Алматы облысы Алакөл ауданы
«№2 Қабанбай орта мектебі
мектеп жасына дейінгі шағын
орталығы бар»коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің
дефектологы
Кенешева Индира Маратовна
Тақырыбы: Геометриялық пішіндерді ажырата білуді үйрету
Мақсаты: Танымдық әрекеттерін жетілдіру, өздігінен жұмыстануға баулу.
Көрнекілігі: Геометриялық пішіндер, мазмұнды суреттер, желім, түрлі-түсті қағаздар.
Түрі:Сұрақ-жауап, түсіндіру
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Шаттық шеңбері
-Сәлеметсіздер ме балалар!
Біз бәріміз доспыз қане, бір-бірімізге әдемі күлкімізді сыйлайықшы.
ІІ.Жаңа сабақ.
Бүгінгі бәз дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш, ұғымдары туралы әңгімелеп үйренеміз.
Алдымен дамыту жаттығулары:
а/ саусақтың ұшымен күйсандықта ойнау /ноталарды айту: до, ре, ми, фа, соль, ля, си…/.
ә/ саусақтың ұшымен «өрмекші» болып алға өрмелеу /тақпақ қайталау/
Өрмек тоқып өрмекші,
Өрмелейді ілгері.
Оқу іс-әрекетін «Көшеде» тақырыбындағы әңгімеден бастайық.
-Мына суретке қараңдаршы, не көріп тұрсыңдар?
-Көше қиылыстарында жолаушылар мен көліктердің жүрісін реттеп тұратын бағдаршам бар, оның үш көзі бар, олар дөңгелекке ұқсайды.
Бағдаршам тақпағын тыңдап, қайталау.
Бір көзім «Кідір» дейді
Бір көзім «Жүгір» дейді
Бір көзім «Абайла» дейді
Бағдаршамның көздеріне байланыстырып, орындарына жапсыру.
-Қазір жылдың қай мезгілі? Қыста балалар далада ойнайды, солай ма?
Мына суреттерде қалада және ауылда ойнап жүрген балаларды көріп тұрмыз. Айырмашылықтарын айтайықшы.
Мына текшелерден үй құрастырайық. Төртбұрышты және үшбұрышты текшелерді алып, ортаға үй салу.
Құрастырылған үйдің пішіндерін атау. Үшбұрыш-тұйықталған сынық бұрыш. Төртбұрыш-төрт бұрышы тік болатын бұрыш.
Қағаз бетіне пішіндерден үй тұрғызу./математикалық жиынтық-үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек, жұлдызшалар/
ІІІ.Сергіту сәті.
«Топтай біл» ойыны
Төменде берілген сөздерді тиісті бағанға жаз
Қар, сары жапырақ, ыстық, жаңа жыл, қыркүйек, жылы, алма піседі, құстар ұшып келеді.
қыс көктем жаз күз
ІҮ.Қорыту.Мадақтау.
[bws_related_posts]