Б.Нысанбаев атындағы орта мектебі
Шағын топ тәрбиешісі: Конирбаева . Б
Технологиялық карта №5
Тақырыбы: Әдемі торғай
Білім беру саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Мүсіндеу
Мақсаты:
Білімділігі: Құстың бөлшектерін дайындап,
бөлшектерді бір-бірімен біріктіре алуды
үйрету.
Дамытушылығы: Тілдерін дамыту.
Тәрбиелігі: Балаларды құстарға қамқорлық жасауға
тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Үлестірмелі материал, ермексаз,
тақтайша.
Іс-әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық | Шаттық шеңбері
Біз бақшаға ризамыз, Апайларға ризамыз Асыр салып ойнаймыз Өмірге де ризамыз. |
Балалар шеңберге тұрады. |
Ұйымдастыру- іздестіру | Тәрбиеші балаларға тақпақ оқиды:
Торғай, торғай тоқылдақ Жерден тары шоқып ап Бөтегесі бұлтиып, Шық-шық етіп отырмақ. -Балалар, құстың дене құрылысына сипаттама беріңдерші.
-Ол қалай қоректенеді? Дидактикалық ойын: «Не қалай дыбыстайды?» Әртүрлі құстардың суреті көрсетіледі. Сергіту сәті Кәне, қанат жазайық Құс боп желмен ұшайық Ұшып-ұшып алайық Ұямызға қонайық. Үлестірмелі материалдармен жұмыс жасайды. -Балалар, бүгін торғайды мүсіндесек қайтеді. -Алдымен денесін жасаймыз, ол үшін екі дөңгелек дайындап аламыз, үлкені-денесі, кішісі-басы. Үлкен домалақты сопақша пішіндеп, екі саусақпен қысып құйрығын шығарып құйрығының ұшын жалпақтаймыз. Кішкентай домалақ құстың тұмсығы болады, екіншісінің солай созамыз. Енді екеуін қосып, құстың аяғын жасаймыз. Дайын құсты ағашты бір бұтағына орналастырамыз. |
Тақпақты қайталайды.
-Басы, тұмсығы, екі қанаты, денесі, құйрығы, екі көзі мен аяқтары бар. — Ол түрлі дәндерді, жәндіктерді жейді.
Балалар қолдарын жазып, құс болып ұшады.
Торғайды мүсіндеуге ынталарын білдіреді. Мүсінделген торғайды ағаштың бір бұтағына орналастырады. |
Рефлексивті –түзетушілік | Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.
-Балалар «Жапалақ» ойынын ойнайды. |
Балалар тәрбиешінің айтуы бойынша қимылдар жасайды.
|
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек:
|
Бөлшектерді дайындап алып, оны біріктіре отырып құстың бейнесін мүсіндейді. |
Нені игереді: | Құстардың пайдасын, оларды қорғау қажеттілігін. |
Нені біледі: | Оқу іс-әрекеті барсында алынған дағдыларды. |
Бекітілді:
Технологиялық карта №8
Айы: Қараша
Күні: 4.11.2016 ж
Білім саласы: Таным
Ұйымдастырылғын оқу іс-әрекеті: Жаратылыстану
Тақырыбы: «Тиін»
Мақсаты: Жабайы аңдар: аю,қоян, түлкі, қасқыр туралы ұғымдарын кеңейту. Тиінмен таныстыру. Тиіннің тіршілігі, қоректенуі туралы айтып беруге үйрету.
Әдіс-тәсілі: Сөздік, көрнекілік. Сергіту сәті.
Көрнекі құралдар: Тиіннің суреті, жұмыс дәптер, бейне таспа.
Қостілді компонент: Тиін-белка.
Оқу іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық- қозғаушылық |
Шаттық шеңберіне тұрып: Музыка қойып, балаларды шаттық шеңберге жинау. |
Балалар шеңберде тұрып, бір-біріне жылы сөздер айтады. |
Ұйымдастыру- шылық ізденістік |
Балалар хайуанаттар бағына кім барды. Ол жерден қандай аңдарды көргендерің туралы естеріңе түсіріңдерші? -Балалар сендер тиінді көргендерің барма? Сендер тиінді байқамай қалуларың мүмкін, себебі: ол кішкентай әрі көбінесе ағаштардың басында жүреді. Бүгін біз тиін жайлы әңгімелейміз. Суретке назар аударту. -Міне, мынау тиін. Тиін орманды мекендейді. -Тиіннің түсі, денесі, құлағы, құйрығы қандай? Тиіннің түсі ақшыл сұр не жирен,үлпілдек, қалың жүнді, құйрығы ұзын, құлағында шашы болады. Аяқтарында ұзын тырнақтары бар. -Қалай ойлайсыңдар, оның тырнақтары қандай қызмет атқарады? -Ал мықты тістері мен әдемі ұзын құйрығы қандай қызмет атқарады? Олар қатты суық болған кезде домаланып жатып, құйрықтарын жамылғы ретінде пайдаланып ұйықтайды.Қыста олардың жүндері үлпілдек, жұмсақ, қалың, ұзын, ал жазға қарай керісінше жұқа, сирек, қысқа әрі қатайған болып келеді. Тиіндер жылына екі рет күзде және көктемде түлейді. Ұясын ағаш басына, кейде жартас жарығына салады. -Тиіндер қысқа қандай дайындық жасайды?
Сергіту жаттығуы: Ормандағы аюдың Құлпынайы көп екен Теріп-теріп алайық Қалтамызға салайық. Дәптеріндегі тапсырманы орындау |
Балалардың хайуанаттар бағына барған кездері естеріне түседі. Әңгімелеп айтады.
-Ия, бар.
Суретке назар аудару. -Тиін орманда мекендейді.
-Тиіннің түсі қызғылт, үстінде жүні бар.құйрығы ұзын, әдемі көздері жылтырап тұрады. -Олар ағаштың діңдерін ойып қуыс жасайды. -Олар балқарағай жаңғақтарымен қоректенеді. -Олар ағашқа өрмелеп шығу үшін.
-Тиіндер тісімен қатты жаңғақтарды шағып әрі кеміріп жей алады.
Ал құйрығы ағаштан ағашқа секіру үшін керек.
Балалар орындарынан тұрып, жаттығуды қимыл-қозғалыспен жасайды.
Дәптердегі тапсырманы орындайды. |
Рефлексиялық түзетушілік |
Қорытындылау.
-Бүгін не туралы айттық? Бүгіннен алған әсерлерін әңгімелей отырып, оқу іс-әрекетін аяқтау. |
-Тиін туралы.
Тиінтуралы әңгімелейді.
|
Күтілетін нәтиже:
Біледі: тиіннің жабайы аң екенін, оның орманда тіршілік ететінін;
Игереді: олардың қыс маусымына қалай дайындалатыны туралы;
Меңгерді: тиіндердің түстерінің тіршілік еткен ортасына қарай өзгеріп тұратындығы туралы.
Бекітілді:
Технологиялық карта № 10
Айы: Қараша
Күні: 2.11.2016 ж
Тақырыбы: 1,2,3 сандары мен цифрлары. Биік, аласа
ұғымы.
Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қарапайым математикалық ұғымдарды
қалыптастыру.
Мақсаты:
Білімділігі: 3 саны мен цифры туралы өткенді
пысықтау.
Дамытушылығы: Биіктігіне қарай салыстыру қабілетін
дамыту.
Тәрбиелігі: 1,2,3 цифрларын дұрыс жазу
дағдыларын қалыптастыру.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Заттық суреттер, ойынға қажетті
материалдар.
Іс-әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық | Үстелде 1-ден10-ға дейінгі сандар жатыр. Тәрбиеші таныс цифрды тауып,ол туралы өлең оқып беруді өтінеді. | Балалар цифр туралы өлеңдер оқиды. |
Ұйымдастыру- іздестіру | 1-тапсырма
Тәрбиеші балаларға 3цифрына сәйкес келетін заттарды бояуға тапсырма береді. Балалардан сұрайды: -Қымыз құятын неше ыдыс боядыңдар? -Қанша кесе боядыңдар? 2-тапсырма. Тәрбиеші балаларға суреттегі геометриялық фигура санына сәйкес келетін цифрларды нүкте бойынша бастырып сызуға тапсырма береді. Балаларға сұрақ қояды: -Сопақшаның астында қандай цифрды сыздыңдар? -Дөңгелектердің ше? -Ал шаршының астындағы қандай цифрды бастырып сыздыңдар? Үлестірмелі материалмен жұмыс. Тәрбиешілер балаларға сұрақ қояды: -Бағандардың түсі қандай? Қайсысы биік (аласа)? Оны қалай білеміз? Содан кейін сол қолға аласа бағанды,ал оң қолға биік бағанды алуды сұрайды.Тәрбиеші 3-4 баланы шақырып,олардан қай қолындағы бағанның биік,ал қай қолыңдағының аласа екендігін сұрайды. Содан соң биік бағанға шырша, ал аласасына саңырауқұлақ салыңдар деген тапсырма береді. Сергіту минуты. Оңға бір қадам, Солға бір қадам Шапалақ ұрамыз. Алға бір қадам, Артқа бір қадам Шапалақ ұрамыз. Тәрбиеші суретте қандай үйлер салынғанын сұрайды. Балалардан биік үйдің қасына аласа ағаш ,ал аласасының қасына биік биік ағаштың суретін салуды сұрайды. |
3 торсық 3кесе
1 ғана сопақша
3 дөңгелек бар 2 шаршы бар.
Балалар бағандарды биіктігіне қарай салыстырады.
Балалар жаттығу жасайды. |
Рефлексивті –түзетушілік | Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.
-Бойы биік киіз үйдің қасына қандай қандай ағаштың суретін салдыңдар? Тәрбиеші балаларды мақтайды. |
Балалар өз жұмысын тәрбиешінің қолындағы үлгімен салыстырады. |
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек:
|
1,2,3 цифрларын,(биік),(аласа) түсініктерін; |
Нені игереді: | Екі суретті салыстырып,айырмашылығын таба білуді;өзіне таныс заттарды биіктігіне қарай (биік,аласа) салыстыруды; |
Нені біледі: | 1,2,3 цифрларын заттың санымен сәйкестендіру. |
Бекітілді:
Технологиялық карта №15
Айы: Қараша.
Күні: 9.11.2016 ж
Тақырыбы: «Біздің Атырау» (Әнді үйрету)
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Музыка.
Мақсаты:
Білімділігі : Әуеннің ырғақ екпінін сезіне білуге
әуенге сәйкес қозғалуға
дағдыландыру.
Дамытушылығы: Әнді көңілді, ашық дауыспен таза
орындауға үйрету.
Тәрбиелігі: Туған жеріне, қаласына
сүйіспеншілігіне тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: «Алматым» атты сурет көрме.
Іс-әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық | «Алматым» әні орындалады.
Гүл жайнаған атырабы Алты қырдан шақырады. Көңілге нұр төккен қала- Алматы, Көктем қала, көркем қала- Алматы. -Қала өте үлкен. Жұмбақтың шешуін табыңдар: Дыз-дыз етіп жүреді, Сымнан ұстап жүреді. Өзіне адам мінеді, Ол не, ал кім біледі? (Троллейбус) |
Алматы туралы білетін тақпақтарын айтады.
Жасырылған жұмбақ шешуін табуға тырысады.
|
Ұйымдастыру- іздестіру | Әуенді қимыл:
«Күлдіргіштер» (Д.Кабалевский). Ән тыңдау: «Алматы» Е.Хасанғалиев. Дауыс жаттығуы: «Жоғары-төмен». Гүл-гүл жайнап бәріміз, Кіреді біздің сәніміз. Әдемі де әуенді Ән салайық бәріміз. Ән үйрену: Біз өмірдің гүліміз» Ә.Дүйсенбиев. Әннің көңіл күйін бере шаттана, жарқын айтуға машықтандырады. Ойын: «Жұбыңды тап!» Көңіліміз көтеріліп , Ойын ойнап, биледік. Қаламыздың көшесінде Серуендеп көп жүрдік. |
Ән көңілді , әдемі.
Әнді бірге қосыла айтуға тырысады.
|
Рефлексивті –түзетушілік | Бақшамызға арайлы,
Күн шуағы тарайды. Апайлар мен балалар Қол бұлғап бізге қарайды. «Менің Алматым»тақырыбына сурет салуға тапсырма береді.
|
Балалар қайталайды.
|
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек:
|
Әуен екпінін сезіну, әнді сипатына сәйкес айту, әуенді таза айта білуді. |
Нені игереді: | Музыканы тыңдай отырып, түрлі сипаттағы әуенді салыстыруды. |
Нені біледі: | Сүйікті қаласы туралы, сәулетті жерлері туралы біледі, әнді нақышына келтіре айтуды. |
Бекітілді:
Технологиялық карта №16
Айы: Қараша.
Күні: 10.11.2016 ж
Тақырыбы: «Біздің Атырау» (Әнді айту)
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Музыка.
Мақсаты:
Білімділігі : Әуеннің ырғақ екпінін сезіне білуге,
әуенге сәйкес қозғалуға
дағдыландыру.
Дамытушылығы: Әнді көңілді, ашық дауыспен таза
орындауға үйрету.
Тәрбиелігі: Туған жеріне, қаласына
сүйіспеншілігіне тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: «Алматым» атты сурет көрме.
Іс-әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық | «Алматым» әні орындалады.
Гүл жайнаған атырабы Алты қырдан шақырады. Көңілге нұр төккен қала- Алматы, Көктем қала, көркем қала- Алматы. -Қала өте үлкен. Жұмбақтың шешуін табыңдар: Дыз-дыз етіп жүреді, Сымнан ұстап жүреді. Өзіне адам мінеді, Ол не, ал кім біледі? (Троллейбус) |
Алматы туралы білетін тақпақтарын айтады.
Жасырылған жұмбақ шешуін табуға тырысады.
|
Ұйымдастыру- іздестіру | Әуенді қимыл:
«Күлдіргіштер» (Д.Кабалевский). Ән тыңдау: «Алматы» Е.Хасанғалиев. Дауыс жаттығуы: «Жоғары-төмен». Гүл-гүл жайнап бәріміз, Кіреді біздің сәніміз. Әдемі де әуенді Ән салайық бәріміз. Ән үйрену: Біз өмірдің гүліміз» Ә.Дүйсенбиев. Әннің көңіл күйін бере шаттана, жарқын айтуға машықтандырады. Ойын: «Жұбыңды тап!» Көңіліміз көтеріліп , Ойын ойнап, биледік. Қаламыздың көшесінде Серуендеп көп жүрдік. |
Ән көңілді , әдемі.
Әнді бірге қосыла айтуға тырысады.
|
Рефлексивті –түзетушілік | Бақшамызға арайлы,
Күн шуағы тарайды. Апайлар мен балалар Қол бұлғап бізге қарайды. «Менің Алматым»тақырыбына сурет салуға тапсырма береді.
|
Балалар қайталайды.
|
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек:
|
Әуен екпінін сезіну, әнді сипатына сәйкес айту, әуенді таза айта білуді. |
Нені игереді: | Музыканы тыңдай отырып, түрлі сипаттағы әуенді салыстыруды. |
Нені біледі: | Сүйікті қаласы туралы, сәулетті жерлері туралы біледі, әнді нақышына келтіре айтуды. |
Бекітілді:
Технологиялық карта №9
Айы: Қазан
Күні: 27.10.2016 ж
Тақырыбы: 3 цифрымен таныстыру. Цифрды заттың
санымен салыстыру. «Кеше», «бүгін»,
«ертең». Жыл мезгілдері (күз).
Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қарапайым математикалық ұғымдарды
қалыптастыру.
Мақсаты:
Білімділігі: 3 цифрын 3 санының таңбасы ретінде
таныстыру.
Дамытушылығы: 3 санын өзге цифрлардың арасынан
табу.
Тәрбиелігі: Жыл мезгілдері туралы білімін дамыту.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Балалардың әрқайсысына әр түстен 4
үшбұрыштан.
Іс-әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық | Үлестірмелі материалдармен жұмыс.
Балаларға берілетін тапсырма: жоғарғы жолаққа 1 қызыл үшбұрыш, ал төменгісіне 2 көк үшбұрыш салады. |
Балалар жауап береді. |
Ұйымдастыру- іздестіру | 1-тапсырма
Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады: Айгүл келді бірінші боп бақшаға, Қосылды оған Бибігүл мен Марат та, Балғындарды ойнап жүрген топтағы Санап берші сен бізге бір ойлан да. Тәрбиеші өлең оқып береді. Үш дегенің екі ілмек, Тұратын қармағын сермеп. Үшінші боп тұратын, Мұны әркім білмек. 2-тапсырма. 3 цифрының жазылуымен таныстырады. Көп моншақтың ішінен тек 3 моншақты ғана санап бояйды. Сергіту минуты Желменен ағаштар, Тербеледі әрдайым Бір иілді, екі иілді, Сыңғырлады жапырақтар. 3-тапсырма Тәрбиеші балаларға сұрақ қояды: -Қазір жылдың қай мезгілі? Балалар күз туралы білетін тақпақтарын айтады. |
3 салады.
Балалар өлеңді бірге қайталап, жаттап алады.
3цифры мен 3 моншақты бояйды.
Сергіту жаттығуын орындайды.
-Күз. |
Рефлексивті –түзетушілік | Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.
-Балалар енді 3 саны туралы тақпақ айтып беріңдер. |
Балалар тақпақты айтады.
|
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек:
|
3 цифрын; жыл мезгілдерін (күз) білу; |
Нені игереді: | Сандар қатарынан 3 цифрының орнын табуды; |
Нені біледі: | «кеше, бүгін, ертең» ұғымдарымен сөйлем құрастыра білуді. |
Бекітілді:
Технологиялық карта №8
Айы: Қазан
Күні: 19.10.2016 ж
Тақырыбы: 2 цифры туралы білімдерін бекіту.
Алыс-жақын.
Білім беру саласы: Таным.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қарапайым математикалық
ұғымдарды қалыптастыру. Мақсаты:
Білімділігі: 2 цифры туралы алған білімдерін
бекіту.
Дамытушылығы: 1, 2, 3 цифрларын заттың санымен
салыстыруды әрі қарай жалғастыру.
Тәрбиелігі: «Алыс», «жақын» ұғымдарын
мағына жағынан айыра білуге үйрету.
Қолданылатын көрнекі құралдар: санау материалдары, сюжетті
суреттер.
Іс-әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық | Тәрбиеші балаларға бірнеше жұмбақ жасырады:
Далада жүр шапқылап Керемет, тым саққұлақ. Тек есектен басқада Оған ұқсар жоқ құлақ.
Басы жерде бұғып тұрады, Жап-жасыл сақалы Жерге шығып тұрады. |
Балалар жұмбақтардың шешуін шешеді.
Қоян.
Сәбіз. |
Ұйымдастыру- іздестіру | 1-тапсырма.
Тәрбиеші балалардан суретте неше сәбіз, неше қоян бар екенін сұрайды. Суреттегі заттарды санату арқылы 2 саны және цифры туралы алған білімдерін бекітеді. Содан соң дөңгелек пен 2 цифрын бояуды тапсырады. 2-тапсырма. Содан соң ол балаларға өзге цифрлардың арасынан 2 санын тауып, оны қоршап сызуға тапсырма береді. Сергіту минуты. Ойнақтаған ор қоян, Түлкіні көріп орманда Орғып-орғып секірді Бұтаға барып секірді. 3-тапсырма. Тәрбиеші балаларға суреттерді қарап шығып, бірдейлерін бір-біріне қосуды тапсырады. 4-тапсырма Тәрбиеші балаларға суретті мұқият қарап шығып, алыс (қашық), жақын салынған заттардың атын атап беруді сұрайды. Балаларға мынадай тапсырмалар береді: -Қоян жақын тұрған сәбізді бояңдар. -Сәбізден қашық тұрған қоянды бояңдар. |
Балалар бояу жұмыстарын орындайды. Сол жақта 2 цифры тұрғанын айтады, 2 қамзол мен 2 қалпақты бояйды.
Балалар жаттығуды тәрбиешімен бірге орындайды.
Бірдей суреттерді сызықпен қосады.
Балалар суретпен танысады және ондағы заттардың атын атап береді.
Балалар тапсырманы орындайды. |
Рефлексивті –түзетушілік | Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.
Балаларды мадақтайды. |
Балалар өз жұмысын тәрбиешінің қолындағы үлгісімен салыстырады. |
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек:
|
2 цифрын, «жақын мен алыс» ұғымдарын дұрыс пайдалануды; |
Нені игереді: | 2 цифрын көптеген цифрлардың арасынан табуды; 1,2,3 цифрларын заттың санымен сәйкестендіруді; |
Нені біледі: | 2 цифр туралы түсінікті; алыс пен жақынды ажыратуды. |
Бекітілді:
Технологиялық карта №7
Айы: Қазан
Күні: 18.10.2016 ж
Тақырыбы: Қуыршақ Әйгерімнің туған күні
Білім беру саласы: Коммуникация
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Сөйлеуді дамыту
Мақсаты:
Білімділігі: Балалар ойыншық туралы әңгіме
құрауға, өз ойларын толық
сөйлемдер арқылы жеткізе
білуге үйрету.
Дамытушылығы: Әңгіме құрастыруды үйрету арқылы
шығармашылықпен жұмыс істеуге
баулу.
Тәрбиелігі: Ойыншықты ұқыпты ұстауға
тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Тіл дамыту дәптері, қуыршақ
ойыншық.
Іс-әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық | Шаттық шеңбері:
Тобымызға қуыршақ Әйгерімнің келуін хабарлайды. |
Балалар қуыршақтың келгеніне қуанады. |
Ұйымдастыру- іздестіру | -Балалар, бұл не?
Кәне, «Қуыршақ» сөзін қайталаймыз. -Балалар, бұл қуыршақтың есімі-Әйгерім. «Қуыршақ» тақпағын жаттату. Біздерде бар қуыршақ, Бұзау, қозы, құлыншақ. Ойыншықтар тыңдайды, Ақыл айтсақ, бұйырсақ. (Н. Әлімқұлов) Сұрақтарға жауап алу. -Балалар, «Қуыршақ» неге жатады? -Сендердің үйлеріңде қандай қйыншықтар бар? Дидактикалық ойын: «Ойыншықты тап». Мақсаты: Ойыншықты атау және кеңістікті бағдарлай отырып табу. Әңгіме құрау: «Қуыршақ Әйгерімнің туған күні» Мақсаты: ауызша өз ойларын жеткізе білу. Мысалы: Әйгерім қуыршақтың туған күніне аю келді. Аю әйгерімге өзінің сүйікті тағамы – бал сыйлады. Оны көрген Әйгерім қатты қуанды. Сергіту жаттығуы. Ал балалар тұрайық Алақанды ұрайық. Оңға қарай иіліп, Солға қарай иіліп, Бір отырып, бір тұрып Біз тынығып алайық. |
-Бұл -қуыршақ.
Тәрбиешінің көмегімен тақпақты жаттау.
Әр бала өз ойыншықтарын атап өтеді.
Балалар ауызша әңгіме құрап айтуға тырысады.
Сергіту жаттығуын орындайды. |
Рефлексивті –түзетушілік | Әңгіме құрағанда толық сөйлем құрауға тырысады.
Ойыншықтарды ұқыпты ойнау керектігін айту. |
Балалар ұсынысты қабылдайды.
|
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек:
|
Ойыншықтарды неден жасалғанын білу; |
Нені игереді: | Толық сөйлем құрауды; |
Нені біледі: | Өз ойларын сөйлемдер арқылы жеткізуді біледі. |
Бекітілді:
Технологиялық карта №5
Айы: Қазан
Күні: 10.10.2016 ж
Тақырыбы: Атжалман
Білім беру саласы: Таным.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Жаратылыстану.
Мақсаты:
Білімділігі: Табиғат бұрышында мекендеуші
атжалманмен таныстыра отырып,
бақылау жасай білуге үйрету.
Дамытушылығы: Атжалманның немен қоректенетіні,
тамақтандыру реті туралы түсінік
беру.
Тәрбиелігі: Қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Жұмыс дәптері, қарындаштар, мата
қиындылары.
Іс-әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық | Шаттық шеңбері:
-Бір сәтке өздерің алақандарыңда күннің кішкентай шуағын ұстап тұрмын деп ойлаңдар. Егер күннің шуағы сенің қолыңда болса, онда сен қараңғы түнде де жолды таба аласың және т.б. |
Балалар көздерін жұмып, тәрбиешінің айтуы бойынша көз алдыларына елестетеді. |
Ұйымдастыру- іздестіру | Тәрбиеші ішіндегі атжалман бар торды алып келеді де үстелдің үстіне қояды.
-Кім айтады, мынау қандай жануар? Бұл-атжалман. Атжалман бүгіннен бастап біздің табиғат бұрышында тұрады. Біз оны күтіп, оған қамқор болуымыз керек. Тәрбиеші тордың ішіне кішкентай сатыны қояды. -Балалар, атжалман тамақтанған кезде не байқадыңдар? Неліктен екі ұрты томпайып кетті? -Балалар, атжалман өзін жақсы сезіну үшін, оның жем салғышы мен су ішетін ыдысын күнделікті жуып тұруы керек. -Балалар, атжалманның түсі қандай?
-Аяқтары қандай? Атжалман да өзінің бөлек жатын бөлмесі болғанды ұнатады. Ол өзінің бөлмесінің жылы болғанын ұнатады. Сол себепті өзінің жататын жерін жылылап өзі жасап алады.
Дәптермен жұмыс. |
Балалар атжалманның өрмелегенді жақсы көретінін байқап айтады.
Оның екі ұрты томпайып кетті. Ол жеген тамағын сол екі ұртына жасырып қойды. Балалар жуылған ыдыстарды тордың ішіне қояды да жемін салып, суын құйып қояды.
Аяқтары қысқа. |
Рефлексивті –түзетушілік | Тәрбиеші балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды | Сабақтағы көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді.
|
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек:
|
Атжалманды түсіне, сыртқы көрінісіне қарап танып, ажыратуды, олардың дене бөліктері, қозғалысы, қорегі туралы, тамақты екі ұртына жасырып қоятындығын, өсіп-өнуі үшін адамдардың қамқорлығы керек екендігін. |
Нені игереді: | атжалманның түсінің алуан түрлі болатындығын, атжалман туралы жалпы мәліметтерді. |
Нені біледі: | қамқорлықпен қарайды, оларға жәбір көрсетпеу керектігін ұғынады, тамақтандырудың және жем салатын, су құятын ыдыстарды тазалаудың жолдарын үйренеді. |
Технологиялық карта №6
Айы: Қазан
Күні: 05.10.2016 ж
Тақырыбы: 1 цифры мен саны туралы өткенді
пысықтау. Үлкен, кіші, кішкентай.
Үшбұрыш.
Білім беру саласы: Таным.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қарапайым математикалық
ұғымдарды қалыптастыру. Мақсаты:
Білімділігі: Өзіне қатысты тұрғыда заттардың
кеңістікте орналасуын анықтай білу
дағдыларын бекіту.
Дамытушылығы: 1цифрын 1санының таңбасы ретінде
таныстыру.
Тәрбиелігі: 1 цифрын өзге сандардың арасынан
табу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Шеңбер, шаршыға ұқсайтын
заттардың суреті.
Іс-әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық | Суретпен жұмыс. Дәптердегі сурет бойынша әңгіме жүргізу. | |
Ұйымдастыру- іздестіру | 1-тапсырма.
Балалар сурет бойынша жұмыстан кейін, 1 санының таңбасы 1 цифрымен танысады. Тәрбиеші балаларға сандар қатарынан 1 цифрының орнын тауып, сонша моншақты бояуды ұсынады. 2-тапсырма. Содан соң ол балаларға өзге цифрлардың арасынан 1 санын тауып, оны қоршап сызуға тапсырма береді. «Арыстан». Сергіту минуты. Мен мықты арыстан Аңдардың патшасы. Жауымның соғысқан Күл болған қаңқасы. 3-тапсырма. Тәрбиеші балаларға суреттерді қарап шығып, бірдейлерін бір-біріне қосуды тапсырады. 4-тапсырма Тәрбиеші балаларға бірінші және екінші қатардағы фигуралардың қалай орналасқанына назар аударуды ұсынады. -Балалар, фигураларды дәл осындай ретпен орналастыра отырып, қатарды жалғастырыңдар. |
Балалар бір моншақты бояйды.
Жұдырығын түйіп, сермейді.
Бірдей суреттерді сызықпен қосады.
Бірінші қатарда-шеңбер, шаршы, шеңбер; Екінші қатарда- шаршы, шеңбер, шаршы. Балалар тапсырманы орындайды. |
Рефлексивті –түзетушілік | Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.
-Біз қандай цифрмен таныстық? -Бір саны туралы тақпақ айтып беріңдер. Балаларды мадақтайды. |
Балалар өз жұмысын тәрбиешінің қолындағы үлгісімен салыстырады.
Біз 1 деген цифрмен таныстық. |
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек:
|
1 цифрын таниды; өзіне қатысты тұрғыда заттардың кеңістікте орналасуын анықтауды ( оң жақта, сол жақта, ортасында); |
Нені игереді: | 1 цифрын көптеген цифрлардың арасынан табуды; |
Нені біледі: | Цифр туралы түсінікті; геометриялық фигураларды ажырата білуді. |
Технологиялық карта №9
Айы: Қараша.
Аптасы : _______
Күні: ___11.2015 ж
Тақырыбы: 1,2,3 цифрлары туралы өткенді
пысықтау.Биік-аласа.Баланың
зейінін дамыту.
Білім беру саласы: Таным.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қарапайым математикалық ұғым.
Мақсаты:
Білімділігі: 3 саны мен цифры туралы өткенді
пысықтау.
Дамытушылығы: Цифрды заттың санымен
сәйкестендіруді жалғастыру.
Тәрбиелігі: Әңгімелесу, сұрақ-жауап, ойын.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Заттық суреттер, ойынға қажетті
материалдар.
Іс-әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық | Үстелде 1-ден 10-ға дейінгі сандар жатыр.
Таныс цифрды тауып, ол туралы өлең оқып беруді өтінеді. |
Балалар цифр туралы өлеңдер айтады. |
Ұйымдастыру- іздестіру | 1-тапсырма.
Балаларға 3 цифрына сәйкес келетін заттарды бояуға тапсырма береді. -Қымыз құятын неше ыдыс боядыңдар? -Қанша кесе боядыңдар? 2-тапсырма. Балаларға суреттегі геометриялық фигура санына сәйкес келетін цифрды нүкте бойынша бастырып сызуға тапсырма береді. -Сопақшаның астында қандай цифрды сыздыңдар? -Дөңгелектердің ше? -Ал шаршының астындағы қандай цифрды бастырып сыздыңдар? Үлестірмелі материалмен жұмыс. 3-4 баланы шақырып, қай қолындағы бағанның биік, ал қай қолындағының аласа екендігін сұрайды. «Бәріміз біргеміз». Сергіту минуты. Оңға бір қадам, Солға бір қадам Шапалақ ұрамыз. Алға бір қадам Артқа бір қадам Шапалақ ұрамыз. 4-тапсырма. Үй жанында байланған, Бар ғой әсем күшігім. Бұлғандатып құйрығын, Күзетеді үйшігін. Сурет бойынша 4 айырмашылықты тауып көрсетуі тиіс. Содан соң 4 дөңгелекті бояйды. |
Үш торсық. Үш кесе.
Үшеу, өйткені карточкада үш дөңгелек бар. 2 цифрын, өйткені карточкада екі шаршы бар.
Сол жақта –биік, оң жақта-аласа. Биік үй мен аласа үйді салыстырады. |
Рефлексивті –түзетушілік | Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.
-Бойы биік киіз үйдің қасына қандай ағаштың суретін салдыңдар? Балаларды мадақтайды. |
Балалар өз жұмысын тәрбиешінің қолындағы үлгісімен салыстырады. |
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек:
|
1,2,3 цифрларын, «биік», «аласа» түсініктерін. |
Нені игереді: | Екі суретті салыстырып, айырмашылығын таба білуді,өзіне таныс заттарды биіктігіне қарай «биік,аласа» салыстыруды. |
Нені біледі: | 1,2,3 цифрларын заттың санымен сәйкестендіруді. |
Технологиялық карта №19
Айы: Қараша.
Аптасы :
Күні: 4. 11.2015 ж
Тақырыбы: «Қыс өрнегі».
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Музыка.
Мақсаты:
Білімділігі: Әнді сезіммен, нақышына келтіріп
айтуды.
Дамытушылығы: Таныс шығармаларды ажырата
білуге, еске сақтауға
дағдыландыру. Тәрбиелігі: Әңгімелесу, сұрақ-жауап, ойын.
Қолданылатын көрнекі құралдар: «Қысқы ойындар» суреті, маракас,
қоңырау аспаптары.
Іс-әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық | «Полька » әуені орындалады.
«Қысқы пейзаж» көрмесінен суреттер көрсетеді. Қалыңдасын қары бұл, Келсін аяз мықты ма? Қарсы аламын бәрібір, Сағыныппыз қыста да. (Ә. Қайыржанқызы) |
Қыс мезгілі ұнайды.
Қызықты ойындар ойнаймыз. |
Ұйымдастыру- іздестіру | Әуенді қимыл: «Көңілді полька»
( И.Штраус) орындалып, би қимылдарын көрседі. Өстіп,міне, қыс түсті, Бола қалды дала аппақ, Қар лақтырып үсті-үсті, Балалар жүр далақтап. Қимылды ойын: «Шана тебеміз». «Қысқы ойындар» суретін көрсетеді. Ән тыңдау: «Біз шадыман баламыз» (Ә.Бейсеуов) Қыста жерді жауып кетеді, Ал көктемде ағып кетеді. (Қар) Жаздай тынығады, Қыстай зымырайды. (Шана) Дауыс жаттығуы: «Қыс ». Ән үйрену: «Ақша қар» (К. Қуатбаев.) Ойын : «Қай аспапта ойнаймын?» «Біз өмірдің гүліміз» (Б. Ғизатов) |
Қар атысып ойнаймыз,шанамен сырғанаймыз.
Жұмбақ жауаптарын тауып айтады. |
Рефлексивті –түзетушілік | Торғайлар тон киеді,
Аяз беттен сүйеді. Жиналып ап бар бала Тұрғызамыз қар қала! (Н.Аманжолов) -Қыста ауа райы қандай болады? Қар жауғанда топ бала Соқтық келіп аққала Мұрны сәбіз, үп-үшкір Көзі көмір, қап-қара. (С.Қалиев) Балаларға аққаланың суретін саламыз. |
Балалар өз жұмысын тәрбиешінің қолындағы үлгісімен салыстырады.
Қыста суық, аяз болады.
Қардан аққала жасаймыз. |
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек:
|
Таныс шығармаларды ажыратуды, еске сақтауды,ән мәтінін әңгімелеуді. |
Нені игереді: | Балаларға арналған музыкалық аспаптарда еркін ойнауды, даусын ажыратуды. |
Нені біледі: | Әнді сипатына сай нақышына келтіре айтуды, ойынға белсене қатысуды. |
Бекітілді.
Технологиялық карта №4
Күні: 7.10.2016 ж
Тақырыбы: Гүлзардағы раушангүл.
Білім беру саласы: Таным.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Жаратылыстану.
Мақсаты:
Білімділігі: Гүлзардағы раушангүлімен
таныстыру.Раушангүлін танып,
басқа гүлдерден айырмашылығын
айтып беруге үйрету.
Дамытушылығы: Олардың тұрмыста қолданылуы,
пайдасы туралы түсіндіру. Тәрбиелігі: Қамқорлық сезіміне тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Жұмыс дәптері, раушангүлінен
жасалған шай, сусын, раушан-
гүлінің күлтелері.
Іс-әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық | Шаттық шеңбері:
-Балалар, бәрімізге де достарымыздың көтеріңкі көңіл күймен жүргені ұнайды. |
Балалар өздерінің жылы лебіздері мен тілектерін айтады. |
Ұйымдастыру- іздестіру | Рауангүлінің балалар, бірнеше түрі бар,олардың өзара ерекшеліктері болады.
-Рауаншангүл –гүлдердің патшайымы. Оның да басқа гүлдер сияқты тамыры, сабағы, жапырағы және әдемі гүлі болады және олар жай маусымында гүлдейді.Раушангүлі түсі мен көлеміне қарай әртүрлі болып келеді.Бөлмеде өсіретін раушангүлі де болады. Раушангүлінің күлтелерінде әртүрлі дәрумендер бар. Раушангүлінен алынған майды адамдар тісі ауырғанда пайдаланады және суға шомылғанда қолданады. Бірінші «Әлеуметтік» орталығындағы балаларға раушангүл күлтерінен шырын дайындаудың жолдарын түсіндіреді. Екінші «Таным» орталығындағы балаларға раушангүлді құраытыру тапсырылады. «Кім жылдам?» ойыны. Дәптермен жұмыс. |
-Барлық раушангүлінде тікенектер болады. Барлығы да топырақта өседі.
Бірінші орталықтағы балалар раушангүлінің күлтерін жуып,банкаға салып, қант қосып шырын жасайды. Екінші орталықтағы балалар қағаздан қиылып берілген раушангүлдің күлтерін түстеріне қарай біріктіріп, құрылысын ретімен орналастырады. |
Рефлексивті –түзетушілік | Тәрбиеші балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды | Сабақтағы көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді.
|
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек:
|
Гүлзарда өсетін раушангүлі өсімдігін танып, айтып беруді. |
Нені игереді: | Раушангүлінің түстері мен көлеміне қарай әртүрлі болатындығын, олардың басқа гүлдерден айырмашылығын көрәп, айтып береді. |
Нені біледі: | Өсімдіктерді бей-берекетжұлмау керектігін, оларды күтіп-баптауды, раушангүлінен шырын жасауды. |
Технологиялық карта №10
Айы: Қараша.
Аптасы : _______
Күні: 12.11.2015 ж
Тақырыбы: Күз бейнесі.
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Сурет салу.
Мақсаты:
Білімділігі: Балаларды табиғатты бейнелеу
жанрымен таныстыру.
Дамытушылығы: Балалардың күзгі табиғаттан өздері
бақылағандарын суретте бейнелеп
көрсете білу дағдыларын
қалыптастыру.
Тәрбиелігі: Отанды, табиғатты қорғауға
тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Күз мезгілінің суреті.Саңырауқұлақ
суреті.
Іс-әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық | Күзгі орманға саяхат.
Балаларды бір-бірінің артынан тұрғызып жүргізеді, күзгі орманда нені көруге болатыны жайлы сұрайды. |
Балалар қойылған сұрақтарға толық жауап береді. |
Ұйымдастыру- іздестіру | «Кім тез құрастырады?» дидактикалық ойыны.
Балалар қиық суреттерден саңырауқұлақты құрастырады. Сергіту сәті: Саңырауқұлақ болайық, Тізе бүгіп отырайық. Жаңбыр жауса көтеріліп, Өсіп-өсіп алайық. Күзгі орман бейнесін, ағаштарды, қызыл-сары жапырақтардың көп түсіп жатқанын бейнелеуді тапсырады. -Бірінші түзу сызық сызып алып, оның екі ұшын сопақша дөңгелек жасай отырып қосамыз, бұл саңырауқұлақ қалпағы болады. Саңырауқұлақтың сабағын салу үшін қалпағының астыңғы бөлігінен екі нүкте белгілеп алып, оны түзу сызық сыза отырып дөңгелектеп, екінші жақ бөлігіндегі нүктеге жеткізе сызамыз. Қылқаламды еркін ұстау,батыл жүргізу туралы кеңестер беріледі. Жақын тұрған саңырауқұлақ бейнеленген болса үлкендеу етіп салу, ал алыста тұрған саңырауқұлақ бейнеленсе кішілеу етіп салу керектігі айтылады.
|
Екі бала саңырауқұлақ құрастырады.
Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.
Саңырауқұлақтарды қылқаламның ұшымен жеңіл сүйкей жағу тәсілімен салады. |
Рефлексивті –түзетушілік | Тәрбиеші балалардың жұмысына талдау жасап, жақсы салынған суреттерді көрмеге іледі.
|
Балалар бір-бірінің суреттерін көріп тамашалайды.
|
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек:
|
Күзгі табиғатта өздері бақылаған жайларды суретте көрсете білуді. |
Нені игереді: | Жағу, басу арқылы жалпақ, жуан із қалдыру, көлденеңінен жағуды. |
Нені біледі: | Фигуралар салу арқылы бейне жасауды. |