Қазақ биі «Ерке сылқым» орындайтын «Нарцисса» бишілер тобы!
Ербұлан: Ассалаумағалейкум халайық!
Алдымен сәлемдесіп алайық.
«Саз әлемі» жас мамандар жобасын,
Рұқсат болса, біздер бүгін бастайық!
Айгүл: Армысыздар қадірменді халқым менің!
Ардақта дәстүріңді, салтынды елім.
Дәл бүгін жас мамандар жобасында,
Сездірсін егемен ел жарқын лебін.
Тербетіп тұрса болды, жер бесігін,
Дәулеттің тілемеймін көл көсірін.
Көз тимей кірбін түспей қабақтарға,
Жалғыз-ақ құтты болсын енді осы күн!
Аида: Кеш жарық, құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылар!
Тәуелсіздік мерекесі қарсанында ұйымдастырылып отырған «Жас мамандар» арасындағы «Саз әлемі» жобасына қош келдініздер!
Сіздерді көп күттірмей жобаға қатысушы жас мамандарымызды сіздердің қошеметтерінізбен ортаға шақырамыз!
Өнерлі сайыскерлер андап басып
Келеді міне ортаға толқып тасып
Сәттілік тілеп тұрып өздеріне
Қошеметпен қарсы алайық амандасып
- Аида: Абдирзакова Альбина мен Бегалы Жұмаәділбек
- Айгүл: Жантуреева Гүлнұр және Сарбасова Райхан
- Ербұлан: Сарсенова Құралай және Қазмуханбет Зинира
- Аида: Умбетиярова Гаухар және Сүндет Жансерік
- Айгүл: Бексұлтанова Бақыт және Губайдуллина Аяжан
- Ербұлан: Адильмуканова Маргарита және Құрбанбаева Малика
- Аида: Мұратова Асемгуль және Есбосын Альбина
- Айгүл: Джанибекова Света және Исатаева Салтанат
- Ербұлан: Барсаева Айдана және Мырзағали Сандуғаш
Ербұлан: Енді қатысушы жұптарымзды жобаның шарттарымен танысытырып өтейік. Жоба 2 бөлімнен тұрады:
- «Құлақтан кіріп бойды алар, әсем әнмен тәтті күй» яғни қазақ әнін орындауы тиіс.
- Аида: «Болмасан да ұқсап бақ» немесе « Мың бұрала билеген» яғни қатысушыларымыз өнер адамдарына пародия жасап немесе би өнерін көрсету керек.
Айгүл: Бүгінгі жобамызға төрелік етіп, әділ баға беретін әділ қазылар алқасымен таныс болыныздар!
1) Халық қамын, елдің жайын ұғатын
Көпшіліктің көңілінен шығатын
Әділ қазы Мадина Керейханқызы
Бізге қарай бір бүйрегі бұратын (әділ қазы мүшесі қала әкімінің орынбасары Сүйінғарина Мадина Керейхан қызы)
2) Аида: Ол біледі сол өнердің ләззатын
Гүлзира Шырынхан қызы әділ қазы ортада
мәдениет пен егіз еткен өз атын (аудандық мәдениет үйінің директоры Әбілова Гүлзира Шырынхан қызы)
3) Ербұлан: Ол жастардың болашғын ойлаған
Ауыл жасын қамқор болған қорғаған
Жандос Махмуд ұлы әділ қазы мүшесі
Жастар ісін, жастар ойын қолдаған (ауыл жастар одағынын жергілікті өкілі Жандос Махмуд ұлы)
4) Айгүл: Түсінетін ән әуенді саралап
Музыканын ұлылығын даралап
Жанат әділ қазы мүшесі
Сын айтатын сайыскерді бағалап (музыка мектебінің директоры Жанат )
5)Аида: Көңілі оның күй көктем
Би өнерін үйреткен
Тал шыбықтай аруларды
Мың бұрала билеткен ( биші Тасмағамбетова Ляззат Рамазан қызы)
6) Ербұлан: Белгілі «Назар» тобын білесін бе?
Кім лайық осы атаумен бұл есімге
Қуандық Нұралы ұлы әділ қазы
Түсінген ән өнерді үлесім деп («Назар» триосынын әншісі Қуандық Нұралы ұлы)
7) АйгҮл: Құрмет тұтып сыйлай білген баршасы
Ізгілікке толы оның ортасы 2
Бұл жобаға төрелігін айтатын
Жомарт Мырзабек ұлы әділ қазы алқасы (әділ қазы төрағасы мектеп директоры Шабаров Жомарт Мырзабек ұлы)
Аида: Жас маман сәтті өтсін сайыстарың,
Жеңіске жетпесең де қамықпағын.
Жеңісті бәріңізге тілейміз біз!
Бір-бірінен өнерден қалыспағын, – дей келе «Біз» сайысымызды бастаймыз. Сіздерге ақ жол, сәттілік пен шыдамдылық тілейміз! (кетеді)
Ербұлан: Аида апай, осы сіз кезінде география сабағын нешеге оқыдыңыз?
Аида: Жаман емес! Оны неге сұрадың ?
Ербұлан: Сұраған себебім біздің алғашқы сайыскеріміз география пәнінін мұғалімі.
Аида: Атамекен туып өскен мекенім
Сені мәңгі әнге қосып өтемін!
О, туған жер, өзің аман тұрғанда.
Талай арман мақсаттарға жетемін – дей отыра сахнаға Жантуреева Гүлнұр мен Сарбасова Райханды «Атамекен» әнімен ортаға шақырамыз!
Ербұлан: Енді әділ қазылар өз бағаларынызды беріп кетсеніздер…
Ербұлан: «сен келгенде Ақжайнақ
шай орамал бір байлап»
Аида: Неткен керемет ән!!!
Ербұлан: Аида апай, осы әнді тындағыныз келе ме?
Аида: Иә
Ербұлан: Олай болса Абдирзакова Альбина мен Бегалы Жұмаәділбектің орындауында «Ақжайнақ» әні. Қабыл алыныздар!
Аида: Ербұлан, сеніңше, дүниедегі ең асыл жан деп кімді ойлайсың ?
Ербұлан: Әрине, ол бізді жарық дүниеге әкелген аяулы АНА!
Айгүл: Жан барма бұл жалғанда жыламаған,
Сүрініп жығылмаған құламаған.
Өмірде жақсы көру жек көру бар,
Бұл занға бағынбайды бірақ адам.
Кінәлі болсаң өзін кінәләған,
Ол сенің әкеңде емес, жарын да емес.
Мәнгілік құл болуға шыдар ана!
Ербұлан: Ендеше ортаға «Аяулы ана» әнімен Адильмуканова Маргарита мен Құрбанбаева Маликаны шақырамыз!
Айгүл: Қазақстан дейтін менің бар елім,
Алып жатыр жарты дүние әлемін.
Әсем әнмен жеткізеді баласы,
Туған жерге деген ыстық сәлемін.
Ербұлан: Ортаға «Қазақ елі» әнімен Мұратова Асемгүл мен Есбосын Альбинаны шақырамыз! 3
Айгүл: Мектебім айтар әнім,
Сан рет қайталадым.
Өзіңнен алғанымды,
Өзіңе қайтарамын.
Ән «Мектебім» орындайтын Барсаева Айдана мен Мырзағали Сандуғаш қабыл алыңыздар!
Аида: Ербұлан сен бақыт дегенді қалай түсінесін?
Ербұлан: Менімше, бақыт деген ол ең 1- ші қалтаңда ақша көөөөөп болса, талтандап достарыммен бірге мегада қыдырып, қыздарды көзбен сындырыыыыып, Ланд грузерге мінііііііііііп аллллыыыыыып…
Аида: Ербұлан сен қиялдап кеттін гой тіптен. Меніңше бақыт деген (2 рет) ол әрине біздің Бақыт. Ендеше ортамызға Бақыт және Аяжанды «Елім-ай» әнімен ортаға шақырамыз!
Ербұлан: Аида апай , сізді анаңыз қалай еркелетеді ?
Аида: Айым, жаным, ботам бірақ ең көп қайталайтыны күнім.
Айгүл: Ендеше ортаға Сүндет Жансерік пен Умбетиярова Гаухарды «Күнім» әнімен ортаға шақырамыз!
Ербұлан: Аида апай, сізге біреу әдемісіз деп айтып көрді ме?
Аида: Я , оны неге сұрадың ?
Ербұлан: Қазір шығатын жұп осы залда отырған адамдарға өздерінің «Әдемі-ай» әнімен тербетеді
Айгүл: Ендеше ортаға Сарсенова Құралай апайымызды оқушысы Зинирамен қошеметпен ортаға шақырайық.
Айгүл: Көңіл күйін әнменен тазарады
Талай сазгер әнмен күй жазар әлі.
Тербетіп арманымның ақ кемесін,
Тағы да әлдилеші қазақ әні. Біздің соңғы үміткерлеріміз Джанибекова Света және Исатаева Салтанат
Ән « Қазақ елі осындай » қолдап отырыңыздар!
Аигүл: Міне осымен жобанын 1 ші бөлімі өз мәресіне жетті. Келесі 2 ші бөлімді сіздердің қошеметтерінізбен бастаймыз!
Аида: Ербұлан білесін бе менің көңіл күйім өте тамаша, осындай кезде бір билеп жібергенде ғой, шіркін!!!
Ербұлан: Аида апай олай болса не тұрыс, билесек билейік қанекей!
Айгүл: Алдарынызда 2 ші бөлімді алғашқы болып ашатын Абдирзакова Альбина мен Бегалы Жұмәділбек «попури» биімен.
Ербұлан: «Сағынғанда ақ маржан»
Аида: Ербұлан сенін ақ әзілін таусылмадау.
Ербұлан: Аида апай о недегенініз. Біздің келесі жұп мен сияқты өнер жұлдыздарына пародия салмақшы.
Аида: олай болса көрмедік пе! Алдарынызда Жантуреева Гүлнұр және Сарбасаова Райхан.
Айгүл: Дәлелі сен балбыраған шақтардың 4
Дәмелімін соны айтуға шақ қалдым
Әсемгүл мен Альбинаны мен бүгін
Үндістаннан кеп қалдыма деп қалдым
Ербұлан: Үнді биі «Хаттуба» алдарынызда Мұратова Әсемгүл және Есбосын Альбина.
Аида: Келесі біздің сайыскерлер тағы да өнер жұлдыздарына пародия салмақшы! Қабыл алыныздар ортада Барсаева Айдана және Мырзағали Сандуғаш.
Айгүл: Көңілдері жараса
Гүл жайнатқан өмірді
Орыс биі тамаша
Орыс биі көңілді
Алдарынызда Адильмуканова Маргарита және Құрбанбаева Малика
Аида: ендігі кезекті тағыда пародияға бермекшіміз. Сахна төріне әдемі әзілімен Үмбетиярова Гаухар және Сүндет Жансерікті шақырамыз
Айгүл: Биле сен қалықтап аспанымда
Жарық күн нұр құйсынн жас жанына
Бұл вальс билессен ырғала кет
Сезімнін қол созып асқарына
Ербұлан: Бексұлтанова Бақыт және Губайдуллина Аяжанды шақырамыз!
Ербұлан: Пародия – ол күлкі, ол әзіл, ол шындық!
Аида: келесі біздің жұбымыз Сәрсенова Құралай және Қазмұхамбет Зининра
Айгүл: Ғажайып әні бар
Тулаған қаны бар
Сығандар биінің
Өзіндік мәні бар
Аида: Сахна төріне сыған биімен Джанибекова Света және Исатаева Салтанатты шақырамыз!
Айгүл: Сонымен бүгінгі «Саз әлемі» атты жас мамандар арасында өткізіліп отырған жобамыз өз мәресіне жетті!
Ербұлан: Бақ шабама, бап шабама? Бұған жауапты әділ қазылардан күтетін боламыз!
Аида: Әділ қазылар алқасы кенесіп, өз шешеімдерін шығару үшін үлкен қошеметпен шығарып салайық!
Би: «Ковбой» орныдайтын «Нарцисса» бишілер тобы.
«Саз әлемі»
№ |
Қатысушылардың аты-жөні |
Орындайтын номер
|
І тур |
ІІ тур |
Қоры тын ды |
І |
Абдиризакова Альбина Бегалы Жұмаәділбек | 1. «Ақ жайнақ» | |||
2. Би попури | |||||
ІІ |
Муратова АсемгульЕсбосын Альбина | 1. «Қазақ елі» | |||
2. Үнді биі «Хатуба» | |||||
ІІІ |
Адильмуканова МаргаритаҚұрбанбаева Малика | 1. «Аяулы ана» | |||
2. Орыс биі | |||||
ІY |
Жантуреева ГүлнұрСарбасова Райхан | 1. «Атамекен» | |||
2. Пародия | |||||
Y |
Джанибекова СветаИсатаева Салтанат
|
1. «Қазақ елі осындай» | |||
2. Сыған биі «Цыганочка» | |||||
YI |
Барсаева АйданаМырзағали Сандуғаш
|
1. «Мектебім» | |||
2. Пародия | |||||
YII |
Бексұлтанова БақытГубайдуллина Аяжан
|
1. «Елім-ай» | |||
2. Вальс | |||||
YIII |
Умбетиярова ГаухарСүндет Жансерік
|
1. «Күнім» | |||
2. Пародия | |||||
IX |
Сарсенова ҚұралайКазмуханбет Зинира
|
1. «Әдемі-ай» | |||
2. Пародия |
Әділқазының аты-жөні: