Басы » Бастауыш сыныптар » Отаным десем ойыма…

Отаным десем ойыма…

 

 

 

Ақтоғай орта мектебі

Отаным десем ойыма…

танымдық  шара

Өткізген:  Л.Адильшиева

Сыныбы: 2б

Отаным десем ойыма…

 

Мақсаты:  Балаларды Отанды сүюге, Қазақстан Республикасының рәміздерінің қастерлеуге, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыруға тәрбиелеу мақсатында олардың сөздік қорларын көбейтіп, еңбекке, адамгершілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу. Туған елінің болашағына үлес қосып, елі, жері үшін қызмет етуге тәрбиелеу. Ұлттық тілді жақсы меңгеруге, ұлтжандылық сезімді қалыптастыруға ойлау, танымдылық қабілеттерін арттыра отырып, өнерге баулу.

Залдың іші мерекеге лайық безендірілген.

Көк тудың желбірегені әнінің әуенімен балалар залға қолдарына көк туларын желбіретіп кіреді.

 

Мұғалім:  Армысыздар, құрметті ұстаздар, қадірменді қонақтар! Біздің  «Отаным десем ойыма..» атты танымдық шарамызға қош келдіңіздер! Балалар сендер Тәуелсіз мемлекетте жарқын өмір сүріп жатқан бақытты бүлдіршінсіңдер. Өмірлерің мәнді де сәнді болсын, аспанымызды бұлт шалмасын деп тілек тілеп шарамызды бастаймыз.

— Жамбыл атамыздың мына бір өлең жолдары есіме түсіп отыр.
Отанымдесемойыма…
Шалқығанбайтақжеркелер,
Отанымдесемойыма…
Көгілдіртартқанкөлкелер.
Баурайыбайлық, қойнықұт
Отанымаешқашанмекен де болмастеңкелер.

 

— Ал, сендерОтанжайлы не айтасың?
Ал, балалар «Отаным десем ойымызға» не түседі, ойланып көрейікші.

Қазақстан, Отан деген сөздермен қатар рәміздерімізге бірге жүреді. Рәміздер туралы кім айтар екен? Балалардың  жауаптары тыңдалады.

Біз Отанымызды сүйеміз, құрметтейміз, Отан туралы одан әрі тереңірек мағлұмат алу мақсатында әрі қарай жұмыс жасайық

«Құпия сандық» Балалар тақтаға қараңдар.

Не көріп тұрмыз?

-Мұңайып тұрған күнді көріп тұрмыз.

-Ал мына сандықтың ішінде не бар деп ойлайсыңдар?

-Күннің шапағы.

Дұрыс айтасыңдар, құпия сандықтан күннің шапағын алыңдар. Әр шапақта сөздер жазылған. Мен сендерге сұрақтар қоямын. Дұрыс жауабын тақтаға ілесеңдер,біздің күніміз жарқырай түседі.

  1. Тәуелсіздік сөзі нені білдіреді? Бостандық
  2. Астана қаласының символы. Бәйтерек
  3. Президент резиденциясында, Үкімет үйінде ілулі тұрады. Барлық мекемелерде жоғарыда ілініп тұрады. (Ту)
  4. Маңызды салтанатты жиында орындалады.  (Гимн)
  5. Тұңғыш Президентіміз. Н.Ә.Назарбаев
  6. Мемлекеттік туда бейнеленген құсты ата. Қыран бүркіт
  7. Есіл өзенінің екі жағына орналасқан қала. Астана.
  8. Мемлекеттік елтаңбада бейнеленген жануар. Қанатты пырақ.
  9. Мемлекекттік Елтаңбада кездесетін аспан денесі. Жұлдыз
  10. Туелсіздік күні қай күні жарияланды. 16 желтоқсан 1991 жылы
  11. Бәйтеректің биіктігі неше метр? 97 метр.
  12. Мемлекеттік тіл. Қазақ

 

Хор: Жас Ұландар әні

 

«Жұлдыздар жарқырайды» адасқан әріптер.

 Жұлдызшадағы адасқан әріптерді орынына дұрыс қойсақ жұлдыздарымыз жарқырай түседі.

ТОАН ТЕРЕКЙӘБ
ЗААТ ТАҢБАЛЕ
ЗАҚҚА ТАНСҚАЗАҚ
УТ НҰРАӘН
ТАНААС ІЛТ
БАСЫЛЕ АТЫАУР

Тапсырма орындалып болғанша Қырым Асылай  М.Мақатаевтың «Отан» өлеңін оқиды.

 

 

Топтық жұмыс  «Қазақстан», «Тәуелсіздік» сөздерін топтастыру

 

«Елге тілек -Бейбітшілік ұялаған «Бәйтерек»

Ал, балаларымыз туған елімізге қандай тілек білдірер екен? Ол үшін сіздерге тірек сөздер ОТАН, ДОСТЫҚ, БІРЛІК,МЕЙРАМ, АРМАН, ТӘУЕЛСІЗДІК, БІЛІМ,  БЕЙБІТ, ЕГЕМЕН, ЕЛБАСЫ,ТЫНЫШТЫҚ,ДЕНСАУЛЫҚ. Осы сөздерді гүлдерге  жазып балаларға таратып беремін.  Балалар өз тілектерін айта отырып қолдарындағы гүлдерін тақтаға жабыстырады. Бәйтерек бейнесі шығады.

Бәйтерек туралы ертегі

«Көктөбенің басында, алып көк теңіздің жағалауында өмір ағашы — Бәйтерек өседі екен. Жыл сайын Бәйтеректің бұтағындағы ұясына келіп, киелі Самұрық құс күн бейнелі алтын жұмыртқа салады екен. Бірақ жыл сайын айдаһар-жылан сол күнді жеп қояды. Бұл көрініс күн мен түннің, қыс пен жаздың ауысуын, қайырым­дылық пен зұлымдықтың, жарық пен қара түнектің күресін астарлы түрде бейнелейді. Аңыз бойынша Ер Төстік жыланды өлтіріп, Самұрық құстың алтын жұмыртқасын аман алып қалады, ал осыған разы болған құс оның жер асты патшалығынан шығуына көмектеседі. Киелі ағаш туралы аңыз — бейбітшілік пен келісімде өмір сүруге ұмтылған жаңарған Қазақ­стан мақсатының көрінісі».

Мәртебеміз бәйтеректей биік, жұлдызымыз жарқырап, өміріміз гүлдей жайнасын деген тілек білдіремін.

 

Хормен :        Отан,Отан бәрінен биік екен

Мен сені мәңгілікке сүйіп өтем.

 

 Қорытынды. Мұғалім: Еліміздің ертеңі, болашағымыздың тірегі Ұл балаларымыздың орындауындағы  «Атамекен» әнімен қорытындылаймыз.

[bws_related_posts]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *