Басы » Tәрбие сағаттары » Жақсылық жасай білейік

Жақсылық жасай білейік

Сабақтың тақырыбы:Жақсылық жасай білейік

Мақсаты:Оқушылардың “қайырымдылық, ” “қамқорлық,” “жақсылық” құндылықтары туралы түсініктерін қалыптастыру.
Міндеттері :

-Жақсылық жасаудың адами қарым қатынастағы мәнділігін түсінеді .

-Жақсы істер жасай біледі және қайырымды қамқор бола алады .

-Оқушылар бойында жақсылық ,адалдық, шыншылдық сыйластық қалыптасады .

 Көрнекі құралдар: суреттер, жақсылық туралы сөздер ,интерактивті тақта,

Сабақтың барысы

Оқушылар Шаттық шеңберіне тұрып өлең шумақты айтып береді.  

Үлкенге де “Сіз,”

Кішіге “сіз ,“

Бар адамға құрметпен,

Бас иеміз

Оқушылар түрлі кәмпиттер арқылы топқа бөлінеді .

 І- топ Достық

ІІ- топ Мейірімділік

ІІІ- Топ Сыйластық

Оқушылар  топтың аты,ұранын,әнін орындайды .

Оқушыларға өзіңді таны өлеңін оқып беру .

Жақсы болу – өзіңнен,

       Жаман болу – өзіңнен.

        Өзіңді-өзің ая  да,

       Өзің үйрен, өзіңнен.

  Жақсылық көрсең біреуден,

 “Мен қандаймын?” деп ойла.

   Өзіңді-өзің қолыңа ал,

    Өзіңсің – ақыл айнасы.

    Тиеді саған мәні бар

   “Өзіңді тану” пайдасы.

           Ө.Ақылбеков

 ІІ-Ой жинақтау 

Жақсы болу – өзіңнен,

 Жаман болу – өзіңнен деген өлең жолдары туралы қандай пікір айта аласыңдар ?

Ақынның жақсылық көрсең біреуден , “Мен қандаймын ”деп ойла деген сөзіне көз қарастарың қандай ?

Мұқағали Мақатаев ағамыздың  «Адамға деген сеніммен»өлең жолдарын бейне таспа арқылы көрсету .

Жақсылық жасау дегеніміз өздерің айтқандай адамдарға, айналаға, табиғатқа, қайырымдылық пен қамқорлық жасауды, көмек көрсетуді білдіреді. Адамдардың бір-біріне жиі жақсылық жасауы оларды жақындастырады, достастырады. Олардың бір-біріне деген сыйластығы артады. Жақсылық жасау-адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Жақсы адам қол ұшын беруге, жәрдем етуге, жанашырлық танытуға, көмек көрсетуге, қолдау жасауға әрдайым дайын тұрады. Риясыз жақсылық жасау — биік адамгершіліктің белгісі.

Биязы мінез тіл алғыш,,

Бал-бұл жанып жүретін,   

Бауырмалдық сол — ?         (жақсы)

Беті-қолың кір-кір боп,

Берекесіз ыржақтап

Бейбастық өссең сол — ?   (жаман) суреттер бойынша әңгімелеу

 

Жақсылықтан үйреніп,

Боламыз біз жақсы адам.

Жамандықтан жиреніп,

Үлгі аламыз жақсыдан

Ойын   «ашулы бұлттар ойыны » бұлттар көзін ашу арқылы тақырыпты ашып айтады .Сабақтың тақырыбы. Жақсылық жасай білейік.

  Мұғалім оқушыларғы   С. Бағай  Жақсылық жаса өлең шумағын оқып береді
Жақынды досты  аяла,
Қанаттың сонда талмады.
Барыңды жұрттан аяма,
Жақсылық жерде қалмайды.
Жайдары жүзбен жарқыра,
Қатыгез болу-сол қайғы.
Қайырымды бол халқыңа,
Жақсылық жерде қалмайды.

Жақсылыққа жақсылық  ертегісін бейне таспадан тыңдату .

 

Сенің пікірің қандай?

Жамандыққа ерсең жаман боласың.

Жақсылыққа ерсең жақсы боласың  деген ой туралы қандай пікір айта аламыз ? оқушылардың пікірін тыңдау .

Мұғалім

Қуанамын менде,

Қуанасың сенде.

Қуанайық достарым ,

Арайлап атқан күнге

Күлімдеген күн көзі ойыны

Жақсылық жасау үшін адам бойында қандай қасиеттер болу керек ?  оқушылдар күннің шуағана жақсы сөздержазып постер қорғайды .

Мейірімділік жүректен,

Мейірімсіздік білектен.

Жақсылық жасай білейік

Әрқашанда ізетпен

Кемпірқосақ сырлары:Оқушылар ертегілер мазмұны бойынша ертегілерді көрініспен көрсетеді .

 Көрініс

І топ Қарлығаш пен Дәуіт ертегісі.

ІІ- топ Арыстан мен тышқан ертегісі.

ІІІ- топ Аю мен тышқан ертегісі.

Сержанали Алибектің өлеңін  бейне таспадан тыңдату . Мен сені жақсы көрем әні .

Сергіту сәті Балдырған баламыз. (Өзін көрсетеді.)

Досты көп табамыз. (Құшақ жаяды.)

Қашан да, қайда да,

Достар бір-біріне (Бір-біріне қарайды.)

Сенімді боламыз. (Қол алысады.)

Табиғатқа қамқор боп,
Байлығын біз қорғайық.
Ата – анаға қамқор боп,
Асыл мұрагер болайық.
Досымызға берік боп,
Тату-тәтті болайық.
Әдепті де, тәртіпті
Жақсылығын қолдайық.
Мақал- сөздің мәйегі  Сылдыраған су тапсырмапсы

 

 

1 — топ                                                                                    
1.Жақсылық   ағаш басында,
Жамандық  аяқ астында.
2. Ұлың  жақсы болса,
Өрісің кеңейеді.
Қызың жақсы болса,
Қонысың кеңейеді.

  1. Жақсының әрқашанда жолы ашық

2 — топ
1.Жамандық қылсаң жасыр,
Жақсылық  көрсең асыр.

  1. Жақсы туса ел ырысы,
    Жауын жауса жер ырысы.

3.Сыйласуға ел  жақсы ,

Сырласуға  дос жақсы.

3 — топ
1. Жақсынының жақсылығын айт, нұры тасысын.

2.Достың  жақсысынан 

Тонның жаңасы жақсы.

  1. Жақсылық жүрген жерде таршылық болмайды.

Оқушылар өздері білетін мақал-мәтелдер айтқызу .

Сиқырлы дәйек сөздер ойыны

Біреуге жақсылық етсең өз жақсылығыңды міндет  етпе

Ы.Алтынсарин 

Жақсылыққа жақсылық — әр кісінің ісі, жамандыққа жақсылық — ер кісінің ісі    Халық даналығы

Шынайы жақсылық адамдарға дегеншексіз мейірімділікпен көрінеді.

Жан.Жак Руссо

 

Жақсы сөз – жақсы тілек,
Болайық ізгі ниетті.
Жақсы ойлап кісіге,
Тілейік үлкен – кішіге

Айналадағы адамдарға қандай жақсы сөздер айтар едіңдер?

Қандай жаман қылықтардан аулақ болар едіңдер?

Оқушылар өз ойларын эссе арқылы жеткізу .

Жақсылық жасау – тым қиын емес

Жақсылық жасау, қайырымдылықпен айналысу бізге бір қиын секілді көрінеді. Ол үшін арнайы уақыт бөліп, өзге дүниені ұмытуға тура келетіндей.

 Ал кейде тіпті жақсылықтың қайтарымын, бағалануын күтеміз.

Көңілі ақ, адал адам бола білу тым қиын дүние емес .

Кері байланыс парағы

 І -топ Достық ағашы

ІІ- Мейірімділік гүлі

ІІІ- топ Сыйластық құсы әр топқа кері байланыс парағын беремін ,әр оқушы өзойын жеткізіп өзінің топтарына жапсырады .

Айналамызға қарап жақсылық жасай білейік.

АҚШ-та «Алғыс айту және жақсылық жасау » мерекесі аса көңілді күндердің бірі болып есептеледі. Көргеніңіздей, жақсылықтың үлкен-кішісі деп емес, оның бар болғаны ғана пейілімізді жақсылыққа бұруға көмектесе түседі. Өмірде жақсы адамдар бар, олар көп..

 Себебі Жақсылықты бұлдамаған дұрыс қой. Жаксылык кейде аяк астынан  жасалады,кейде  ойламаған кездерде болып калады.  Өмірдегі жақсы адамдардың саны арта берсін, сонда жақсылықтар көп болады. Адамдар бір- біріне жақсылық жасаудан жалықпаса,өмірде сыйластық,қамқорлық, достық, сүйіспеншілік қарым- қатынаста болады, ал қоғамда татулық, бірлік, ынтымақ орнатылады.

 

№44 орта мектеп

Сабақтың    тақырыбы:

Жақсылық жасай білейік

 

 

 

Сынып :4 «Б»

Өткізген күні :23қазан

2015-2016 оқу жылы

4  «б» сынып оқушыларымен өткізілген ашық тәрбие сағатының хабарламасы  

Тәрбие сағатының тақырыбы :Жақсылық жасай білейік

Тәрбие сағатына барлық оқушылар белсене қатысты. Себебі оқушыларға мұғалім қызықты тапсырмалар беріп отырды.Әрбір  тапсырмалар  барысында оқушылар өздерінің қызығушылықтарымен  қатысып, өздерінің ойларын ашық жеткізіп отырды .Сабақ барысында оқушылар түрлі кәмпиттер түрімен топқа бөлініп,өздерінің топ атын,ұранын ,әнін айтып өтті. Оқушыларға мұғалім жақсылық туралы өлең жолдарын оқып беріп ,осы өлеңде не туралы айтылғаны туралы өз ойларын жеткізе  білді .

Келесі тапсырмада Мұқағали Мақатаев ағамыздың «Адамға деген сеніммен »атты бейне ролик көрсетілді. Бейне роликті оқушылар көре отырып , өз ойларын ашық айтты. Жақсылық жасау туралы жақсы сөздер арқылы білгендерін жеткізе білді .Оқушыларға қызықты жұмбақтар жасырылып, «Ашулы бұлттар» ойыны арқылы сабақтың тақырыбын мақсатын аша білді. Келесі тапсырма оқушыларға өте қызықты болды .Себебі бейне таспадан «Жақсылыққа жақсылық »ертегісі тыңдатылып оқушылардан сұрақ -жауаптар алынды . Әр топ күлімдеген күннің көзіне жақсылық туралы ізгі сөздерді жазып постер қорғады .Бұл тапсырмада да оқушылар белсене қатысты .

Келесі тапсырма  «Кемпірқосақ сырлары »деген тапсырма бойынша әр топқа ертегі түрлері берілді .Әр топ өздеріне берілген ертегілерді мазмұны бойынша сахналық көрініспен көрсете білді .Бірінші топ оқушылары өте қызықты етіп ереше көрсете білді .

Сергіту сәтінде бейне таспадан әнші Сержан Алибектің   «Мен сені жақсы көрем әні » тыңдалып оқушылар ерекше әсер алды .

Келесі тапсырмабойынша « Сылдыраған су»тапсырмасында Мақал –мәтелдерді жатқа айту және тақтадағы Мақал сөздің мәйегі атты берілген мақалдардың жалғасын тауып айтып ,мағынасын ашып айтып берді .  бұл тапсырма бойынша оқушылар белсене қатысып отырды .Оқушыларға өте қызықты болған тапсырма «Сиқырлы дәйекті сөз » тапсырмасы .Әр топ оқушыларына сиқырлы қораптан шықан  сөздерді құрастырып,мағынасын ашып түсіндіре білді .Айналадағы адамдарға қандай жақсылық жасар едік деген сауал бойынша әр топ өз ойын жеткізе білді .

Кері байланыс парағын әр топ оқушыларына  берілді ,оқушылар өздерінің  жақсы және ізгі сөздерін жазып ,Достық ағашына ,Мейірімділік гүліне , Сыйластық құсына  жапсырды .Сабақ ты қорыту барысында бейне таспадан «Ата-анаға  жақсылық жасай аламыз ба?» атты бейне ролик көрсетілді .Оқушылар осы сабақтан алған әсерлері ерекше болды. Барлық оқушылар сабаққа өздерінің белсенділіктерін көрсете білді ,және сұрақтарға ерекше жауап беріп отырды .Сабақққа белсене қатысқан оқушылар : Амангелді  Іңкәр, Мұрат Диана, Жеңісбек Бибінұр, Мырзахан Жания, Айтмағамбетов Аманжол, Еңсебек Өркен,кенжебекқызы Аяжан және тағы басқада оқушылар.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *