және
ісмер қыз» |
Мұғалім: З.Тулеуова
Пәні:Әдебиеттік оқу Сыныбы: 2 |
«Ақтоғай»орта мектебі
«Ескіден қол үзбей, жаңаға қол жеткізгендер
ғана мұғалім бола алады»
Конфуций
Қазіргі қоғамдық мұғалім – жеке көзқарасы бар, соған қарай жігерлі тұлға, зерттеушілік, ойшылдық, шығармашылық қасиеті бар, әрі оқушысын осы қасиеттер арқылы өз бетінше оқып, ізденіп кеңейтілген білім алуға үйрете алатын маман болу керек.
Қандай істі де жаңадан бастау оңайға соқпайды. Сондықтан ұстаздарға жаңаша жұмыс істеуге, шығармашылық еңбегімен оқыту әдістерін жаңа арнаға бұруына, педагогикалық еңбегін қайта құруына тура келеді.Бұл бағытта мен де өз сабақтарымды жаңа замануи әдіс-тәсілдерге сай өткізуге тырысамын. Деңгейлік курстарға бармаған күнде де , мектепте өткізілген әріптестерімнің түрлі әдіс-тәсілдер қолданған коучингтарына қатысып, саралап, бақылап көп нәрсеге үйрендім. Сабақтарымда жеті модульді үнемі қолдануға тырысамын, сыни тұрғысынан ойлауға арналған логикалық зерттеулер мен ой жүгірту әдістерін пайдаланамын. Әңгімені ынталандыратын диалогтік оқытуды жүргізіп, оқушыларға сыныпта түрлі әдіс- тәсілдер арқылы және кеңейтілген диалогтарға қатысуға мүмкіндік беремін. Олар өзіндік жеке түсініктерінің өрісін зерттейді және оқушылар бір – біріне сұрақтар қоя отырып, айтқандарын дәлелдей алады. Сабақта балалар тиісті ақпарат жинайды, дәлелдерді сын тұрғысынан талдайды, бағалайды.
Көрсетілген сабағымда мотивациялық кезеңінде «Өзімнің жақсы қасиетім және өзіме ұнамайтын қасиетім» шаттық шеңберін өткіздім. Осы ұйымдастырылған жұмыстың түрлері колаборативтік ортасын құруға мүмкіндік жасайды.Осындай орта оқушының өздігінен дамуына пайдасын тигізеді. «Фишбоун» әдісін және «Модель құрастыру», Венн диаграммасы атты әдістерін қолдандым. Яғни, «Фишбоун» және «Модель құрастыру» сызбасында ақпараттық және проблеманы шешу құзыреттілігі қалыптасады, Венн диаграммасы оқушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытады.
Өз сабағымда Блум таксономиясының алты деңгейі де қолданылды. Үй тапсырмасын тексеруге, яғни білім деңгейінде «Жокей мен жылқы» тәсілі өткізілді. Түсіну және қолдану деңгейінде «Фишбоун» және «Модель құрастыру» тәсілдерін пайдаландым. Венн диаграммасы арқылы оқушылар Олақ қыз бен Ісмер қызға сипаттама береді, салыстырады және қорытынды жасап талдайды. Үй тапсырмасы синтез деңгейінде берілді, яғни мақал – мәтелдерді қолданып «Қолымнан келетін қамқорлық» атты эссе жазу.
Сабақ барысында оқушылар жұпта, топта жұмыс істейді. Топтық жұмыс арқылы оқушыларда көшбасшылық қасиеттерінің қалыптасқаны байқалады. Оларда ортақ мәселе болады, бұл мәселе бойынша бірлескен түсінік қалыптасады , идеялармен пікір алмасады, бір – бірінің идеяларын , болжамдарын ұсынып, талқылайды. Талқылау кезінде олар «мүмкін», «егер», «бәлкім» деген сияқты сөздерді қолданып , өз идеясын дәлелдеу үшін «сондықтан» деген сөзді пайдаланып, топ тарапынан қолдау қажет болғанда «Солай емес пе?» деген сұраққа сүйенеді. Осындай үлгі бойынша оқушылар бір – бірін тыңдап, өз жауаптарын талдайды.
Оқушылардың топта өз-өзін және бір-бірін әділ бағалау дағдыларының дамуынамүмкіндік туғызады. Сыныпта оқушыларға әртүрлі әдіс- тәсілдер арқылы жүргізілген және кеңейтілген диалогтарға қатысуға мүмкіндік беремін, олар өзіндік жеке түсініктерінің өрісін зерттей алады. Выготскийдің оқыту моделі оқушы диалог құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдайды. Сондықтан, оқушының білім деңгейін дамытуға әлеуметтік қолдау көрсетуде мұғалімнің рөлі ерекше. Оқушылардың көбірек білетін адамдармен, сыныптастарымен диалог жүргізу мүмкіндігі болған жағдайда, оқыту жеңіл болмақ. Сыныпта оқушылардың бірлескен сұхбаты үлкен пайда келтіреді. Оқушылар тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді. Басқа балалардың түрлі идеялардың болатындығын оқушылардың түсінулеріне көмектеседі. Оқушылар өз идеяларын дәлелдейді. Әңгіменің үш түрін пайдаланамын. Олар : әңгіме – дебат, кумулятивтік, зерттеушілік. Зерттеу жұмыстарын талдау барысында оқушылар білім алады, тыңдайды және сөйлейді. Сабақтарда жоғары дәрежелі сұрақтар қоюға тырысамын, оқушылар ақпаратты белгілі бір жолдармен қолдануға, қайта құруға, кеңейтуге, бағалауға және талдауға тырысады. Сұрақтарды оқушылардың білім алу қабілеттеріне сәйкес болатындай етіп құрастырамын. Бастауыш сыныптар болғандықтан АКТ – ны үнемі пайдаланамын. Оқушылардың оқулары бірталай жақсарғаны байқалды. Балалар идеялармен, жұмыстарымен алмасады, пікірлер мен ақпаратты қорытады, жалпылайды.
Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңінде «Дейін — кейін», «Келісемін – келіспеймін», «Үшінші артық» , «Жокей мен жылқы», «Әуе шары», «Бес сұрақ», «Фишбоун» , «Модель құрастыру» т.б тәсілдерді қолданамын. Бұл тәсілдер оқушыға жаңа тақырыпты меңгеруге үлкен мүмкіндік береді. Оқушылар өздерін еркін ұстап сабаққа өте жақсы қатысады.
Бағалау кезеңінде мен «Үш мақсат», «Жұдырықтан бес саусаққа дейін», «Екі жұлдыз, бір тілек» және критериялық формативтік бағалау түрлерін қолданамын.
Кері байланыс кезеңінде «Смайликтер», « Жетістік ағашы», «Бағдаршам» және т.б тәсілдерді қолданамын.
Бүгінгі ұстаз шәкіртіне мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеу керек. Ол нағыз ұстаздың, яғни жанашыл мұғалімнің қолынан келеді дегім келеді.
[bws_related_posts]