Басы » Қазақ тілі мен әдебиеті » «Әдебиет әлемінде» сайыс сабақ

«Әдебиет әлемінде» сайыс сабақ

Ақтөбе облысы
Алға ауданы
В.И.Пацаев атындағы №2 Алға орта мектебі
Сарсембаева Мирамкул Серикбаевна
«Әдебиет әлемінде» сайыс сабақ

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, олардың дүниетанымын, ой-өрісін кеңейту арқылы таным, білім дағдыларын қалыптастыру.

Сайыс кезеңдері

І кезең  «Таныстыру»

II кезең  “Авторын тап”

III кезең  “Дода”

IV кезең  “Сандар сөйлейді”

V кезең  “Лабиринт”

VI  кезең   Бұл не? Бұл кім?

Сонымен, сайысқа қатысушылар өз сәлемдерін жолдайды:
І кезең  «Таныстыру»

1-ші топтың аты – «Бірлік», ұраны

«Бірлігі жоқ ел тозады, Бірлігі күшті ел озады»

 

Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,

Көрсетеміз бізде қандай күш барын.

Алға қойған мақсатымыз бір екен,

Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.

 

2-ші топтың аты – «Достық», ұраны

«Досы көпті жау алмайды, Ақылы көпті дау алмайды»

 

Армандарға қол созумен келеміз,

Өмір теңіз жүзіп келеді кемеміз.

Білімменен қаруланған тобымыз,

Қарсыласты шаң қаптыру межеміз.

М:  «Бәйгеге түсіп жарыспай,
        Жүйріктің бағы жанар ма?
        Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие білім табар мән.

 

II кезең  “Авторын тап”

1.Қайрат  пен  ақыл  жол  табар

Қашқанға  да қуғанға.

Әділет  шапқан кімде  бар,

Сол  жарасар  туғанға      (Абай “Әсемпаз  болма  әрнеге”)

  1. Бұл сөзім асып  айтқан  асылық  емес,

Ойында  оты  барлар  асылық  демес.

Тебем  деп  тірі  болсам  надандықты

Серт  етіп  өз-өзіме  еткем  егес. (С. Торайғыров “Шығамын тірі  болсам  

                              адам  болып”)

3.Сен оны құрметте

Түсіндің бе, қарағым.

Сенің келешегің үшін берді ол,

Азаттық жолында аяғын ( Ә. Сәрсенбаев)

 4.Өзім – тәңірі, табынамын өзіме,

Сөзім – құран, бағынамын сөзіме!

Бұзушы да, түзеуші де өзіммін,

Енді, ескілік, келдің өлер кезіңе!  (М. Жұмабаев)

5.Анау не жарқыраған,

Аспаннан тартып алам.

Мынау не сарқыраған?

Қалайша сарқылмаған?   (Ә. Табылдиев.)

III кезең  “Дода”

М:  «Білім деген биік шың
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер.» Келесі кезең- «Дода»

1.Тіл — адам ойының … (айнасы)

2.Аңдамай сөйлеген … (ауырмай өледі)

3.Ойнап сөйлесең де… (ойлап сөйле)

4.Тисе терекке, тимесе … (бұтаққа)

5.Айтылған сөз, … (атылған) оқпен тең

6.Бал тамған тілден … (у)  тамар

7.Көп сөз — … (бос сөз)

8.Көп сөз — күміс, аз сөз — … (алтын)

9.Жасыңда қылжаң болсаң, өскенде …(мылжың)   боласың.

10.Таза сөйлеу – биік … (мәдениеттілік

  1. Жолдасы жақсы жолды болар, (жолдасы жаман қолды болар).
  2. Ұсталы ел озар, (ұстасыз ел тозар).
  3. Дос жылатып айтаты (Дұшпан күлдіріп айтады).
  4. Ерлік білекте емес, (жүректе).
  5. Талапты ерге (нұр жауар).
  6. Ақылды қария – (ағып жатқан дария)
  7. Досы көпті жау алмайды, (Ақылы көпті дау алмайды).
  8. Жігіт бір сырлы. (Сегіз қырлы болсын).

19.Туған жердей жер болмас        (Туған елдей ел болмас)

  1. Ел үмітін (ер ақтар).

 

IV кезең  “Сандар сөйлейді”

М:«Көңілді, тапқырлар, білгіштер
Бар өнерін алдарыңа салады.
Кім білімді, көп оқыған болса, егер
Бүгінгі күн жеңімпазы болады. » — деп келесі кезеңді бастаймыз. 

4000:2-127= 1873 ж. Ахмет Байтұрсынұлы)

1000*2-106= 1894 ж. Сәкен Сейфуллин)

2000+125-228= (1897 ж. Мұхтар Әуезов)

 

V кезең  “Лабиринт”

М: Қарап тұрмай бәйгеге сіз еніңіз,

Сұрақтарға нақ жауап беріңіз.

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар,

Келесі кезеңді де көріңіз,

1.Е, жарандар,  жарандар,
Бәрің де бермен қараңдар!
Бүгін жатып түс көрдім,
Түсімде жаман іс көрдім,
Заманым менің қағынды,
Қағынбаса  не  қылды?
Бір арыстан өзіме шабатұғын көрінді.
«Алпамыс батыр» жырындағы Тайшық ханның түсі.

2.Отыз бірінші қара сөзі

  1. Ал көк сиыр басталды,-деді жұрт.

Көк сиырдың дауынан құтылар күн болар ма екен?

Айта беріп қайтеді екен?

4.Қазақтың “қоянды қамыс,ерді намыс өлтіреді” деген мақалын білуші ме едің…

VI  кезең   Бұл не? Бұл кім?

 М.Әуезовтің “Көксерек” әңгімесі

 Жамбыл Жабаев

Мағжан Жұмабаев

 

 Қорытынды:

Ортаға  « Сиқырлы қалта» топ ете түседі, ішінен смайликтер пайда болады.  Әр смайликтің артында тілек сөздер жазулы тұрады, әр бала өздерінің сол жақтағы көршілеріне тілектерді оқи отырып табыс етеді.

Осымен сайыс сабағымыз аяқталды, сау саламатта болыңыздар!

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *